Құрамы
Андрогендермен емдеуді жыныстық жетілуі баяулаған пациенттерде ерекше сақтықпен жүргізу керек. Сүйек жүйесінің жағдайын әр 6 ай сайын бақылап отыру керек. Тестостеронды допинг ретінде қолдану елеулі жағымсыз құбылыстарға себеп болуы мүмкін.
Тестостерон эфирлерімен емделетін пациенттерде, әсіресе қауіп факторлары (семіздік, тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары) болған кезде ұйқыдағы апноэының даму қаупінің жоғарылау жағдайлары сипатталған.
Педиатрияда қолдану
Омнадрен 250 балалар мен жасөспірімдерді емдеуге арналмаған; 18 жасқа дейінгі ер адамдарда клиникалық бағалау жүргізілген жоқ.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жануарларда жүргізілген зерттеу мен адамдарда бақылау шарананың дамуы үшін қауіптерді көрсетеді, бұл ана үшін басымдықтардан едәуір асып түседі. Тестостеронды жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Емшек сүтіне тестостеронның бөлінуі туралы ақпарат жоқ. Егер дәрілік затты қабылдауды бастау қажет болса, бала емізуді тоқтату керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын басқару және қозғалатын механизмдерге қызмет көрсету қабілетіне әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Дозалары клиникалық бағалауға және зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес әр адамға жеке, аурудың түріне және жыныс бездері функциясының бұзылу дәрежесіне, сондай-ақ емдеудің тиімділігіне, препараттың көтерімділігі мен аурудың жалпы ағымына байланысты таңдалады.
Әдетте препаратты 1 ампуладан әр 3 апта сайын 1 рет бұлшықет ішіне тағайындайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Бұлшықет ішіне инъекцияға арналған. Инъекцияларды бөксе бұлшықетіне терең енгізу керек.