daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Полиоксидоний Бөтелкелері 3 Мг №5 | Петровакс Фарм ООО НПО

Алматы қаласындағы Полиоксидоний Бөтелкелері 3 Мг №5 | Петровакс Фарм ООО НПО

Өндіруші:

Петровакс Фарм ООО НПО

Өндіруші ел:

Российская Федерация

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: маннитол, повидон.

Белсенді заттың дозасы:

3 мг

Дәрілік түрі:

Вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге және жергілікті қолдану үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 3 немесе 6 мг

Қаптамадағы саны:

5 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат – азоксимер бромиді 3 немесе 6 мг,

қосымша заттар: маннитол, повидон.

Қолдану көрсеткіштері

Инфекциялық-қабыну ауруларын (вирустық, бактериялық және зеңдік этиологиядағы) емдеу және олардың профилактикасы үшін ересектер мен 6 айдан бастап балаларға асқыну және ремиссия сатысында қолданылады.

Ересектерді емдеу үшін (кешенді емде):

вирустық, бактериялық және зеңдік этиологиядағы әр жерде орналасқан асқыну сатысындағы жедел және созылмалы қайталанатын инфекциялық-қабыну аурулары;

ЛОР-ағзалардың, жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының жедел вирустық, бактериялық инфекциялары, гинекологиялық және урологиялық аурулар;

созылмалы қайталанатын бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциямен асқынған жедел және созылмалы аллергиялық аурулар (оның ішінде поллиноз, бронх демікпесі, атопиялық дерматит);

дәрілік препараттардың иммуносупрессиялық, нефро- және гепатоуытты әсерін төмендету үшін қатерлі ісіктерде, химия және сәулемен емдеу кезінде және одан кейінгі кезеңде;

хирургиялық инъекциялардың жайылған түрлері;

регенерациялық үдерістерді (сыну, күю, трофикалық ойық жараларда) белсендіру үшін;

иммунодепрессанттарды ұзақ қолдану аясында бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциямен асқынған ревматоидты артрит;

өкпе туберкулезі;

6 айдан асқан балаларды емдеу үшін (кешенді емде):

бактериялық, вирустық және зеңдік инфекция қоздырғыштары туындатқан кез келген жерде орналасқан жедел және созылмалы қабыну ауруларының (оның ішінде ЛOP-ағзалары – синусит, ринит, аденоидит, жұтқыншақ бадамша бездерінің гипертрофиясы, ЖРВИ) асқынуы;

бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциямен асқынған жедел аллергиялық және уытты-аллергиялық жағдайлар;

респираторлық жолдың созылмалы инфекцияларымен асқынған бронх демікпесі;

іріңді инфекциямен асқынған атопиялық дерматит;

ішек дисбактериозы (спецификалық еммен біріктіріп).

6 айдан асқан балалар мен ересектердің профилактикасы үшін (монотерапия):

тұмау және ЖРВИ;

операциядан кейінгі инфекциялық асқынулар.

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

жүктілік, емшек емізу кезеңі (қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ);

6 айға дейінгі балалар (қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі);

жедел бүйрек жеткіліксіздігі.

Сақтықпен:

созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (аптасына 2 реттен жиі қолданбайды).

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Оның сыртқы белгілерінде жарамсыздық (қаптама ақауы, ұнтақ түсінің өзгеруі) табылса препаратты пайдаланбаңыз.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Азоксимер бромиді CYP1A2, CYP2С9, CYP2С19, CYP2D6, Р-450 цитохромы изоферменттерін тежемейді, сондықтан препарат көптеген дәрілік заттармен, оның ішінде антибиотиктермен, вирусқа қарсы, зеңге қарсы және антигистаминді препараттармен, глюкокортикостероидтармен және цитостатиктермен үйлесімді.

Егер Сіз жоғарыда аталған немесе басқа дәрілік препараттарды қабылдап жүрсеңіз (оның ішінде рецептісіз), Полиоксидонийді қабылдаудан бұрын дәрігермен кеңесіңіз.

Арнайы сақтандырулар

Препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық кезінде аллергиялық реакция дамығанда Полиоксидоний препаратын қолдануды тоқтату және дәрігерге қаралу керек.

Полиоксидоний® препаратын қолдануды тоқтату қажеттілігінде бірден, дозаны біртіндеп азайтпастан тоқтатуға болады.

Инъекция орны ауырсынғанда, препаратты науқаста прокаинге (новокаин) жоғары жеке сезімталдығы болмаған жағдайда ғана1 мл 0,5 % прокаин (новокаин) ерітіндісінде ерітеді. Вена ішіне (тамшылатып) енгізгенде құрамында ақуыз бар инфузиялық ерітінділерде ерітпеген жөн.

Педиатрияда қолданылуы

Полиоксидонийді® 6 айдан бастап балаларға пайдалануға болады. 6 айға дейінгі балаларда Полиоксидоний® пайдаланылмауы тиіс.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Полиоксидоний® препараты жүкті және емшек емізіп жүрген әйелдерге қолдануға қарсы көрсетілген (қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ).

Препараттың көлік құралдарын немесе аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері.

Полиоксидоний® препаратын қолдану аса зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін қызметтің аса қауіпті түрлерін (оның ішінде көлік құралдарын басқару, қозғалмалы механизмдермен жұмыс істеу) орындау қабілетіне ықпал етпейді.

Сақтық шаралары

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Ересектердегі қолдану тәсілі және дозасы

Полиоксидоний® препаратын қолдану тәсілдері: парентеральді, интраназальді.

Қолдану тәсілдері, дозалау режимі, емнің келесі курстарын жүргізу қажеттілігі мен жиілігі аурудың күрделілігіне және науқастың жасына байланысты дәрігер таңдайды.

Парентеральді енгізу үшін ерітіндіні дайындау (бұлшықет ішіне және вена ішіне):

Бұлшықет ішіне енгізу үшін 3 мг Полиоксидоний® препаратын 1 мл ( 6 мг дозаны 2 мл-де) инъекцияға арналған суда немесе 0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісінде ерітеді. Еріткішті енгізгеннен кейін препаратты ісіну үшін 2-3 минутқа қалдырады, сосын сілкімей, айналдырып араластырады.

Вена ішіне тамшылатып енгізу үшін Полиоксидоний® препаратын 2 мл стерильді 0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісінде ерітеді. Еріткішті енгізгеннен кейін препараттыісіну үшін 2-3 минутқа қалдырады, сосын сілкімей, айналдырып араластырады. Пациент үшін есептелген дозаны стерильді түрде 0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісі тұрған құты/пакетке ауыстырады.

Парентеральді енгізу үшін дайындалған ерітіндіні сақтауға болмайды.

Интраназальді қолдану үшін ерітінді дайындау:

ересектер үшін 6 мг дозаны 1,0 мл (20 тамшы) дистилденген суда, 0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісінемесе бөлме температурасындағы қайнаған суда ерітеді.

Интраназальді және сублингвальді қолдану үшін дайындалған ерітіндіні өндіруші қаптамасында бөлме температурасында 48 сағатқа дейін сақтауға болады.

Ересектердегі ұсынылатын емдеу сызбалары:

Парентеральді (бұлшықет ішіне немесе вена ішіне): препаратты ересектерге диагнозға және ауру күрделілігіне байланысты күнделікті тәулігіне 1 рет, күнара немесе аптасына 1-2 рет 6-12 мг тағайындайды.

ЛОР-ағзалардың, жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының жедел вирустық және бактериялық инфекцияларында, гинекологиялық және урологиялық ауруларда: 3 күн бойы күнделікті 6 мг, әрі қарай 10 инъекция курсымен күнара.

Вирустық, бактериялық және зеңдік этиологиядағы әр жерде орналасқан созылмалы қайталанатын инфекциялық-қабыну ауруларында, асқыну сатысында: 6 мг күнара 5 инъекция, әрі қарай 10 инъекция курсымен аптасына 2 рет.

Бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциямен асқынған жедел және созылмалы аллергиялық ауруларда (оның ішінде поллиноз, бронх демікпесі, атопиялық дерматит): 6-12 мг, курсы 5 инъекция.

Иммунодепрессанттарды ұзақ қолдану аясында бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциямен асқынған ревматоидты артритте: күнара 6 мг 5 инъекция, әрі қарай 10 инъекция курсымен аптасына 2 рет.

Хирургиялық инъекциялардың жайылған түрлерінде: 3 күн бойы күнделікті 6 мг, әрі қарай 10 инъекция курсымен күнара.

Регенерациялық үдерістерді (сыну, күю, трофикалық ойық жараларда) белсендіру үшін: 3күн бойы 6 мг, сосын 10 инъекция курсымен күнара.

Операциядан кейінгі инфекциялық асқынулардың профилактикасы үшін: 6 мг күнара 5 инъекция.

Өкпе туберкулезінде: аптасына 2 рет 6 мг 20 инъекция курсымен.

Онкологиялық науқастарда:

- химиотерапиялық дәрілердің иммунодепрессивті, гепато- және нефроуытты әсерлерін төмендету үшін химиотерапияға дейін және соның аясында 6 мг күнара 10 инъекция курсымен; әрі қарай енгізу жиілігін химия және сәулемен емдеудің жағымдылығына және ұзақтығына байланысты дәрігер анықтайды;

- ісіктің иммунодепрессивті ықпалының профилактикасы үшін, химия және сәулемен емдеуден кейін иммунитет тапшылығын түзету үшін, ісікті хирургиялық алып тастаудан кейін Полиоксидоний® препаратын аптасына 1-2 рет 6 мг-нан ұзақ уақыт (2-3 айдан 1 жылға дейін) қолдану көрсетілген. Ұзақ курс тағайындалғанда жинақталу әсері, уыттылығы және дағдылану байқалмады.

Интраназальді түрде тәулігіне 6 мг тағайындалады (10 тәулік бойы тәулігіне 3 рет әрбір мұрын жолына 3 тамшыдан):

- ЛОР-ағзалардың жедел және созылмалы инфекцияларының асқынуын емдеу үшін;

- шырышты қабықтың регенерациялық үдерістерін күшейту үшін;

- созылмалы аурулардың асқынуының және қайталануының профилактикасы үшін;

- тұмау және ЖРВИ профилактикасы үшін.

Балалар үшін қолдану тәсілі және дозалары

Полиоксидоний® препаратын қолдану тәсілдері: парентеральді, интраназальді және сублингвальді. Қолдану тәсілдерін аурудың күрделілігіне және науқастың жасына байланысты дәрігер таңдайды.

Парентеральді (бұлшықет ішіне немесе вена ішіне): балаларға 6 айдан бастап 0,1- 0,15 мг/кг дозадан күнделікті, күнара немесе аптасына 2 рет 5-10 инъекция курсымен тағайындайды.

Парентеральді енгізу үшін дайындалған ерітіндіні сақтауға болмайды.

Жергілікті қолдану үшін (интраназальді және сублингвальді) ерітінді дайындау:

балалар үшін 3 мг дозаны 1,0 мл-де (20 тамшы), 6 мг дозаны –2,0 мл-де (40 тамшы) дистилденген суда, 0,9 % натрий хлоридінің ерітіндісі немесе бөлме температурасындағы қайнаған суда ерітеді.

Интраназальді және сублингвальді: 0,15 мг/кг тәуліктік дозада күнделікті 10 күнге дейінгі курспен.

Препаратты бір мұрын жолына 1-3 тамшыдан немесе күніне 2-3 қабылдауға кемінде 1-2 сағат аралықпен тіл астына енгізеді.

Дайындалған ерітіндінің бір тамшысында (0,05 мл) 0,15 мг препарат бар.

Интраназальді және сублингвальді қолдану үшін тәуліктік дозаның есебі 1 кестеде ұсынылған.

Артық дозалану

Артық дозалану жағдайлары тіркелмеген. Ұсынылғаннан асатын дозаны абайсыз қабылдаған жағдайда дәрігерге жүгіну керек.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар

Препараттың кезекті дозасын енгізуді жіберіп алғанда оның келесі қолданылуын осы нұсқаулықта көрсетілгендей немесе дәрігер ұсынғандай әдеттегі режимде жүргізу керек. Пациент жіберіп алған дозалардың орнын толтыру мақсатында қосарлы дозаны енгізбеуі тиіс.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерден кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

Егер сізде дәрілік препаратты қалай қолдану туралы сұрақтарыңыз болса, дәрігерден сұраңыз.

Жанама әсерлері

Полиоксидоний® препаратын қолданғанда келесі жалпы және жергілікті реакциялар кездесті:

Жиі емес

парентеральді енгізген кездегі енгізген жерде – ауырсыну, қызару және терінің нығыздалуы

Өте сирек

парентеральді енгізген кезде және жергілікті қолданғанда – дене температурасының көтерілуі, аздаған мазасыздық, қалтырау, препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық (аллергиялық реакциялар).

Шығарылу түрі

4.5 мг препараттан (3.0 мг доза үшін) немесе 9.0 мг препараттан (6.0 мг доза үшін) резеңке тығынмен герметикалық тығындалған және алюминий қалпақшалармен қаусырылған 1 гидролитикалық класты қоңыр шыныдан жасалған құтыларда.

Құтыға ​​өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылған.

5 құтыдан поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. Бір пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен картон қорапшада немесе 5 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен картон қосымшасы бар картон қорапшада.

Препараты бар 50 құтыдан (стационар үшін) медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі 50 нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қалқасы бар қорапта.

Сақтау шарттары

2-ден 8 С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыПолиоксидоний бөтелкелері 3 мг №5 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube