Қолдану көрсеткіштері
Сезімтал микроорганизмдер туындатқан инфекциялық-қабыну ауруларын емдеуде:
- Enterococcus faecalis, Escherichia coli, Klebsiella pneumoniae, Proteus mirabilis, Pseudomonas aeruginosa, Staphylococcus epidermidis, Staphylococcus saprophyticus, Citrobacter freundii, Enterobacter aerogenes, Enterobacter cloacae, Proteus vulgaris, Staphylococcus aureus немесе Streptococcus agalactiae тудырған несеп шығару жолдарының асқынбаған инфекциялары (циститті қоса)
- Enterococcus faecalis, Escherichia coli, Klebsiella pneumoniae, Proteus mirabilis, Pseudomonas aeruginosa немесе Serratia marcescens тудырған несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары
- жыныс мүшелерінің инфекциялары (Neisseria gonorrhoeae туындатқан асқынбаған гонококктық уретрит және цервицит) - Escherichia coli туындатқан простатит
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- норфлоксацинге және фторхинолон тобының басқа препараттарына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- глюкоза-6-фосфат дегидрогеназа тапшылығы
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
- норфлоксацинді немесе хинолондар тобының қандай да бір өзге препаратын қолданумен байланысты анамнездегі тендинит, сіңірлердің үзілуі
- жүктілік және лактация кезеңі
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер