Қолдану көрсеткіштері
- алкогольге тәуелділік қайталануының профилактикасында (қосымша дәрі ретінде)
- алкогольге тәуелділік қайталануының профилактикасында (қосымша дәрі ретінде)
- дисульфирамға немесе қосымша мәліметтер бөлімінде көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
- бүйрек жеткіліксіздігі
- ауыр тыныс алу жеткіліксіздігі
- қант диабеті
- эпилепсия
- психоневрологиялық аурулар
- жүрек-қантамыр аурулары
- спирттік ішімдіктер немесе алдындағы 24 сағат ішінде құрамында алкоголь бар дәрілік препараттар қабылдау
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Ұсынылмайтын біріктірілімдер
- алкоголь (сусын түрінде немесе дәрілік препараттың компоненті түрінде): қан кернеу, терінің қызаруы, құсу, тахикардия түріндегі дисульфирамдық реакциялар. Дәрілік препарат пациенттің организмінен толық шығарылғанға дейін спиртті ішімдіктер мен құрамында спирті бар дәрілік заттарды қабылдаудан аулақ болу керек. Препараттың жартылай шығарылу кезеңіне қарау керек.
- изониазид: мінез-құлықтың және қимыл үйлесімінің бұзылуы.
-метронидазол: емдеуді тоқтатқан кезде қайтымды жедел психоздық эпизодтардың немесе сананың шатасуының даму қаупі.
- фенитоин (және фосфенитоинге экстраполяция кезінде): уыттану белгілерімен фенитоиннің плазмалық концентрациясының едәуір және жылдам жоғарылауы (бауыр метаболизмінің төмендеуі). Егер осы біріктірілімді қолданбау мүмкін болмаса, клиникалық мониторинг және дисульфираммен емдеуді тоқтатқан кезде және одан кейін плазмадағы фенитоин концентрациясына мониторинг жүргізу қажет.
Сақтық шараларын қабылдау қажет біріктірілімдер
- К дәруменінің антагонистері: пероральді антикоагулянттардың әсері күшеюі және қан кету қаупі ұлғаяды.
ХҚҚ көрсеткіштерін анағұрлым жиі бақылау қажет. К дәрумені антагонисінің дозасын дисульфираммен емдеу үдерісінде түзету керек және емдеуді тоқтатқаннан кейін 8 күн бойы ұстап тұру керек.
Назарға алынуы керек біріктірілмдер
- кокаин: дисульфирам қан плазмасындағы кокаин концентрациясының айтарлықтай жоғарылауына және QT аралығының ұзару қаупінің жоғарылауына әкеле отырып, кокаин метаболизмін тежеуі мүмкін. Дисульфирамды кокаин қабылдайтын пациенттерге сақтықпен қолдану керек.
Дозалау режимі
Күніне бір таблетка.
Қолдану тәсілі
Таблетканы таңертең, таңғы ас кезінде, спирттік ішімдіктерді қабылдаудан кемінде 24 сағат бас тартудан кейін ғана жарты стакан сумен ішіп қабылдау керек.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Дисульфираммен артық дозалануы неврологиялық бұзылыстарды тудыруы мүмкін: экстрапирамидалық синдром, сананың бұзылуы, оның ішінде кома және сананың шатасуы, энцефалопатия.
Емі: симптоматикалық.
Дисульфираманың алкогольмен бірігіп артық дозалануы комаға, сандырақтауға, кейде неврологиялық асқынулармен жүрек-қантамыр коллапсына түрткі болуы мүмкін.
Препаратты қабылдау бойынша сұрақтар туындаған жағдайда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгініңіз
14 немесе 25 таблеткадан пластмасса қақпағы бар және алғашқы ашылуы бақыланатын полиэтилен құтыға салынады.
Құтының қақпағында серия №, шығарылған күні және жарамдылық мерзімі сиялы баспа әдісімен көрсетіледі.
1 полиэтилен құтыдан қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
По 14 или 25 таблеток помещают в полиэтиленовый флакон с пластмассовой крышкой и контролем первого вскрытия.
На крышке флакона указывают № серии, дату выпуска и срок годности методом чернильной печати.
По 1 полиэтиленовому флакону вместе с инструкцией по применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден