daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Синафлан Жақпа 0,025% 15 Г | Нижфарм ОАО

Алматы қаласындағы Синафлан Жақпа 0,025% 15 Г | Нижфарм ОАО
Сипаттама:

Ашық-сары түстіден сары түске дейінгі жақпамай.

Халықаралық атауы:

Флуоцинолон ацетониді

Өндіруші:

Нижфарм ОАО

Өндіруші ел:

Российская Федерация

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: пропиленгликоль, церезин, ланолин, вазелин.

Белсенді заттың дозасы:

0,025%

Дәрілік түрі:

Сыртқа қолдануға арналған жақпамай 0,025 %

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Синафланның құрамында жергілікті қолдануға арналған кортикостероид бар, ол терінің көптеген қабыну, қышыну және аллергиялық үдерістерін емдеуде тиімді. Синафлан әсіресе мына ауруларды жергілікті емдеуде қолданылады:

экзема, дерматит, атопиялық дерматит, себореялық дерматит, тиын тәрізді (нумулярлы) экзема, сыртқы отит, жанаспалы дерматит, нейродермит, пруриго (тері қышынуында), псориаз (жайылған түйіндақты псориазды қоспағанда), жалпақ қызыл теміреткі, дискоидті қызыл жегі

Қарсы көрсеткіштер

препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта

бактериялық, вирустық, зеңді тері ауруларында – пиодермия, желшешек, герпес, актиномикоз, бластомикоз, споротрихоз

мерез көріністері, тері туберкулезі, жөргек бөртпесі, қызғылт безеулер, ауқымды псориаздық бөртпелер (түйіндақтар), аногенитальді қышыну, периоральді дерматит, жөргек бөртпелерінде

веналардың варикозды кеңеюімен байланысты балтырдың трофикалық ойық жаралары, асқазан-ішек жолының эрозиялы-ойық жаралы зақымданулары, аппликация орнындағы жарақаттар

тері обыры, невус, атерома, меланома, гемангиома, ксантома, саркома

жүктілік және лактация кезеңі

2 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Қыз балаларда жыныстық жетілу кезеңінде сақтықпен қолданады.

Терінің азғантай бөліктерінде тек қысқа курстармен қолданады.

Ұзақ гормональді ем терінің жерігілікті, әсіресе окклюзиялық таңғышты немесе тері қыртыстарында қолданғанда атрофиялық өзгерістерін және беткейлі қан тамырларының кеңеюін туғызуы мүмкін. Жергілікті стероидты препараттарды ұзақ қолдану немесе терінің ауқымды беткейлеріне жағу, тіпті окклюзиялық таңғышсыз-ақ, бүйрекүсті безінің функциясын бәсеңдетіп және гиперкортицизм симптомдарының дамуына жеткілікті, әсіресе нәрестелер мен балаларда стероидтың жүйелі сіңірілуіне әкелуі мүмкін.

Бетті және балаларды емдеудің ұзақтығы 5 күннен аспау керек, мұндай жағдайларда окклюзиялық таңғыштар қолданылмауы керек.

Тері асқынуымен қатар жүретін инфекцияда Синафланды тек микробқа қарсы дәрілермен бірге қолдану керек.

Псориазды емдеу үшін сыртқа қолдануға арналған кортикостероидтарды сақтықпен қолдану керек, өйткені ауру асқынуы, препаратқа төзімділік дамуы, псориаздың жайылған пустулезді түрінің қаупі және терінің бөгетті функциясының бұзылуынан жергілікті немесе жалпы уыттылығы орын алуы мүмкін. Псориазды емдегенде пациентті мұқият бақылау керек.

Жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда емдеуді тоқтату керек.

Препаратты көзге түсіруге болмайды.

Жақпамайдың құрамына кіретін кейбір қосымша заттар, мынадай реакциялар тудыруы мүмкін: жергілікті тері реакцияларын туғызатын ланолин (мысалы, жанаспалы дерматит); пропиленгликоль терінің тітіркенуін туғызуы мүмкін.

Емдеу кезінде кең киім кию ұсынылады. Қарапайым немесе қызғылт безеулері бар пациенттерде аурудың асқынуы орын алуы мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Микробқа қарсы дәрілік заттармен үйлесімді. Гипотензивтік, диуретиктік, аритмияға қарсы дәрілік заттардың, калий препараттарының белсенділігін төмендетеді.

Диуретиктік дәрілік заттар (калий жинақтаушылардан басқа) гипокалиемияның даму қаупін арттарады.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Препарат балаларда 2 жастан бастап қолданылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде қолданудың қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіз. Буаз жануарларға кортикостероидтарды жергілікті қолдану таңдайдың жырығы және құрсақішілік дамуды қоса, ұрық дамуында бұзылуларды туғызуы мүмкін. Препаратты жүктілік және лактация кезінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді.

Өзара әрекеттесуі

Микробқа қарсы дәрілік заттармен үйлесімді. Гипотензивтік, диуретиктік, аритмияға қарсы дәрілік заттардың, калий препараттарының белсенділігін төмендетеді.

Диуретиктік дәрілік заттар (калий жинақтаушылардан басқа) гипокалиемияның даму қаупін арттарады.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Препарат балаларда 2 жастан бастап қолданылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде қолданудың қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіз. Буаз жануарларға кортикостероидтарды жергілікті қолдану таңдайдың жырығы және құрсақішілік дамуды қоса, ұрық дамуында бұзылуларды туғызуы мүмкін. Препаратты жүктілік және лактация кезінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Синафлан препараттың аздаған мөлшерін алдымен этил спирттің 40-70 % ерітіндісімен өңделген терінің зақымданған жерлеріне күніне 2-3 рет жағады және жеңіл уқалайтын қимылдармен теріге ақырын жағады.

Жақпамайды құрғақ, қабыршықтанатын тері үдерістерінде пайдаланған жөн.

Енгізу жолы және тәсілі

Сыртқа. Окклюзиялық таңғышты салу қажет болғанда, препаратты жағардың алдында әбден тазартылуы керек. Окклюзиялық таңғыштар бетте және балаларда қолданылмауы керек. Кейбір жағдайларда үлкен әсер болуы үшін ыстық, ылғалды компресстер қойылады.

Емдеу ұзақтығы

Емдеудің ұзақтығы аурудың сипатына байланысты болады.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Симптомдары: қышыну, препаратты жаққан жердегі терінің ашытып күйдіруі, гипергликемия, глюкозурия, Иценко-Кушинг синдромы.

Емі: симптоматикалық, препаратты біртіндеп тоқтату аясында.

Ішке кездейсоқ қабылдағанда, сықпаның ішіндегісін толығымен жұтқан жағдайда да уытты әсер етуі шамалы. Бұл кезде емдеу талап етілмейді.

Кездейсоқ жұтып қойған жағдайда: 10 г сықпада 2,5 мг, 15 г сықпада – 3,75 мг кортикостероид бар. Көлемі 30 г сықпаның ішіндегісін толық жұтқан кезде де қандай да бір уытты әсерлер дамуы күтілмейді. Сондай-ақ жақпамайдың құрамына кіретін компоненттер қабылданған мөлшерлерде қандай да бір уытты әсерлері болмайды. Сондықтан, кездейсоқ жұтып алғанда емдік шаралар талап етілмейді.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерден кеңес алу бойынша ұсынымдар

Егер Сізде осы препаратты қабылдау бойынша қосымша сұрақтар туындаса, дәрігерге немесе мейірбикеге кеңес алу үшін жүгініңіз.

Шығарылу түрі

10 г немесе 15 г алюминий немесе ламинатталған полиэтилен сықпаларда.

Әр сықпаны медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

20 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Салмағы

15 г

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыСинафлан жақпа 0,025% 15 г дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube