Қолдану көрсеткіштері
- ингаляциялық кортикостероидтар қабылдаумен жеткіліксіз бақыланатын ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі персистирлейтін демікпесі бар 15 жастан асқан пациенттерде, сондай-ақ «қажет болғанда» қолданылатын қысқа әсер ететін бета-агонистер демікпенің жеткілікті клиникалық бақылануын қамтамасыз етпейтін науқастарда бронх демікпесінің негізгі еміне толықтыру ретінде.
- басты компоненті дене жүктемесімен көтермеленген бронх түйілуі болатын 15 жастан асқан пациенттердегі демікпе профилактикасында.
- бронх демікпесі бар пациенттерде аллергиялық ринитті емдеуде