Қолдану көрсеткіштері
- табиғаты әртүрлі экзогендік және эндогендік токсикоздарда (уытсыздандырғыш дәрі ретінде)
- тағамдық токсикоинфекцияларда, сальмонеллезде, дизентерияда (кешенді емдеуде)
- дәрілік препараттармен (психотроптық, ұйықтатқыш, есірткілік дәрілермен және басқалармен), алкалоидтармен, ауыр металл тұздарымен және басқа да улармен уланғанда
- диспепсиямен, метеоризммен қатарласа жүретін асқазан-ішек жолының ауруларында
- тағамдық және дәрілік аллергияда
- гипербилирубинемияда (вирус гепатиті және басқа да сарғаюлар)
- гиперазотемияда (бүйрек жеткіліксіздігі)
- ультрадыбыстық және рентгенологиялық зерттеулерде (ішекте газдың түзілуін азайту үшін)