daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Omnipac Бөтелкесі 350 Мг/мл 200 Мл №10 | ДжиИ Хэлскеа АС

Алматы қаласындағы Omnipac Бөтелкесі 350 Мг/мл 200 Мл №10 | ДжиИ Хэлскеа АС

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш ерітінді, көзге көрінетін механикалық қоспалары жоқ Шығарылу түрі және қаптамасы 300 мг йод/мл доза үшін. Резеңке тығынмен тығындалған және бұралатын полипропиленді қақпақпен жабдықталған, төменгі жағынан бірінші ашылуды бақылауды қамтамасыз ететін сақинамен және үстіңгі жағынан тығыздағышты жұлып алуға арналған сақинамен жабдықталған немесе пластикалық қақпақпен жабылған, PPM R021 полипропиленнен 50 мл препараттан құйылған. Құтыларға төменгі бөлігін құтыны ілу үшін пайдаланатын заттаңба жапсырылған. 10 полипропиленді құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған 350 мг йод/мл доза үшін Резеңке тығынмен тығындалған және бұралатын полипропиленді қақпақпен жабдықталған, төменгі жағынан бірінші ашылуды бақылауды қамтамасыз ететін сақинамен және үстіңгі жағынан тығыздағышты жұлып алуға арналған сақинамен жабдықталған немесе пластикалық қақпақпен жабылған, PPM R021 полипропиленнен 50, 100, 200 немесе 500 мл препараттан құйылған. Құтыларға төменгі бөлігін құтыны ілу үшін пайдаланатын заттаңба жапсырылған. Сыйымдылығы 50, 100, 200 немесе 500 мл 10 полипропиленді құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Халықаралық атауы:

Йогексол

Өндіруші:

ДжиИ Хэлскеа АС

Өндіруші ел:

Ирландия

Белсенді ингредиент:

Құрамында йоды бар барлық контрастылы заттар қалқанша без функциясының талдау нәтижесіне ықпалын тигізуі мүмкін, және темірдің йод байланыстырғыш қабілеті бірнеше аптаның ішінде төмендеуі мүмкін. Қан сарысуы мен несептегі контрастылы заттардың жоғары концентрациясы билирубинді, ақуыздарды немесе органикалық емес заттарды (мысалы, темір, мыс, кальций мен фосфаттарды) зертханалық талдаулар нәтижелеріне әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан зерттелетін күні мұндай заттарға талдау жүргізуге болмайды. Бета-адреноблокаторлар тыныс алудың қиындау қаупін арттыруы және ауыр аллергиялық реакцияларды емдеуге кедергі келтіруі мүмкін.

Белсенді заттың дозасы:

350 мг йода/мл 200 мл

Дәрілік түрі:

Инъекцияға арналған ерітінді 300 мг йод/мл, 350 мг йод/мл

Қаптамадағы саны:

10 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Омнипак™ препараты тек диагностикалық мақсаттарға арналған.

Балалар мен ересектерде мыналарды жүргізу үшін пайдалануға арналған рентгенконтрастылық заттар:

- ангиографияны, урографияны, миелографияны, КТ-дегі күшеюлерді және асқазан-ішек жолының зерттеулерін

Тек ересектерде ғана мыналарды жүргізу үшін:

- флебографияны, омыртқа бағанының бел бөлігінің, кеуде қуысының және мойын бөлігінің миелографиясын және субарахноидальді түрде енгізгенде базальді цистерналардың компьютерлік томографиясын

- артрографияны, эндоскопиялық ретроградты панкреатографияны (ЭРПГ), эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатографияны (ЭРХПГ), герниографияны, гистеросальпингографияны, сиалографияны

Қарсы көрсеткіштер

-белсенді компонентіне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

-айқын тиреотоксикоз

-анамнезінде Омнипак™ препаратына күрделі аса жоғары сезімталдық реакцияларының болуы

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Құрамында йоды бар контрастылы заттарға аллергия, демікпе немесе жағымсыз реакциялар бар болғанда ерекше сақтық керек. Сондықтан Рентгенконтрастылық заттарды қолданудың кез келген тәсілінде ауру тарихын нақты зерттеу қажет, аллергиялық диатезі бар немесе аса жоғары сезімталдық реакциясының бар екендігі белгілі науқастарда препаратты үлкен сақтықпен тағайындайды. Жақпаушылық қаупі жоғары болатын пациенттер үшін кортикостероидтармен немесе Н1 және Н2 гистамин антагонистерімен премедикация жүргізуге болады, дегенмен, олар анафилаксиялық шоктың алдын ала алмайды, бірақ алғашқы клиникалық белгілерді ғана бүркемелейді. Бронх демікпесі бар пациенттерде әсіресе бронхтың түйілу қаупі ұлғаяды.

Омнипак™ препаратын қолданған кезде күрделі реакциялардың даму қаупі аз деп есептеледі. Алайда құрамында йоды бар рентгенконтрастылық заттар күрделі, өмірге қауіпті, өлімге соқтыратын анафилаксиялық/анафилактоидтық реакцияларды немесе аса жоғары сезімталдықтың басқа да көріністерін туындатуы мүмкін. Дәрілердің мөлшеріне және қолдану тәсіліне қарамай-ақ, ангионевроздық ісіну, конъюнктивит, жөтел, қышыну, мұрынның бітелуі, түшкіру және есекжем сияқты симптомдар шұғыл емдеуді қажет ететін күрделі анафилактоидтық реакциялардың туындағанын көрсетуі мүмкін.

Сондықтан күрделі реакциялар жағдайында олардың пайда болуы жағдайына әрекеттің ретін алдын ала ойластыру және шұғыл ем жүргізу үшін қолда қажетті препараттар, құрал-жабдықтар дайын болуы керек және бұған кәсіби медицина қызметкерін тартқан жөн. Шок жағдайы дамыған жағдайда рентгенконтрастылық заттарды енгізу дереу тоқтатылуы тиіс және – қажет болғанда – бұл арнайы препараттарды вена ішіне енгізуге түрткі болады. Рентгенографияның бүкіл емшарасы барысында вена ішіне жылдам енгізуді қамтамасыз ету үшін әрқашан канюля немесе катетер орнату ұсынылады.

Бета-блокаторларды пайдаланып жүрген пациенттерде йогекселді қолданған кезде анафилаксияның көрініс беруі өзіне тән болмауы және вагустық реакциялар ретінде қате қабылдануы мүмкін.

Әдеттегідей, аса жоғары сезімталдық реакциялары тыныс алудың орташа тарылуы, терінің қызаруы (эритема), есекжем, қышыну немесе беттің ісінуі сияқты аздаған респираторлық немесе тері симптомдары түрінде көрініс береді. Ангионевроздық ісіну, дауыс шымылдығы қуысы астындағы шырышты қабықтың ісінуі, бронхтың түйілуі және шок сияқты ауыр реакциялар сирек кездеседі.

Бұл реакциялар әдетте Рентгенконтрастылық заттарды қолданғаннан кейін алғашқы бір сағат ішінде дамиды. Сирек жағдайларда аса жоғары сезімталдық реакциялары кідіріп (бірнеше сағаттан немесе күннен кейін) пайда болуы мүмкін, бірақ оның өмір үшін қауіптілігі сирек болады және, негізінен, тері жабындарына тиесілі болады.

Коагулопатия

Қантамыр ішіне катетер орналастырғанда рентгенконтрастылық заттармен қатар, басқа да көптеген факторлар да тромбоэмболияның дамуына ықпалын тигізуі мүмкін екендігін ескерген жөн.

Оларға: емдеу ұзақтығы, инъекциялар саны, катетер түрі және шприцтің материалы, қатар жүретін аурулар және қатар қолданылатын дәрілік препараттар жатады. Иондық және иондық емес контрастты заттармен ангиокардиографиялық процедуралар кезінде миокард инфарктісі мен инсультті тудыратын ауыр, сирек өлімге әкелетін, тромбоэмболиялық жағдайлар туралы хабарланды. Қантамыр ішіне катетер орналастырғанда ангиография әдістемесін мұқият сақтау керек және ем-шарадан туындаған тромбоэмболия қаупін барынша ең төменге азайту үшін катетерді (мысалы, гепарині бар физиологиялық ерітіндімен) жиі жуу қажет.

Емдеу ұзақтығы, мүмкіндігінше, қысқалау болуы тиіс.

Гомоцистинуриясы бар пациенттерде сақтық танытқан жөн (тромбоэмболия қаупі бар). Иондық заттарға қарағанда, иондық емес контрастылы заттар қан ұю жүйесіне in vitro әлсіздеу әсер етеді.

Су теңгерімі

Контрастылы заттарды енгізуге дейін және енгізуден кейін су жүктемесімен жеткілікті қатамасыз ету керек. Қажет болған жағдайда, науқаста рентгенконтрастылық заттарды организмнен толық шығарғанға дейін вена ішіне инфузия жасау арқылы электролиттік-су теңгерімін қалпына келтіреді.

Бұл әсіресе диспротеинемиясы мен парапротеинемиясы, көптеген миеломасы, қант диабеті, бүйрек функциясының бұзылуы бар науқастарға, сондай-ақ емшектегі және кішкентай балалар мен егде науқастарға қатысты.

Су және электролиттік теңгерімнің бұзылуына бейім науқастарда сарысулық кальций деңгейінің ықтимал төмендеуін бақылау қажет.

Диуретиктерді қабылдағанда, ең алдымен, бүйрек функциясының жедел зақымдануының даму қаупінің салдарынан, су және электролиттік теңгерімді бақылаған жөн.

Қан айналымы жүйесінің реакциялары

Жүректің күрделі аурулары және өкпелік гипертензиясы бар науқастарға қатысты сақтық танытқан жөн, өйткені оларда гемодинамиканың бұзылулары немесе аритмия пайда болуы мүмкін.

Бұл әсіресе рентгенконтрастылық заттарды коронарлы енгізу жағдайында қолданылуға келеді.

Жүрек функциясының жеткіліксіздігі, жүректің ауыр коронарлық ауруы, стенокардиясы, клапандар кемістігі бар науқастар, сондай-ақ миокард инфарктісін, коронарлық шунттауды және өкпелік гипертензияны бастан кешкен науқастар жүрек-қантамыр реакцияларына аса бейім болады.

Егде жастағы науқастарда және анамнезінде жүрек аурулары бар науқастарда ЭКГ-де ишемиялық өзгерулер және аритмиялар жиі кездеседі.

Жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар науқастарда рентгенконтрастылық заттармен интравазальді инъекция өкпенің ісінуін туындатуы мүмкін.

ОЖЖ тарапынан бұзылулар

Йогексолды қолданған кезде транзиторлы энцефалопатия туралы хабарланған (4.8 бөлімін қараңыз) Транзиторлық индукцияланған энцефалопатия бас ауруы, көру қабілетінің нашарлауы, кортикальды соқырлық, сананың шатасуы, ұстамалар, үйлестіру қабілетінің төмендеуі, гемипарез, афазия, жоғалту сияқты неврологиялық дисфункцияның белгілері мен белгілері болуы мүмкін. сана, кома және церебральды ісіну.

Симптомдар әдетте йогексол қабылдағаннан кейін бірнеше минуттан немесе бірнеше сағаттан кейін пайда болады және әдетте бірнеше күн ішінде өтеді.Гематоэнцефалитикалық тосқауылының өткізгіштігін жоғарылататын факторлар контрастты заттың ми тініне өтуін жеңілдетеді және энцефалопатия сияқты ОЖЖ реакцияларына әкелуі мүмкін. Мидың өткір инфарктісі немесе өткір интракраниальды қан кетуі бар науқастарда, сондай-ақ ми тосқауылының бұзылуын тудыратын, церебральды ісіну, жедел демиелинация немесе мидың прогрессивті атеросклерозымен ауыратын науқастарда тамыр ішілік қолдану кезінде сақ болу ұсынылады. Егер контрастты энцефалопатияға күдік болса, тиісті медициналық емдеуді бастау керек және йогексолды қайта тағайындауға болмайды.. Метастаздардан, дегенеративті немесе қабыну үрдістерінен туындаған неврологиялық симптомдар рентгенконтрастылық заттарды қолданған кезде күшеюі мүмкін. Ми қан айналымының бұзылу симптомдары бар, инсультті немесе жиі транзиторлық ишемиялық шабуылдарды бастан кешкен пациенттерде рентгенконтрастылық заттармен артерия ішіне инъекция жасағаннан кейін неврологиялық асқынулардың жоғары қаупі бар.

Жедел ишемиялық инсульті немесе жедел бассүйекішілік қан кетулері бар немесе жиі өтпелі ишемиялық шабуылдар, неврологиялық асқыну қаупі науқастарда, қантамыр ішіне енгізуді сақтықпен жүргізген жөн. Рентгенконтрастылық заттарды артерия ішіне енгізу қантамырларды тарылтып, кейіннен мидың ишемиясын туындатуы мүмкін. Жедел церебральді патологиясы, ісіктері немесе анамнезінде эпилепсиясы бар пациенттер құрысуларға бейім және айрықша назар аударуды қажет етеді. Маскүнемдікпен және нашақорлықпен ауыратын науқастарда неврологиялық реакциялардың даму қаупі жоғарылайды. Бірнеше пациенттерде миелографиядан кейін, болжам бойынша, люмбальді пункцияда жұлын сұйықтығы қысымының төмендеуі нәтижесінде туындайтын уақытша естімей қалу және тіпті кереңдік байқалған.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Дозалау тексерудің түріне және әдісіне, науқастың жасына, дене салмағына, жүректегі лықсудың көлеміне және жалпы жай-күйіне байланысты. Әдетте ерітіндінің шамамен құрамында йоды бар қазіргі заманғы басқа да рентген контрастылы заттарды қолданғандағыдай концентрациясы мен көлемі пайдаланылады. Басқа да контрастылы заттардың жағдайындағыдай, инъекцияға дейін және одан кейін науқасты жеткілікті су жүктемесімен қамтамасыз ету қажет. Төменде келтірілген дозалар бағдар ретінде қарастырылуы мүмкін.

Вена ішіне қолдануға арналған ұсыныстар

Артерия ішіне қолдану жөнінде ұсыныстар

Интратекальді қолдану жөніндегі ұсыныстар

Ықтимал жағымсыз реакцияларды азайту үшін жалпы доза 3 г-ден аспауы тиіс.

Қуыс ішіне енгізуге арналған ұсыныстар

Енгізу әдісі мен жолы

Препарат вена ішіне, артериялық және интратекальді енгізуге және дене қуысына енгізуге арналған.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Артық дозаланған жағдайда су және электролиттік теңгерімнің кез келген бұзылуын түзету қажет. Бүйрек функциясын келесі 3 күн ішінде бақылау қажет. Контрастылы заттың артығын шығару қажет болғанда гемодиализді қолдануға болады. Спецификалық антидоты жоқ.

Шығарылу түрі

300 мг йод/мл доза үшін.

Резеңке тығынмен тығындалған және бұралатын полипропиленді қақпақпен жабдықталған, төменгі жағынан бірінші ашылуды бақылауды қамтамасыз ететін сақинамен және үстіңгі жағынан тығыздағышты жұлып алуға арналған сақинамен жабдықталған немесе пластикалық қақпақпен жабылған, PPM R021 полипропиленнен 50 мл препараттан құйылған. Құтыларға төменгі бөлігін құтыны ілу үшін пайдаланатын заттаңба жапсырылған. 10 полипропиленді құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған

350 мг йод/мл доза үшін

Резеңке тығынмен тығындалған және бұралатын полипропиленді қақпақпен жабдықталған, төменгі жағынан бірінші ашылуды бақылауды қамтамасыз ететін сақинамен және үстіңгі жағынан тығыздағышты жұлып алуға арналған сақинамен жабдықталған немесе пластикалық қақпақпен жабылған, PPM R021 полипропиленнен 50, 100, 200 немесе 500 мл препараттан құйылған.

Құтыларға төменгі бөлігін құтыны ілу үшін пайдаланатын заттаңба жапсырылған. Сыйымдылығы 50, 100, 200 немесе 500 мл 10 полипропиленді құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада, жарықтан және екіншілік рентген сәулесінен қорғалған жерде сақтау керек, қолданар алдында 1 ай бойы 37 °C температурада сақтауға рұқсат етіледі. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада, жарықтан және екіншілік рентген сәулесінен қорғалған жерде сақтау керек, қолданар алдында 1 ай бойы 37 °C температурада сақтауға рұқсат етіледі. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

200 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыOmnipac бөтелкесі 350 мг/мл 200 мл №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube