daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Алматы қаласындағы Торсид Таблеткалары 10 Мг №30 | Фармак ПАО

Алматы қаласындағы Торсид Таблеткалары 10 Мг №30 | Фармак ПАО
Сипаттама:

Ақ немесе ақ дерлік түсті, беткейі тегіс, сызығы мен ойығы бар таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Торасемид

Өндіруші:

Фармак ПАО

Өндіруші ел:

Украина

Белсенді ингредиент:

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ немесе ақ дерлік түсті, беткейі тегіс, сызығы мен ойығы бар таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

10 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

эссенциальді гипертензияда

жүрек жеткіліксіздігінен туындаған ісінулерді және/немесе жалқықтарды емдеуде

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затына, сульфонилмочевина препараттарына немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық

ануриямен жүретін бүйрек жеткіліксіздігі

бауыр комасы немесе прекома

артериялық гипотензия

гиповолемия

гипонатриемия

гипокалиемия

Өзара әрекеттесуі

Торасемид гипертензияға қарсы басқа дәрілердің, атап айтқанда, ангиотензинөзгертуші фермент тежегіштерінің әсерін күшейтеді, бұл оларды бір мезгілде қолданғанда, артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуіне алып келуі мүмкін. Торасемидті дигиталис препараттарымен бір мезгілде қолданғанда, диуретикті қолданудан туындайтын калий тапшылығы, екі препараттың да жағымсыз әсерінің жоғарылауына немесе күшеюіне алып келуі мүмкін. Торасемид диабетке қарсы дәрілердің тиімділігін төмендетуі мүмкін. Қабынуға қарсы стероидты емес пробенецидтік дәрілер (мысалы, индометацин, ацетилсалицил қышқылы) торасемидтің диуретиктік және гипертензияға қарсы әсерін тежеуі мүмкін. Жоғары дозалардағы салицилаттармен емдегенде, торасемид олардың орталық жүйке жүйесіне уытты әсерін жоғарылатуы мүмкін. Торасемид, әсіресе, жоғары дозаларында, этакрин қышқылы мен аминогликозидтік антибиотиктердің, мысалы, канамициннің, гентамициннің, тобрамициннің және цитостатиктік дәрілердің – платинаның белсенді туындыларының отоуытты және нефроуытты әсерін, сондай-ақ, цефалоспориндердің нефроуытты әсерін күшейтуі мүмкін. Торасемид теофиллиннің әсерін, сондай-ақ, кураре тәрізді дәрілік заттардың ықпалын күшейтуі мүмкін. Іш жүргізетін дәрілер, сондай-ақ минерало- және глюкокортикоидтар торасемид түрткі болатын калий жоғалтылуын күшейтуі мүмкін. Торасемид пен литий препараттарын бір мезгілде қолданғанда, литийдің қан плазмасындағы концентрациясы жоғарылауы мүмкін, ол литийдің әсерінің күшеюін және жағымсыз әсерлерінің күшеюін туғызуы ықтимал. Торасемид катехоламиндердің, мысалы, эпинефрин мен норэпинефриннің тамырды тарылтатын әсерін төмендетуі мүмкін. Холестираминмен бір мезгілде қолданған кезде торасемидтің сіңуі төмендеуі және сәйкесінше, оның күтілетін тиімділігі төмендеуі мүмкін.

Арнайы сақтандырулар

Препараттың құрамында лактоза бар, сондықтан, галактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактазасы тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясының бұзылуы сияқты тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер бұл препаратты қабылдамағаны дұрыс.

Торсид, таблеткалар препаратын қолдану допингке тест жүргізген кезде оң нәтиже алынуына себеп болуы мүмкін. Егер Торсид, таблеткалар препараты дұрыс қолданылмаса, яғни допинг мақсатында қолданылса, денсаулық жағдайына әсеріне болжам жасау мүмкін емес, бұл жағдайда денсаулыққа зиянды болуы мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.

Арнайы нұсқаулар

Препараттың құрамында лактоза бар, сондықтан, галактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактазасы тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясының бұзылуы сияқты тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер бұл препаратты қабылдамағаны дұрыс.

Торсид, таблеткалар препаратын қолдану допингке тест жүргізген кезде оң нәтиже алынуына себеп болуы мүмкін. Егер Торсид, таблеткалар препараты дұрыс қолданылмаса, яғни допинг мақсатында қолданылса, денсаулық жағдайына әсеріне болжам жасау мүмкін емес, бұл жағдайда денсаулыққа зиянды болуы мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.

Жанама әсерлері

Жиі:

тәбеттің болмауы, метаболизмдік алкалоздың күшеюі

дозасы мен емдеу ұзақтығына байланысты су-электролит теңгерімінің бұзылуы, әсіресе гиповолемия, гипокалиемия және/немесе гипонатриемия

калий мөлшері төмен қатар жүретін диетада, құсу, іш жүргізетін дәрілік препараттарды артық қолданғаннан кейінгі диарея кезінде, сондай-ақ бауырдың созылмалы аурулары бар пациенттердегі гипокалиемия

бас ауыруы, бас айналуы (әсіресе емнің басында)

іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің қатуы (әсіресе емнің басында)

бұлшықеттің түйілуі (әсіресе емнің басында)

шаршау, әлсіздік (әсіресе емнің басында)

қандағы несеп қышқылы мен глюкоза концентрациясының жоғарылауы, қандағы липидтер (триглицеридтер мен холестерин) концентрациясының жоғарылауы, қандағы кейбір бауыр ферменттері (ГГТ) концентрациясының жоғарылауы

Жиі емес:

парестезия

ауыздың құрғауы

несеп шығару бұзылыстары бар пациенттерде (мысалы, қуық асты безінің гиперплазиясына салдарынан) несеп шығарудың жоғарылауы несептің іркілуі мен қуықтың созылуына әкелуі мүмкін

қанда креатинин мен мочевина концентрациясының жоғарылауы

Шығарылу түрі

10 таблеткадан түссіз поливинилхлорид үлбір мен баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. Пішінді ұяшықты 3 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыТорсид таблеткалары 10 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube