Қолдану көрсеткіштері
- инфекция жұқтырған күйік жараларын емдеу және профилактика
- инфекция жұқтырған терінің трофикалық ойық жаралары және тесілулер (кешенді ем құрамында)
- тері трансплантаттарының донорларында және ауқымды сыдырылулары бар пациенттерде инфекция жұқтыру профилактикасында
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- күміс сульфадиазиніне немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- сульфаниламидтерге жоғары сезімталдық (мысалы, сульфадиметоксин, сульфадимезин, уросульфан, сульфацил, норсульфазол, сульфадиазин, сульфален)
- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның генетикалық тапшылығы: кең аумақты беткейде қолданған кезде гемолиз туындауы мүмкін
- ядролық сарғаюдың туындау қаупіне байланысты кіші жастағы балалар (жаңа туған нәресте, 3 айға дейін), шала туған балалар
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- терең іріңді жараларда және экссудациясы мол күйік жараларын емдеу үшін қолдану орынсыз
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Сульфадиазинді қолдану кезінде тері тарапынан Стивенс-Джонсон синдромы (СДС) және уытты эпидермалық некролиз (УЭН) сияқты өмірге қауіп төндіретін реакциялар дамығаны туралы хабарланған. СДС мен УЭН дамуының ең жоғарғы қаупі емнің алғашқы апталарында байқалады. СДС немесе УЭН симптомдары немесе белгілері (мысалы, терінің көбінесе күлбіреуіктердің түзілуімен немесе шырышты қабықтардың зақымдануымен жүретін үдемелі тері бөртпесі) пайда болған жағдайда, сульфадиазинмен емдеуді дереу тоқтату керек, препаратты ешқашан қайта тағайындауға болмайды.
Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі кезінде дәріні сақтықпен тағайындайды.
Егер емдеу ұзақ уақыт жүргізілсе немесе препарат күйік шалған ауқымды беткейлерге жағылса, онда лейкопенияның, тромбоцитопенияның немесе эозинофилияның туындау қаупіне байланысты, қандағы лейкоциттер мөлшерін жүйелі түрде анықтап отыру керек.
Порфирияға шалдыққан пациенттер бұл жақпамайды қолданбағаны дұрыс.
Сонымен қатар, микробқа қарсы әсері бар басқа дәрілерді жергілікті қолданғандағы сияқты, күміс сульфадиазинін қолданғанда суперинфекциялар туындауы мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Күміс сульфадиазині жараны тазалауға арналған ферменттік дәрілердің белсенділігін жоюы мүмкін, сондықтан аталған дәрілерді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Ауқымды күйіктері бар пациенттерде жүйелі түрде енгізілетін препараттармен өзара әрекеттесулер болуы мүмкін.
Сульфадиазин СYP2C9 тежегіші болып табылады және варфарин, толбутамид немесе фенитоин сияқты CYP2C9 басқа субстраттарымен өзара әрекеттестік тудыруы мүмкін.