Қолдану көрсеткіштері
Әйелдерде сынулардың алдын алу мақсатында менопаузадан кейінгі остеопорозды емдеу үшін.
Омыртқалардың сыну қаупінің төмендеуі туралы деректер бар, ортан жілік мойнының сынуы кезінде тиімділік анықталмаған.
Әйелдерде сынулардың алдын алу мақсатында менопаузадан кейінгі остеопорозды емдеу үшін.
Омыртқалардың сыну қаупінің төмендеуі туралы деректер бар, ортан жілік мойнының сынуы кезінде тиімділік анықталмаған.
ибандрон қышқылына немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
қандағы кальций деңгейінің төмендеуі (гипокальциемия)
тағамның қозғалысы бұзылатын өңеш ауруы (өңештің тарылуы- өңештің стриктурасы, асқазанға түсер алдында өңеш бөлігінің түйілуі - кардия ахалазиясы)
пациент үшін таблетканы қабылдағаннан кейін 60 минут бойы тік қалыпта тұрудың немесе отырудың мүмкін болмауы
жүктілік және емізу кезеңі
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Бонеост препаратын қабылдағаннан кейін 60 минут бойы жатуға болмайды. Асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігінің (ауызжұтқыншақ) ойық жаралануына (ойық жаралар) байланысты таблеткаларды шайнауға немесе соруға болмайды. Құрамында кальций бар минералды суды немесе сусындарды (судан басқа) немесе кез-келген басқа пероральді дәрілік препараттарды немесе тағамдық қоспаларды (кальций бар) қолдануға болмайды. Егер ағынды суда (кермек су) кальцийдің жоғары деңгейі туралы күдік болса, минералды құрамы төмен бөтелкедегі суды пайдалану ұсынылады.
Кальций қоспалары, асқазандағы қышқылдықты төмендететін препараттар (антацидтер) және құрамында поливалентті катиондар (мысалы, алюминий, магний, темір) бар кейбір пероральді дәрілік препараттар ибандрон қышқылының сіңуін бұзуы мүмкін, сондықтан Бонеост препаратын қабылдағанға дейін 6 сағат бойы және қабылдағаннан кейін 1 сағат ішінде басқа дәрілік препараттарды қабылдауға болмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Тамақ өнімдерімен өзара әрекеттесуі: тамақпен бір мезгілде қабылдаған кезде Бонеост препаратының сіңуі төмендейді. Құрамында кальций (мысалы, сүт) және басқа поливалентті катиондар (мысалы, алюминий, магний, темір) бар өнімдер препараттың сіңуін бұзуы мүмкін. Сондықтан Бонеост препаратын ашқарынға қабылдау ұсынылады (кем дегенде 6 сағаттық түнгі ашығудан кейін) және Бонеост препаратын пероральді қабылдағаннан кейін 1 сағат бойы тамақтануды тоқтата тұру керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі: басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу ықтималдығы аз. Препарат тек бүйрек арқылы шығарылады және адам ағзасында ешқандай өзгерістерге ұшырамайды.
Дозалау режимі
Ішке, айына бір рет 150 мг-ден (1 таблетка).
Балалар
Бонеост препараты 18 жасқа дейінгі балаларда қолданылмайды.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерге дозаны түзету қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр функциясы бұзылған жағдайда дозаны түзету қажет емес.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Әлсіз және орташа айқын бүйрек жеткіліксіздігі кезінде дозаны түзету қажет емес. Препаратты ауыр бүйрек ауруы кезінде қолдану ұсынылмайды (креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен пациенттерге).
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдауға арналған. Бонеост препаратының таблеткасын отырған немесе тұрған қалыпта тұтастай, бір стақан (180–240 мл) таза сумен ішіп жұту керек.
Кальцийдің жоғары концентрациясы бар суды қолдануға болмайды. Су - Бонеост препаратын ішуге болатын бір ғана сусын.
Бонеост препаратын қабылдағаннан кейін 60 минут ішінде жатуға болмайды. Ауыз-жұтқыншақта ойық жараның ықтималды түзілуіне байланысты таблеткаларды шайнауға немесе соруға болмайды. Құрамында кальций көп болатын минералды суды (судан басқа) немесе сусындар немесе кез-келген басқа пероральді дәрілік препараттарды немесе тағамдық қоспаларды (соның ішінде кальций) қолдануға болмайды. Егер құбыр суындағы кальцийдің (кермек су) әлеуетті жоғары деңгейіне қатысты күдік туындаса, минералды заттар мөлшері төмен бөтелкедегі суды пайдалану ұсынылады.
Кальций қоспалары, антацидтер және құрамында поливалентті катиондар (мысалы, алюминий, магний, темір) бар кейбір пероральді препараттар ибандрон қышқылының сіңуін бұзуы мүмкін, сондықтан пациенттер Бонеост препаратын қабылдағанға дейін 6 сағат бойы және қабылдағаннан кейін 1 сағат бойы басқа препараттарды пероральді қабылдамауы тиіс.
Қабылдау уақытын көрсете отырып қолдану жиілігі
Әр айдың бір күнінде, түнгі ашығудан кейін (кем дегенде 6 сағат), сол күні бірінші тамақтанудан немесе сұйықтық ішуден (судан басқа) немесе басқа пероральді дәрі-дәрмектерді немесе тағамдық қоспаларды (кальцийді қоса) қабылдаудан 1 сағат бұрын қабылдаған жөн. Сондай-ақ, кальций және/немесе D дәруменінің қосымша мөлшерін қабылдау керек, егер олардың тамақпен бірге тұтынылуы жеткіліксіз болса.
Емдеу ұзақтығы
Остеопорозды емдеудің оңтайлы ұзақтығы анықталмаған. Дәрігер Бонеост препаратымен емдеуді жалғастыру қажеттілігін дәрігер әсіресе 5 немесе одан да көп жыл қолданғаннан кейін пайда/қауіп арақатынасын ескере отырып, жеке бағалайды.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Симптомдары: үлкен дозаларды пероральді қабылдау асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлімдерінің жағымсыз реакцияларына әкелуі мүмкін. Асқазан бұзылысы, іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсыну немесе жайсыздықтың дамуы (диспепсия), өңештің шырышты қабығының қабынуы (эзофагит), асқазанның шырышты қабығының қабынуы (гастрит), асқазан ойық жарасы немесе қандағы кальцийдің төмендеуі (гипокальциемия) болуы мүмкін.
Емі: арнайы ақпарат жоқ. Ибандрон қышқылын байланыстыру үшін сүт немесе асқазан қышқылдығын төмендететін препараттар қолданылады (антацидтер), қажет болған жағдайда симптоматикалық ем тағайындалады.
Өңештің тітіркену қаупіне байланысты құстыру қажет емес, пациент түрегеп тұруы тиіс.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда қажетті шаралар
Бонеост препаратын жоспарлы қабылдауды өткізіп алған жағдайда (егер жоспарланған қабылдауға дейін 7 күннен артық қалса) келесі күні таңертең Бонеост препаратының 150 мг бір таблеткасын қабылдап, әрі қарай белгіленген кестеге сәйкес айына 1 рет қабылдау керек.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну ұсынылады
Егер Бонеост препаратын келесі жоспарланған қабылдау 7 күн ішінде жүргізілуі керек болса, онда пациент келесі қабылдауды күтіп, содан кейін бастапқыда жоспарланғандай айына бір рет бір таблетка қабылдауды жалғастыруы керек.
Аптасына Бонеост препаратының 1 таблеткасынан артық қабылдауға болмайды.
Медициналық қызметкерден кеңес алу ұсынылады.
1 таблеткадан полиамид/алюминий/поливинилхлорид және алюминий фольгадан немесе поливинилхлорид/поливинилдихлорид және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
1 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
30° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 108₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Шымкенте:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
10588₸
10480₸
108₸