Қолдану көрсеткіштері
Келесі жағдайларда:
жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі, дене және психоэмоционалды артық күш жұмсау;
цереброваскулярлық бұзылулар, бас жарақаттарын мен энцефалиттен кейінгі қалпына келтіру кезеңінде кешенді емдеуде.
Келесі жағдайларда:
жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі, дене және психоэмоционалды артық күш жұмсау;
цереброваскулярлық бұзылулар, бас жарақаттарын мен энцефалиттен кейінгі қалпына келтіру кезеңінде кешенді емдеуде.
әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез-келгеніне аса жоғары сезімталдық;
қолдану қауіпсіздігі туралы жеткілікті деректердің болмауына байланысты ауыр бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі;
жүктілік және лактация
осы кезеңде препараттың клиникалық қолданылуы туралы деректердің болмауына байланысты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Бауырдың және/немесе бүйректің созылмалы аурулары бар пациенттерге препаратты ұзақ уақыт қолданғанда сақ болу керек (бауыр және/немесе бүйрек функциясына бақылау жүргізу керек).
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Коронардилатациялайтын дәрілердің, кейбір гипотензиялық препараттардың, жүрек гликозидтерінің әсерін күшейтеді.
Антиангинальді дәрілермен, антикоагулянттармен, антиагреганттармен, аритмияға қарсы дәрілермен, диуретиктермен, бронхолитиктермен біріктіруге болады.
Мельдоний құрамында глицерилтринитраты бар препараттардың, нифедипиннің, бета-адреноблокаторлардың, басқа да гипотензиялық дәрілер мен шеткері вазодилаторлардың әсерін күшейте алады.
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде симптомдарды азайту үшін мельдоний мен лизиноприлді бір мезгілде қабылдағанда біріктірілген емнің оң әсері (негізгі артериялардың вазодиляциясы, шеткері қан айналымы мен өмір сапасын жақсарту, психикалық және физикалық стресстің төмендеуі) анықталды.
Ишемия/реперфузиядан туындаған зақымдануды жою үшін мельдонийді орот қышқылымен біріктіріп қолданғанда қосымша фармакологиялық әсер байқалды.
Темір тапшылығынан туындаған анемиясы бар пациенттерде Sorbifer мен мельдонийді бір мезгілде қолдану нәтижесінде қызыл қанды жасушаларда май қышқылдарының құрамы жақсарды.
Мельдоний азидотимидинмен (АЗТ) туындайтын жүректегі патологиялық өзгерістерді жоюға көмектеседі және митохондрияның дисфункциясына әкелетін АЗТ-мен туындаған тотығу стресс реакцияларына жанама әсер етеді. Мельдонийді АЗТ немесе жұқтырылған иммун тапшылығы синдромын (ЖИТС) емдеуге арналған басқа препараттармен біріктіріп қолдану ЖИТС терапиясына оң әсер етеді.
Этанолмен туындаған тепе-теңдік рефлексінің жойылу тестісінде мельдоний ұйқы ұзақтығын азайтты. Пентилентетразолмен туындаған құрысулар кезінде мельдонийдің айқын құрысуға қарсы әсері анықталды. Өз кезегінде, мельдоний терапиясы алдында йохимбин α2-адреноблокаторын 2 мг/кг дозада және N-(G)-нитро-L-аргининнің азот оксиді синтазасы тежегішін (NOA) 10 мг/кг дозада қолданғанда, мельдонийдің құрысуға қарсы әсері толығымен бөгелді.
Мельдониймен артық дозалану циклофосфамидпен туындаған кардиоуыттылықты арттыруы мүмкін.
D-карнитин (фармакологиялық белсенді емес изомер) мельдонийді қолдану кезінде пайда болатын карнитин тапшылығы ифосфамидпен туындаған кардиоуыттылықты арттыруы мүмкін.
Мельдоний индинавирмен туындаған кардиоуыттылық және эфавирензмен туындаған нейроуыттылық жағдайында қорғанышты әсер етеді.
Орташа тахикардияның және артериялық гипотензияның даму ықтималдығына байланысты әсері бірдей дәрілік заттармен, соның ішінде құрамында мельдоний бар басқа препараттармен біріктірілімде қолдану кезінде сақ болу керек.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолданылуы
Балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде мельдонийдің қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ, сондықтан бұл дәріні балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік
Препараттың жүктілікке, эмбрионның/шарананың дамуына, босануға және босанғаннан кейінгі дамуына әсерін бағалау үшін жануарларға жүргізілген зерттеулер жеткіліксіз. Адамдар үшін ықтимал қауіп белгісіз, сондықтан Милдронат® жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Лактация
Дәрінің ана сүтімен шығарылатыны белгісіз. Жаңа туған нәрестелер/сәбилер үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды, сондықтан баланы емшек сүтімен емізу кезінде бұл дәріні қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы деректер жоқ.
Дозалау режимі
Ересектер
Тәуліктік доза 500 мг (2 капсула) құрайды. Тәуліктік дозаны бірден қолдануға немесе екі бірдей дозаға бөлуге болады. Ең жоғары тәуліктік доза 500 мг құрайды.
Егде жастағы пациенттер
Бауыр және/немесе бүйрек қызметі бұзылған егде жастағы пациенттерде мельдоний дозасын төмендету қажет болуы мүмкін.
Бүйрек қызметі бұзылған пациенттер
Дәрі организмнен бүйрек арқылы шығарылатын болғандықтан, жеңіл және орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге мельдонийдің төмен дозасын қолдану керек.
Бауыр қызметі бұзылған пациенттер
Жеңіл және орташа дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге мельдонийдің төмен дозасын қолдану керек.
Балалар мен жасөспірімдер
Балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде мельдонийдің қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ, сондықтан бұл препаратты балалар мен жасөспірімдерде қолдану қарсы көрсетілімді.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қолданылады. Капсуланы сумен іше отырып, жұтады. Дәріні тамақтанар алдында немесе одан кейін қабылдауға болады. Ықтимал көтермелейтін әсерге байланысты дәріні күннің бірінші жартысында қолдану ұсынылады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы 4-6 аптаны құрайды. Емдеу курсын жылына 2-3 рет қайталауға болады.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Мельдониймен артық дозалану жағдайлары белгісіз, препараттың уыттылығы төмен.
Төмен қан қысымы кезінде бас ауыруы, бас айналу, тахикардия және жалпы әлсіздік болуы мүмкін.
Емі симптоматикалық.
Ауыр артық дозалану жағдайында бауыр мен бүйректің функциясын бақылау қажет.
Препараттың ақуыздармен айқын байланысуына байланысты гемодиализ маңызды мәнге ие болмайды.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Егер дәрілік препараттарды қолдану туралы сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігеріңізбен немесе фармацевтика қызметкерімен кеңесіңіз.
Капсулалар 250 мг.
10 капсуладан поливинилиденхлоридті жабыны бар поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
2 немесе 4 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25 °C –ден аспайтын температурада сақтау керек.
Ылғалдан қорғау үшін түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
4 жыл.
Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 °C –ден аспайтын температурада сақтау керек.
Ылғалдан қорғау үшін түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
Комментарий: Спасибо, витамины хорошие, есть польза.
Комментарий: Спасибо упаковщикам и самой лучшей аптеке.
Комментарий: Цена, конечно, огорчает, но Садыхан молодцы.
Комментарий: Хороший препарат от сосудов, маме покупаю в ампулах капать, а я, как аллергичка, пью только в ампулах и то днем. Всем огромное спасибо, кто принимал участие. Желаю всем здоровья и процветания.
Комментарий: Плюсы: Отлично.
Преимущества: Отлично работающий препарат. Периодически принимаю курсами, особенно во время интенсивных тренировок или дальних походов в горы. Полезен для сердца и помогает мышцам.
Достоинства: Эффективное средство от высокого давления.
Комментарий: Пользуюсь не в первый раз, препарат действительно хороший. Отдельная благодарность!
Преимущества: Прекрасно помогают справиться с высоким давлением.
Комментарий: Отличный препарат.
Достоинства: Цена приятная, заметно ниже, чем в городских аптеках.
Преимущества: Важный препарат для улучшения мозговой деятельности и состояния сосудов.
Комментарий: Отличное лекарство! Спасибо большое!
Преимущества: Обеспечивает прилив энергии и сил. Заряжает бодростью.
Преимущества: Мильдронат очень эффективен при больших нагрузках — увеличивает выносливость!
Достоинства: Нормальный срок годности. Благодарю!
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 1444₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Шымкенте:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
6084₸
4640₸
1444₸