daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Тербизил Кремі 1% 15 Г | Гедеон Рихтер ОАО

Алматы қаласындағы Тербизил Кремі 1% 15 Г | Гедеон Рихтер ОАО
Сипаттама:

Сәл бадам иісі бар, ақ немесе ақ дерлік түсті крем

Халықаралық атауы:

Тербинафин

Өндіруші:

Гедеон Рихтер ОАО

Өндіруші ел:

Венгрия

Белсенді ингредиент:

Симптомдары: Тербизил кремін ішке көп мөлшерде кездейсоқ қабылдаған жағдайда құрамында тербинафин бар таблеткалармен артық дозаланғанда байқалатын жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін: бас ауыруы, жүрек айнуы, эпигастрий ауыруы және бас айналуы. Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар Егер сізде осы препаратты қолдану жөнінде қосымша сұрақтар болса, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.

Белсенді заттың дозасы:

1%

Дәрілік түрі:

Крем, 1% 15 г

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

ТЕРБИЗИЛ крем ересектерде және 12 жастағы және одан жоғары балаларда емдеу үшін көрсетілімде:

- Trichophyton (мысалы, T. rubrum, T. mentagrophytes, T. verrucosum, T. violaceum), Microsporum canis және Epidermophyton floccosum дерматофиттері туғызған тері микоздарында.

- Candida текті ашытқы зеңдер туғызған тері микоздарында (мысалы, C. аlbicanis).

- Pityrosporum orbiculare (Malassezia furfur ретінде белгілі) туғызған түрлі түсті теміреткі.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдықта

- 12 жасқа дейінгі балаларда

- бала емізу кезеңінде

Өзара әрекеттесуі

Жергілікті қолдануға арналған тербинафині бар препараттардың дәрілермен өзара әрекеттесуі белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

Тербизил кремі құрамында жергілікті тері реакцияларын туындататын (мысалы, жанаспалы дерматит) цетостеарил спирті (кремнің 1 г-да 0,04 г) және цетил спирті (кремнің 1 г-да 0,04 г) бар.

Бұл препараттың құрамында кремнің 1 г-да 0,01 г бензил спирті бар. Бензил спирті теріні аздап тітіркендіруі мүмкін.

Педиатрияда қолдану

12 жасқа дейінігі балаларда клиникадағы тәжірибе шектеулі болғандықтан қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Тербизил кремін жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды, аса қажеттілік жағдайлардан басқа.

Бала емізу

Тербинафин емшек сүтімен бөлінеді, сондықтан препарат бала емізу кезінде қолданылмау керек, тек ана үшін күтілетін пайдасы бала үшін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайда ғана қолдануға болады. Емшектегі баланың сүт безі терісін қоса алғанда, препаратпен өңделген тері аймақтарымен жанасуына жол бермеу керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Тербизил кремі көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Тербизил кремін тәулігіне 1 немесе 2 рет қолдануға болады.

Препаратпен емдеу ұзақтығы және қолдану жиілігі

Зақымдануларда емдеу ұзақтығы:

Дене дерматомикозы, шап эпидермофитиясы 1 –2 апта

Табан дерматомикозы 1 апта

Тері кандидозы 2 апта

Түрлі түсті теміреткі 2 апта

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Тербизил кремін тәулігіне 1 немесе 2 рет қолдануға болады.

Препаратпен емдеу ұзақтығы және қолдану жиілігі

Зақымдануларда емдеу ұзақтығы:

Дене дерматомикозы, шап эпидермофитиясы 1 –2 апта

Табан дерматомикозы 1 апта

Тері кандидозы 2 апта

Түрлі түсті теміреткі 2 апта

Артық дозалану

Сыртқа қолданған кезде тербинафиннің жүйелік сіңірілуінің төмен болуына байланысты артық дозалану ықтималдығы төмен. Кремнің 15 грамдық 2 сықпасын (құрамында 300 мг тербинафин бар) кездейсоқ ішке қабылдау құрамында 250 мг белсенді зат бар (ересектерде ішке қабылдауға арналған бір реттік доза) Тербизил препаратының бір таблеткасын қабылдағанмен бірдей.

Симптомдары: Тербизил кремін ішке көп мөлшерде кездейсоқ қабылдаған жағдайда құрамында тербинафин бар таблеткалармен артық дозаланғанда байқалатын жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін: бас ауыруы, жүрек айнуы, эпигастрий ауыруы және бас айналуы.

Емі: кездейсоқ ішке қабылдаған кезде белсенді затты, ең алдымен белсендірілген көмірді қабылдау арқылы алып тастау керек, қажет болған жағдайда демеуші симптоматикалық емдеу қолданылады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар

Егер сізде осы препаратты қолдану жөнінде қосымша сұрақтар болса, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.

Сақтау шарттары

30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Салмағы

15 г

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыТербизил кремі 1% 15 г дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube