Қолдану көрсеткіштері
негізінен Candida зеңдерінен туындаған вагиниттер, вульвиттер, вульвовагиниттер
негізінен Candida зеңдерінен туындаған вагиниттер, вульвиттер, вульвовагиниттер
натамицинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
порфирия
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Суппозиторийлер дене температурасының әсерінен тез ериді, көбіктенетін масса түзеді, бұл натамициннің қынаптың шырышты қабығына біркелкі таралуына ықпал етеді.
Менструация кезінде суппозиторийлер қолдануды тоқтату керек.
Емдеу кезеңінде жыныстық байланыстарды шектеудің қажеті жоқ, бірақ жыныстық жұптастарын тексеру және кандидозды зақымдану анықталған жағдайда жұптасын емдеу курсын жүргізу ұсынылады. Сондай-ақ емдеу кезеңінде бөгейтін контрацептивтерді қолдануды қарастырған жөн.
Созылмалы немесе қайталанатын инфекция жағдайында таблеткаларды және/немесе натамицин кремін тағайындаумен жергілікті емдеуді толықтыруға болады.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Басқа препараттармен дәрілік өзара әрекеттесуі сипатталмаған.
Пероксидтер, перманганат, йод, гипохлориттер және т.б. сияқты тотығу қасиеттері бар заттар натамицинді белсенді етпеуі мүмкін.
Басқа препараттармен дәрілік өзара әрекеттесуі сипатталмаған.
Пероксидтер, перманганат, йод, гипохлориттер және т.б. сияқты тотығу қасиеттері бар заттар натамицинді белсенді етпеуі мүмкін.
3 немесе 6 суппозиторийден полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
№3 пішінді ұяшықты 1 қаптамадан немесе №6 пішінді ұяшықты 1 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, тапсырысты төлеудің келесі тәсілдері қолжетімді: • Daribar сайтында немесе қосымшасында карта, Apple Pay, Google Pay арқылы, • Рецептімен берілетін тауарларды төлеген кезде — дәріхана кассасында Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы. Жеткізуді таңдаған кезде, тапсырысты төлеудің келесі тәсілдері қолжетімді: • Daribar сайтында немесе қосымшасында карта, Apple Pay, Google Pay арқылы.
Жеткізу Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Рудный, Семей, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен, Шымкент, Екібастұз қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive сервисі арқылы жүзеге асырылады. Choco қызметінен басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізу шарттарын қолдау қызметінен нақтылаңыз.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтаруға және айырбастауға жатпайды. Ақпаратты нақтылау үшін біздің қолдау қызметімізге хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
