Қолдану көрсеткіштері
- қарқындылығы орташа және күшті ауырсыну синдромы
- қарқындылығы орташа және күшті ауырсыну синдромы
- трамадол гидрохлоридіне немесе басқа апиындарға, препараттың қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық
- тыныс алудың тежелуімен немесе орталық жүйке жүйесінің айқын тежелуімен байқалатын жағдайлар (алкогольден, седативті препараттардан, есірткі анальгетиктерінен, психотроптық препараттардан улану)
- моноаминоксидаза тежегіштерін бір мезгілде қолдану және оларды қабылдауды тоқтатқаннан кейін екі апталық кезең
- генезі белгісіз сананың бұзылуы
- тыныс алу орталығының, тыныс алу функциясының бұзылуы
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 10 мл/мин кем)
- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
- есірткілерді қабылдауды тоқтату синдромы
- бақыланбайтын эпилепсия
- апиынды тәуелділік
- жүктілік және лактация кезеңі
- 12 жасқа дейінгі балалар
Трамадол Ланнахерді орталық жүйке жүйесіне (жалпы анестезияға арналған дәрілер, ұйықтататын препараттар, антипсихоздық препараттар, анксиолитиктер, антидепрессанттар), сондай-ақ этанолмен бір мезгілде қолдану әсерінің өзара күшеюін туындатуы мүмкін, оның ішінде тыныс алу орталығының белсенділігін тежеуі мүмкін.
Карбамазепинді, барбитураттарды және микросомалық ферменттердің басқа да индукторларын қолдану трамадолдың анальгезиялық әсерінің айқындылығы мен ұзақтығын азайтуы мүмкін. Трамадолды ұзақ уақыт қолдану басқа апиынды анальгетиктер мен барбитураттарға айқас төзімділіктің дамуын стимуляциялайды.
Налоксон апиынды анальгетиктерді қолданғаннан кейін анальгезияны жою арқылы тыныс алуды белсендіреді.
Трамадолды МАО-мен, фуразолидонмен, прокарбазинмен, нейролептиктермен бір мезгілде қолданғанда құрысудың даму қаупі туындайды (құрысу дайындығы шегінің төмендеуі).
МАО тежегіштерін қолданғанда апиынды анальгетиктерді қолданудан 14 күн бұрын өмірге қауіп төндіретін, орталық жүйке жүйесіне, тыныс алу және жүрек-қантамыр функцияларына әсер ететін өзара әрекеттесу байқалды.
Хинидин трамадолдың плазмалық концентрациясын арттырады және CYP2D6 изоферментінің бәсекелес тежелуі есебінен моно-О-десметилтрамадол метаболитінің мөлшерін азайтады.
Циметидинді (ферменттер тежегішін) бірге немесе алдын ала қолданған кезде клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі екіталай.
Апиынды рецепторлардың агонистерін/антагонистерін (мысалы, бупренофин, налбуфин, пентазоцин) және трамадолды біріктіріп қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл жағдайларда таза агонистің анальгезиялық әсері төмендейді.
Трамадол құрысуды туындатуы мүмкін және серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштерінің, трициклді антидепрессанттардың, нейролептиктердің және құрысу дайындығының шегін төмендететін басқа да препараттардың (мысалы, бупропион, миртазапин, тетрагидроканнабинол) әсерін күшейтуі мүмкін, осылайша құрысудың дамуын туындатуы мүмкін. Тромадолды серотонинді кері қармау тежегіштері, серотонин-норадреналинді кері қармау тежегіштері, МАО тежегіштері, трициклді антидепрессанттар және миртазапин сияқты басқа серотонинергиялық заттармен біріктіріп қолдануға байланысты серотонин синдромы дамуы мүмкін.
Серотониндік синдромның симптомдары: индукцияланған немесе көздің клонусы, тремор, спонтанды миоклонус, сананың шатасуы, дисфория, гипертермия, тершеңдік, атаксия, гиперрефлексия, миоклонус және диарея. Трамадол мен кумариндерді (мысалы, варфарин) бір мезгілде қолданғанда қанталау мен қан кетудің дамуымен байқалатын протромбин уақытының қысқару қаупіне байланысты пациенттерді мұқият бақылау қажет.
CYP3A4 басқа тежегіштері, мысалы, кетоконазол және эритромицин, трамадолдың (N-деметилдеу) және белсенді О-десметилтрамадолдың метаболизмін тежеуі мүмкін.
Зерттеулердің шектеулі санында, операцияға дейін немесе операциядан кейін құсуға қарсы препаратты - 5-HT3 антагонист - ондансетронды қолдану операциядан кейінгі ауырсыну кезінде трамадолға қажеттілікті арттырды.
Есірткілік анальгетиктермен (тримеперидин, фентанил, бупренорфин және т. б.) үйлесуі өзара әрекет әсерлерінің болжамсыздығына байланысты ұсынылмайды.
Арнайы ескертулер
Жүктілік
Трамадол плацента арқылы өтеді. Жүкті әйелдердегі трамадолдың қауіпсіздігі туралы мәліметтер жеткіліксіз. Сондықтан трамадолды жүкті әйелдерге қолдануға болмайды.
Босанар алдында немесе босану кезінде енгізілген Трамадол жатырдың жиырылуына әсер етпейді. Нәрестелерде бұл тыныс алу жиілігінің өзгеруін туындатуы мүмкін, олар әдетте клиникалық маңызды емес. Жүктілік кезінде ұзақ уақыт бойы пайдалану нәрестелердегі абстиненция симптомдарына әкелуі мүмкін.
Лактация
Трамадолдың аналық дозасының шамамен 0,1%-ы емшек сүтімен бөлінеді. Трамадолды босанғаннан кейін тікелей тәуліктік дозада ішке 400 мг-ға дейін қабылдағанда ол емшектегі бала организміне түсетін трамадолдың орташа дозасы анасындағы дозасының 3%-ын құрайды. Сол себепті трамадолды емшек емізу кезінде қолдануға болмайды немесе, керісінше, трамадолмен емдеу кезінде емшек емізуді тоқтату керек. Емшек емізуді тоқтату әдетте трамадолды бір рет қабылдағаннан кейін қажет емес.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Трамадол механизмдерді басқару және олармен жұмыс істеу қабілетіне айтарлықтай әсер етеді.
Тіпті нұсқаулыққа сәйкес қабылдаған кезде, Трамадол Ланнахер ұйқышылдық пен бас айналу сияқты әсерлерді туындатады, демек, жүргізушілердің, машина операторларының реакцияларын нашарлатуы мүмкін. Сондықтан емдеу кезінде сіз көлікті басқара алмайсыз және механизмдермен жұмыс жасай алмайсыз.
Дозалау режимі
Трамадол Ланнахер дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады, препаратты дозалау режимі пациенттің ауырсыну синдромы мен сезімталдығына байланысты жеке таңдалады. Емдеу ұзақтығы жекелей анықталады, препаратты емдік тұрғыдан ақталған мерзімнен артық тағайындауға болмайды.
Ұсынылатын бастапқы доза –1 таблеткадан (50 мг) аз мөлшерде сұйықтықпен ішу. Тамақтану препараттың сіңірілуіне әсер етпейді. 30-60 минут ішінде әсер болмаған жағдайда тағы 1 таблетканы қабылдауға болады; қатты ауырсынулар болғанда бір реттік доза 100 мг (2 таблетканы) құрауы мүмкін. Ең жоғары тәуліктік доза 400 мг (8 таблетка) құрайды.
Балалар мен 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Трамадол таблеткалары 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге тағайындалмайды.
12 жастан асқан жасөспірімдер
Ұсынылатын бастапқы доза –1 таблеткадан (50 мг) аз мөлшерде сұйықтықпен ішу. Тамақтану препараттың сіңірілуіне әсер етпейді. 30-60 минут ішінде әсер болмаған жағдайда тағы 1 таблетканы қабылдауға болады; қатты ауырсынулар болғанда бір реттік доза бірден 100 мг (2 таблетканы) құрауы мүмкін. Ең жоғары тәуліктік доза 400 мг (8 таблетка) құрайды.
Егде жастағы пациенттер
75 жасқа дейінгі егде жастағы пациенттерге бүйрек немесе бауыр функциясының клиникалық айқын жеткіліксіздігі жоқ ересектерге арналған доза тағайындалуы мүмкін. 75 жастан асқан пациенттерге дозалар арасында үлкен аралық талап етілуі мүмкін, себебі препараттың организмнен шығу кезеңі артуы мүмкін. Дозаны арттырған кезде пациент мұқият бақылауда болуы тиіс.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Мұндай пациенттерде трамадолдың организмнен шығу кезеңі артуы мүмкін болғандықтан, пациенттердің қажеттіліктерін ескере отырып, дозалар арасындағы аралықты ұзарту туралы шешім қабылдауға мұқият қарау керек. Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр дәрежедегі (креатинин клиренсі ˂10 мл/мин) пациенттерге Трамадолды қабылдау ұсынылмайды.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Препарат бауыр функциясы ауыр бұзылуған пациенттерге ұсынылмайды. Ауырлығы азырақ жағдайларда пациенттердің жеке ерекшеліктеріне сәйкес бір реттік дозаларды қабылдау арасындағы аралықты ұлғайту ұсынылады.
Енгізу жолы және тәсілі
Ішке, аз мөлшерде сұйықтықпен ішу.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы жекелей анықталады, препаратты емдік тұрғыдан ақталған мерзімнен артық тағайындауға болмайды.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, қарашықтың кішіреюі немесе кеңеюі, артериялық қысымның төмендеуі, сананың тежелуі (коматозды жағдайға дейін). Трамадол гидрохлоридімен артық дозаланудың ең қауіпті салдары тыныс алудың тарылуы, тіпті тыныстың тоқтауына дейін (апноэ) және құрысулар болып табылады.
Емі: асқазанды шаю, өкпе вентиляциясын адекватты сүйемелдеу және мамандандырылған бөлімше жағдайында симптоматикалық терапия. Антидоты тыныс алудың тежелуі кезінде налоксон болып табылады, құрысулар кезінде диазепам қолданған жөн.
Арнайы шаралар
Конвульсиялар: пациентті қосарласқан жарақаттардан сақтау, диазепамды в/і енгізу немесе басқа бензодиазепиндерді инъекция түрінде енгізу.
Гипотензия: пациенттің көлденеңінен жатуы, қажет болған жағдайда электролит ерітінділерін, вазопрессорларды тамыр ішіне құю.
Анафилаксиялық шок: шұғыл жәрдем дәрігеріне хабарласу; пациентті көлденеңінен жатқызу, дененің төменгі бөлігін сәл жоғары көтеру, электролитті ерітінділердің қарқынды инфузиясын бастау.
Жүректің тоқтауы: жүрек пен өкпені шұғыл реанимациялау, шұғыл жәрдем дәрігеріне хабарласу.
Тыныс алудың тоқтатуы: жүрек пен өкпені шұғыл реанимациялау, шұғыл жәрдем дәрігеріне хабарласу, тыныс орталығының депрессиясына антидот налоксон болып табылады.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуына нұсқау
Егер пациентке трамадолмен емдеу қажет болмаса, «тоқтату» симптомдарының алдын алу үшін дозаны біртіндеп азайту керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілінің түсіндірмесін алу үшін кеңес алу үшін медициналық қызметкерге жүгіну ұсынылады.
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.