Қолдану көрсеткіштері
Ересектер мен 3 ай және одан үлкен жастағы балалардағы инфекцияларды емдеу:
- ауыр пневмонияда, оның ішінде ауруханаішілік және ӨЖЖ-астасқан пневмонияда
- муковисцидоз кезінде бронх-өкпе инфекцияларында
- несеп шығару жолдарының асқынған инфекцияларында
- құрсақ қуысының асқынған инфекцияларында
- босану кезіндегі және босанғаннан кейінгі инфекцияларда
- терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларында
- жедел бактериялық менингитте
Егер қызба бактериялық инфекцияға байланысты болса, Меропенем препаратын нейтропениясы бар пациенттерде қолдануға болады.
Меропенем жоғарыда аталған инфекциялардың кез келгеніне байланысты немесе болжамды байланысты бактериемияларды емдеу үшін қолданылады.
Препаратты тағайындау кезінде бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдану бойынша ресми нұсқаулықтардың ұсыныстарын ескеру қажет.