Қолдану көрсеткіштері
Гиперхолестеринемияны емдеу
Бастапқы гиперхолестеринемиясы бар (IIa түрі, гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемияны қоса алғанда) немесе аралас дислипидемиясы (IIb түрі) бар ересектерде, жасөспірімдер мен 6 жастағы және одан жоғары балаларда диета және басқа да дәрі-дәрмектік емес әдістер (мысалы, дене жүктемесі, дене салмағының төмендеуі) тиісті жауапты қамтамасыз етпеген кезде диетаға қосымша ретінде.
Гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар ересектерге, 6 жастағы және одан үлкен жастағы жасөспірімдер мен балаларға диетаға және қан плазмасындағы липидтердің деңгейін төмендетуге бағытталған емдеудің басқа да әдістеріне (мысалы, тығыздығы төмен липопротеиндердің аферезі) қосымша ретінде немесе мұндай әдістерді пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда.
Жүрек-қантамырлар асқынуының алдын алу
Басқа қауіп факторларын түзету аясында қосымша шара ретінде бірінші жүрек-қантамырлық асқынудың даму қаупі жоғары пациенттерде жүрек-қантамырлық ауыр асқынуларының алдын алу.