Қолдану көрсеткіштері
цитоуытты химиялық немесе сәулемен емдеуден туындаған жүрек айнуы мен құсуда
операциядан кейінгі жүрек айнуы мен құсудың профилактикасы және емдеу үшін
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
әсер етуші затқа және серотониннің 5НТ3-рецепторларының басқа селективті антагонистеріне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
ондансетронды апоморфинмен бір мезгілде қолдану
құрсақ қуысына жасалатын хирургиялық операциялар
бауыр функциясының айқын жеткіліксіздігі
фенилкетонуриясы бар пациенттерге қолдануға болмайды
жүктілік және бала емізу кезеңі
4 жасқа дейінгі балаларға химиялық және сәулемен емдеу кезінде
2 жасқа дейінгі балаларға анестезия кезінде
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Анамнезінде 5HT3-рецепторлардың басқа селективті антагонистеріне жоғары сезімталдығы бар пациенттерде ондансетронға аса жоғары сезімталдық реакциялары байқалған.
Респираторлық бұзылулар дер кезінде симптоматикалық емделуі тиіс, олар аса жоғары сезімталдық реакцияларының хабаршылары болып табылатындықтан, ондай бұзылуларға дәрігерлер ерекше көңіл бөлуі тиіс.
Ондансетрон алған пациенттерде миокард ишемиясы жағдайлары туралы хабарламалар бар. Кейбір пациенттерде, әсіресе вена ішіне енгізген жағдайда, симптомдар ондансетрон енгізілгеннен кейін бірден пайда болды. Пациенттерге миокард ишемиясының белгілері мен симптомдары туралы ескертілген болуы тиіс.
Ондансетрон QT аралығының дозаға тәуелді ұзаруын туындатады. Бұдан басқа, тіркеуден кейінгі бақылау кезеңінде ондансетрон алатын пациенттер арасында «пируэт» типті қарыншалық тахикардия жағдайлары жөнінде хабарламалар түскен.
Ондансетрон енгізер алдында гипокалиемия мен гипомагниемияны түзету қажет.
Ондансетрон мен басқа серотонинергиялық препараттарды біріктіріп қолданғанда серотониндік синдромның даму қаупінің артуы анықталған. Егер ондансетронды басқа серотонинергиялық дәрілік препараттармен біріктіріп қолдану клиникалық тұрғыда негізделген болса, пациенттің жай-күйін жүйелі бақылаумен қамтамасыз ету қажет.
Ондансетрон тоқ ішек бойымен ішіндегісінің өту уақытын ұзартатындықтан, жеделге жуық ішек бітелісі симптомдары бар пациенттерде ондансетрон қолданған жағдайда ұдайы бақылау қажет.
Бадамша безге операциялар жасалғанда ондансетрон көмегімен жүрек айну мен құсуды болдырмау жасырын қан кетуді бүркемелеуі мүмкін. Сондықтан, ондай пациенттерді ондансетрон енгізілген соң мұқият бақылау керек.
Гепатоуытты химиотерапия препараттарымен ондансетрон алатын балалар бауыр функциясының бұзылуын анықтау тұрғысынан мұқият қадағалауда болуы тиіс.
Препараттың құрамында қосымша зат ретінде әр ампулада 18,0 мг натрий хлориді және 0,5 мг натрий цитраты бар. Сондықтан тұзсыз диета ұстанатын адамдарға тағайындағанда сақ болу керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Ондансетронның әдетте өзімен бір мезгілде тағайындалатын басқа препараттар метаболизмін индукциялауы немесе тежеуі туралы деректер жоқ. Ондансетрон фармакокинетикалық тұрғыда этанол, темазепам, фуросемид, алфетанил, трамадол, морфин, лидокаин, тиопентал немесе пропофолмен өзара әрекеттеспейді.