Құрамы
Бір таблетка құрамында
белсенді зат: алоглиптин бензоаты 17 мг (12.5 мг алоглиптинге баламалы) және 34 мг (25 мг алоглиптинге баламалы)
қосымша заттар:
Ядро: маннитол, микрокристалды целлюлоза, гидроксипропил-целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты
12.5 мг дозаға арналған үлбірлі қабық құрамы: гипромеллоза 2910, титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172), полиэтиленгликоль 8000, сұр сия F1
25 мг дозаға арналған үлбірлі қабық құрамы: гипромеллоза 2910, титанның қостотығы (E171), темірдің қызыл тотығы (Е 172), полиэтиленгликоль 8000, сұр сия F1
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Таблетканың бір жағында «TAK» және «ALG-12.5» жазуы бар, екі беті дөңес, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған сопақша таблеткалар (12.5 мг доза үшін);
Таблетканың бір жағында «TAK» және «ALG-25» жазуы бар, екі беті дөңес, ашық-қызыл түсті үлбірлі қабықпен қапталған сопақша таблеткалар (25 мг доза үшін).