Қолдану көрсеткіштері
Омнипак™ препараты тек диагностикалық мақсаттарға арналған.
Балалар мен ересектерде мыналарды жүргізу үшін пайдалануға арналған рентгенконтрастылық заттар:
- ангиографияны, урографияны, миелографияны, КТ-дегі күшеюлерді және асқазан-ішек жолының зерттеулерін
Тек ересектерде ғана мыналарды жүргізу үшін:
- флебографияны, омыртқа бағанының бел бөлігінің, кеуде қуысының және мойын бөлігінің миелографиясын және субарахноидальді түрде енгізгенде базальді цистерналардың компьютерлік томографиясын
- артрографияны, эндоскопиялық ретроградты панкреатографияны (ЭРПГ), эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатографияны (ЭРХПГ), герниографияны, гистеросальпингографияны, сиалографияны