Қолдану көрсеткіштері
- ересектер мен 16 жастағы және одан асқан жасөспірімдерде омыртқа патологиясы кезінде бұлшықеттердің жедел контрактураларын адъювантты емдеуде
- ересектер мен 16 жастағы және одан асқан жасөспірімдерде омыртқа патологиясы кезінде бұлшықеттердің жедел контрактураларын адъювантты емдеуде
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- бұлшықет гипотониясы және сылбыр салдану
- контрацепцияны қолданбайтын бала туу жасындағы әйелдер
- жүктілік және лактация кезеңі
- 16 жасқа дейінгі балалар
Дәрілік заттардың өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ.
Осындай емдік әсері бар препараттармен бір мезгілде қабылдағанда сақтық таныту ұсынылады.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүкті әйелдерде тиоколхикозидті қолдану туралы деректер шектеулі.
Сондықтан эмбрион мен шарана үшін ықтимал қауіптілік белгісіз.
ТИОЗИД® жүкті әйелдерге, сондай-ақ контрацепция әдістерін қолданбайтын бала туу жасындағы әйелдерге қарсы көрсетілген.
Тиоколхикозид емшек сүтіне енетіндіктен, ол бала емізу кезінде қарсы көрсетілімді.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолданған кезде ұйқышылдықтың пайда болуына байланысты көлік жүргізу және механизмдерді басқару кезінде абай болу керек.
Мөлдір емес ақ ПВХ/ПЭ/ПВДХ үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.
1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салынған.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.