Қолдану көрсеткіштері
- сыртқы және ішкі геморройда
- айқын ауыру синдромымен қатар жүретін артқы өтіс жолының сызатында, эрозиясында және микрожарақаттарында, анальді қышынуда
- проктологиялық операциялардан соң операциядан кейінгі кезеңде
- сыртқы және ішкі геморройда
- айқын ауыру синдромымен қатар жүретін артқы өтіс жолының сызатында, эрозиясында және микрожарақаттарында, анальді қышынуда
- проктологиялық операциялардан соң операциядан кейінгі кезеңде
- препарат компоненттерінің кез келгеніне жекелей жоғары сезімталдық
- 12 жасқа дейінгі балалар
Ұсынылған дозадан және емдеу ұзақтығынан асып кету ықтималдығына байланысты препаратты МАО тежегіштерімен, антидепрессанттармен немесе гипертензияға қарсы дәрілермен бірге дәрігердің қадағалауынсыз тағайындау ұсынылмайды. Бұл ұсыныс MAO тежегіштерінің әсерінің төмендеуінің немесе бензокаинмен өзара байланысу нәтижесінде гипертензияға қарсы әсердің жоғарылауының теориялық ықтималдығымен байланысты.
Қосымша зат - жақпамай құрамындағы парафин бір мезгілде қолданылатын латексті мүшеқаптардың беріктігін төмендетуі мүмкін, бұл мүшеқаптардың тиімділігін (жүктілікті болдырмау және/ немесе жыныстық жолмен берілетін немесе АИТВ ауруларының берілуін төмендету қабілетінің алдын алуын) төмендетеді.
Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар.
Препаратты күніне 4 ретке дейін қолданады (таңертеңгісін, түнге қарай және ішек әрбір босағаннан кейін).
Емдеу курсының ұзақтығы – 7-10 күн.
Препаратты гигиеналық шаралардан кейін қолдану керек.
Жақпамайды қолданардың алдында ылғалдандырылған сүрткімен зақымданған жерді сүрту керек. Тік ішекке жақпамайды енгізу үшін аппликатордан қорғағыш қалпақшаны шешу керек, аппликаторды сықпаға бекітіп сықпадан жақпамайды асықпай сығып шығару керек. Аппликаторды жақсылап майлағаннан кейін тік ішекке оны абайлап енгізу керек. Жақпамайды сондай-ақ артқы өтіс аумағының терісіне жағу керек.
Әрбір қолданыстан кейін аппликаторды мұқият дезинфекциялау және оған қорғағыш қалпақшаны кигізу керек.
Енгізу әдісі және жолы
Тік ішекке енгізу
Қабылдау уақытын көрсететін қолдану жиілігі
Күніне 4 ретке дейін (таңертеңгісін, түнге қарай және ішек әрбір босағаннан кейін).
Емдеу ұзақтығы
Қолдану ұзақтығы – 10 күнге дейін.
Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар
Бензокаиннің артық дозалануы жүрек ырғағының бұзылуын, құрысуды, команы, тыныс алу жиілігінің азаюы немесе тыныс алу жеткіліксіздігін туындатуы мүмкін. Метгемоглобинемия жағдайлары сипатталған. Цианоз сияқты симптомдар (бозғылт, сұрғылт немесе тері түсінің көкшілденуі, еріндер мен саусақтардың ұштары), бас ауыруы, бас айналу, ентігу, әлсіздік және бензокаинмен емдеуде пайда болатын тахикардия өлімге әкеп соқтыратын метгемоглобинемияны көріністеуі мүмкін және шұғыл медициналық көмек көрсетуді қажет етеді.
Метгемоглобинемия дамыған жағдайда емдеу метилен көк ерітіндісін вена ішіне енгізуді қамтиды.
Емі: препаратты тоқтату және симптоматикалық ем.
Пластик қақпақшасы бар ламинацияланған сықпаға 28,4 г препараттан салынған.
1 сықпа аппликатормен және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 845₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Алматы:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
4325₸
3480₸
845₸