Қолдану көрсеткіштері
Поллакиурия, несеп шығаруға императивті қысылу және несеп тоқтамау симптомдарымен қатар жүретін детрузор тұрақсыздығын немесе детрузордың аса жоғары белсенділігін емдеу үшін.

әсер етуші затқа (троспий хлоридіне) немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық,
асқазан-ішек жолының механикалық стенозы,
ішектің созылмалы қабыну аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы),
уытты мегаколон,
қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы немесе уретра стенозы салдарынан несептің іркілуі,
жабық бұрышты глаукома,
аритмия, тахиаритмия,
миастения,
диализді қажет ететін бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <10 мл/мин/1,73 м2),
жүктілік және лактация кезеңі,
12 жасқа дейінгі балалар,
тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Препаратты мына жағдайлар кезінде сақтықпен қолдану керек:
асқазан-ішек жолының обструктивті аурулары (мысалы, пилоростеноз),
қалдық несептің түзілу қаупі бар несеп ағынының обструкциясы,
рефлюкс-эзофагиті бар диафрагма өңеш саңылауының жарығы,
вегетативті нейропатия,
жүрек соғысының жиілеуі бар пациенттерде қабылдау, мысалы, гипертиреоз, жүректің ишемиялық ауруы және жүрек жеткіліксіздігі кезінде қажет емес.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Спазмекс® амантадинмен, хинидинмен трициклді антидепрессанттармен, гистаминді H1-рецепторлар блокаторларымен, дизопирамидпен бір мезгілде қолданғанда антихолинергиялық әсер күшейеді. Бета-адреномиметиктермен бірге қолданған кезде тахикардияның күшеюі байқалады. Прокинетиктермен (мысалы, метоклопрамидпен, цизапридпен) бірге қолданғанда соңғыларының емдік әсерінің әлсіреуі байқалады.
Троспий хлориді асқазан-ішек жолының моторикасы мен секрециясына әсер етуі мүмкін болғандықтан, бір мезгілде қабылданатын басқа дәрілік заттардың сіңірілуінің өзгеру мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.
Гуар, холестирамин және колестипол сияқты заттары бар препараттарды бір мезгілде қабылдаған кезде троспий хлоридінің сіңуінің төмендеуін жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан құрамында осы заттар бар препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Троспий хлоридінің Р-450 (Р450 1А2, 2А6, 2С9, 2С19, 2D6, 2Е1, 3А4) цитохром ферменттерімен метаболизмдік өзара әрекеттесуі тек in vitro зерттелді. Троспий хлоридінің олардың метаболизмдік белсенділігіне әсері анықталған жоқ. Троспий хлориді аз ғана мөлшерде метаболизденетіндіктен және күрделі эфирлер гидролизі жалғыз маңызды метаболизмдік жол болып табылатындықтан, метаболизмдік өзара әрекеттесулер күтілмейді.
Сонымен қатар, клиникалық маңызды өзара әрекеттесуді көрсететін клиникалық зерттеулер немесе дәрілік заттардың мониторингі нәтижелері алынған жоқ.
Тамақ, сусындар және алкогольмен бірге қабылдау:
Спазмекс® пайдаланған кезде алкогольді тұтынудан аулақ болу керек.
Арнайы ескертулер
Спазмекс® препаратымен емді бастауға дейін, поллакурияның және несепті ұстай алмаудың органикалық себептерін жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігі, полидипсия, ісіктер және несеп шығару жолдарының инфекциясын жоққа шығару қажет.
Бүйрек/бауыр жеткіліксіздігі кезінде препаратты сақтықпен қолдану керек.
Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі кезінде троспий хлоридін қолдану туралы деректердің болмауына байланысты оны осы пациенттерде қолдану ұсынылмайды. Жеңіл және орташа ауырлықта бауыр функциясы бұзылған пациенттерде сақтық таныту керек.
Троспий хлориді негізінен бүйрек арқылы шығарылады. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде плазма деңгейінің едәуір жоғарылауы байқалды. Сондықтан пациенттердің осы тобында, сондай-ақ ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бүйрек функциясының бұзылуы кезінде емді сақтықпен жүргізу керек.
Спазмекс® қосымша заттарының құрамына лактоза кіреді. Галактозаның сирек тұқым қуалайтын жақпаушылығы, жалпы лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттерге препаратты қабылдауға болмайды.
Бұл дәрілік препараттың құрамында үлбірлі қабықпен қапталған таблеткада 1 ммоль (23 мг) аз натрий бар, яғни іс жүзінде натрий жоқ.
Педиатрияда қолдану
Педиатриялық практикада препараттың қауіпсіздігі және тиімділігі жөніндегі деректердің жеткіліксіздігін ескере отырып, оны 12 жасқа дейінгі балаларға тағайындауды тоқтата тұру ұсынылады.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Спазмекс® жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қатаң көрсетілімдер бар болған кезде ғана қолдану керек, өйткені адамда жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдану тәжірибесі жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Аккомодацияның бұзылуы көлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетін нашарлатуы мүмкін.
Емделу кезеңінде жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін көлікті жүргізу және қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысудан бас тарта тұру керек.

Үлбірлі қабықпен қапталған 10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 15-25 ºС температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 1005₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Алматы:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
4995₸
3990₸
1005₸