Құрамы
Бір таблетка құрамында
белсенді зат – тадалафил, 20 мг
қосымша заттар - лактоза моногидраты, лактоза моногидраты (құрғақ спрей), гидроксипропилцеллюлоза (өте ұсақ), натрий кроскармеллозасы, гидроксипропилцеллюлоза, натрий лаурилсульфаты, микрокристалды целлюлоза (түйіршік 102), магний стеараты.
қабықтың құрамы: бояғыш қоспа Opadry II Сары 32К12884 (лактоза моногидраты, гидроксипропилметилцеллюлоза 2910, гипромеллоза 15сР (Е464), титанның қостотығы (Е171), триацетин (триацетат глицерин/триацетин), темірдің (III) сары тотығы (Е172).
жылтырату: тальк.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Бадам пішінді, сары түсті қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде «С 20» таңбасы бар таблеткалар.
Шығарылу түрі және қаптамасы
1 немесе 2 таблеткадан поливинилхлоридті (PVC/PE/PCTFE) үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. 1 пішінді қаптамадан (№ 1, № 2 өлшеп-орау үшін) немесе 2 пішінді қаптамадан (№ 4 өлшеп-орау үшін) медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге жиналмалы картон қорапшаға салынған.