daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Ривирин Таблеткалары 200 Мг №30 | Абди Ибрахим Глобал Фарм ТОО

Алматы қаласындағы Ривирин Таблеткалары 200 Мг №30 | Абди Ибрахим Глобал Фарм ТОО
Сипаттама:

Ақшыл-қызғылттан қызғылт түске дейінгі қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде сызығы бар дөңгелек таблеткалар

Халықаралық атауы:

Рибавирин

Өндіруші:

Абди Ибрахим Глобал Фарм ТОО

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді ингредиент:

Өте сирек апластикалық анемия идиопатиялық немесе тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура церебральді ишемия көздің көрмей қалуы уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, ангионевроздық ісіну, мультиформалы эритема Белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес) - сүйек кемігінің парциальді қызыл жасушалы аплазиясы - бауыр және бүйрек трансплантатының ажырауы, Фогта-Коянаги-Харад ауруы - мания, биполярлы бұзылыстар, гомицидальді идеялар - торқабықтың серозды қыртыстануы - ишемиялық колит, ойық жаралы колит, тілдің пигментациясы - бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, нефроздық синдром - рабдомиолиз

Белсенді заттың дозасы:

200 мг

Дәрілік түрі:

Қабықпен қапталған таблеткалар, 200 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Альфа-2a немесе 2b интерферонмен (стандартты немесе пегилирленген) біріктірілген ем құрамында

- созылмалы С гепатитінде, соның ішінде компенсацияланған бауыр циррозымен аяқталған

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

тұрақты және бақыланбайтын түрлерін қоса, жүректің ауыр аурулары, олар емдеуді бастағанға дейін, ең кемінде, 6 ай ішінде байқалады

жүктілік және лактация кезеңі (емді жүктілікке жасалған тестіге теріс нәтиже туралы деректер алынбайынша емдеуді бастамау керек)

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

гемоглобинопатия (мысалы, талассемия, орақ-жасушалы анемия)

ауыр, қалжырататын аурулар, соның ішінде бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар немесе креатинин клиренсі минутына 50 мл-ден төмен пациенттер

бауыр функциясының ауыр бұзылуы немесе декомпенсацияланған бауыр циррозы

аутоиммундық гепатит немесе анамнездегі басқа да аутоиммундық аурулар

айқын депрессия және суицидтік көңіл-күй

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Рибавиринді монотерапия ретінде қолдану тиімді емес, сондықтан С гепатитін емдегенде Ривирин® өз бетімен қолданылмауы тиіс.

Альфа (пег) интерферонмен біріктірілген рибавиринмен емдеу.

Рибавиринмен және альфа (пег) интерферонмен біріктіріп емдеумен байланысты бірнеше ауыр жағымсыз реакциялар бар. Бұл мыналарды қамтиды:

⎯ психикалық және орталық жүйке жүйесі үшін күрделі зардаптар (мысалы, депрессия, суицидтік ойлар, өзін өзі өлтіруге әрекеттер және озбыр мінез-құлық және т.б.)

⎯ көздің ауыр сырқаттары

⎯ тіс және пародонт аурулары

Өзара әрекеттесуі

ДЗ-нің әсеріне ықпал етуге қабілетті ДЗ-мен (алкогольмен, темекімен, тамақпен) өзара әрекеттесу түрлері

Арнайы ескертулер

Қабығының құрамында балаларға қолдануға тыйым салынған бояғыш заттар бар болғандықтан, препарат 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолданылмайды.

Препараттың құрамына Понсо 4R (Е 124), FD&C Сары № 6/ «Күн батар түсті» сары FCF (Е 110) кіреді, олар аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін.

Осы препараттың қабықпен қапталған таблеткасының құрамында 1 ммольден азырақ натрий (23 мг) бар, яғни іс жүзінде натрий жоқ.

Педиатрияда қолдану

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік және лактация кезеңінде Ривирин® препаратын қолдану ұсынылмайды.

Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне препараттың ықпал ету ерекшеліктері

Рибавирин автомобильді және механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді немесе аздап ықпалын тигізеді. Алайда альфа пегинтерферонның немесе альфа интерферонның немесе рибавиринмен біріктірілген басқа да дәрілік заттардың әсерлері болуы мүмкін. Қосымша ақпаратты рибавиринмен біріктіріп пайдаланылатын дәрілік препараттардың нұсқаулығынан қараңыз.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Вирустарға қарсы емді (ВҚЕ) созылмалы С гепатиті бар науқастарды емдеу тәжірибесі бар дәрігер жүргізуі тиіс.

Ривирин® жалғыз емдік дәрі ретінде қолданылмауы тиіс, өйткені рибавирин С гепатитінің монотерапиясы ретінде тиімді емес.

Ұсынылатын доза

Ривириннің® дозасы пациенттің дене салмағына, вирус генотипіне және біріктіріп пайдаланылатын дәрілік препаратқа байланысты (1-кестені қараңыз).

1-кесте. С гепатиті вирусы бар науқастарда біріктірілген емде рибавиринді дозалау жөніндегі нұсқаулар

Шығарылу түрі

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

Пішінді ұяшықты 3 қаптама медициналық қолданылуы жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыРивирин таблеткалары 200 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube