Қолдану көрсеткіштері
Гиперхолестеринемияны емдеу
- Алғашқы гиперхолестеринемиясы (IIa типі, гетерозиготалық отбасылық гиперхолестеринемияны қоса) немесе аралас дислипидемиясы (IIb) бар ересек пациенттер, 6 жастағы және одан үлкен балалар мен жасөспірімдер диета және емдеудің басқа дәрі-дәрмектік емес әдістері (мысалы, дене жаттығулары, дене салмағын азайту) жеткіліксіз болған кезде диетаға қосымша ретінде
- Гомозиготалық отбасылық гиперхолестеринемияда ересектерде, жасөспірімдерде және 6 жастағы және одан асқан балаларда диетамен емдеуге және липидтерді төмендететін емнің басқа әдістеріне (мысалы, ТТЛП-аферезі) қосымша ретінде немесе мұндай емнің тиімділігі жеткіліксіз болған жағдайларда.
Жүрек-қантамырларының ауыр асқынуларының профилактикасы
- алғашқы атеросклероздық жүрек-қантамырлық аурулар қаупі жоғары пациенттерде жүрек-қантамырларының ауыр асқынуларының профилактикасы үшін, басқа да қауіпті факторларды қосымша түзету ретінде.