Қолдану көрсеткіштері
Ересектердегі, жасөспірімдердегі және 14 және одан жоғары жастағы балалардағы ауыру, қабыну және ісінуді жергілікті емдегенде:
- тері жабындарының тұтастығын бұзбай сіңірлердің, байламдардың, бұлшықеттер мен буындардың жарақаттық (оның ішінде спорттық) зақымдануларында (соғылулар, созылулар, шығып кетулер), арқадағы ауыруда
- ревматизмнің жергілікті түрлерінде: тендинитте («теннис шынтағы» деп аталатын), қолдың альгодистрофиялық синдромы («иық-қол» синдромы), бурситте, периартриттерде
- шеткері буындардың остеоартроздарында (мысалы, тізе немесе қол саусақтары)