– термиялық, химиялық және сәулемен емдеуден кейінгі күйіктерде, тесілулерде, дерматиттерде, дерматоздарда, баяу жазылатын жарақаттарда және ойық жараларда, оның ішінде инфекция жұқтырғандарды қоса
Қарсы көрсеткіштер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- 3 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және бала емізу кезеңі
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Қатысты емес
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Азық-түлікпен, сусындармен және алкогольмен өзара әрекеттесуі
Өзара әрекеттесуге зерттеу жүргізілген жоқ
Арнайы сақтандырулар
Препарат косметикалық тәжірибеде пайдаланылуы мүмкін.
Препарат иммундық қорғанысы төмендеуімен қатар жүретін ауруларды емдегенде жалпы нығайтатын дәрі ретінде ұсынылуы мүмкін.
Жағымсыз құбылыстар мен басқа реакциялар пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтату керек.
Педиатрияда қолдану
Қызыл май полифитті майы балалар тәжірибесінде 3 жастан бастап ұсынылғаннан аспайтын дозада тағайындайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүкті әйелдерде және бала емізу кезеңінде Қызыл май, полифитті майын қолдану туралы деректер жеткіліксіз. Алдын алу шарасы ретінде Қызыл май, полифитті майын жүктілік кезінде және бала емізу кезінде қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Арнайы нұсқаулар
Препарат косметикалық тәжірибеде пайдаланылуы мүмкін.
Препарат иммундық қорғанысы төмендеуімен қатар жүретін ауруларды емдегенде жалпы нығайтатын дәрі ретінде ұсынылуы мүмкін.
Жағымсыз құбылыстар мен басқа реакциялар пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтату керек.
Педиатрияда қолдану
Қызыл май полифитті майы балалар тәжірибесінде 3 жастан бастап ұсынылғаннан аспайтын дозада тағайындайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүкті әйелдерде және бала емізу кезеңінде Қызыл май, полифитті майын қолдану туралы деректер жеткіліксіз. Алдын алу шарасы ретінде Қызыл май, полифитті майын жүктілік кезінде және бала емізу кезінде қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Қолдану бойынша ұсыныстар
Дозалау режимі
Тыныс алу жолдары аурулары кезінде
Мұрын жолдарының шырышты қабықтарына күніне 1 – 3 рет жағу түрінде. Емдеу курсы – 2 – 6 апта
Мұрын-жұтқыншаққа немесе көмейге 0,5 мл-ден құю, 10-15 емшара. Ішке тамақтанардан 20-30 минут бұрын ересектерге 1 шай қасықтан, балаларға 3 жастан бастап 1/2 шай қасықтан күніне 2-3 рет. Емдеу курсы – 2-6 апта.
Асқазан-ішек жолының аурулары кезінде:
1/2 шай қасықтан күніне 4-6 рет тамақтанардан 1 сағат бұрын қышқыл сүт өнімдері, кисель немесе балмен ішу керек. Емдеу курсы 4-8 апта.
Простатитте, проктитте, геморройда препаратты клизма түрінде (ішекті алдын ала тазалаған соң) күніне 10-15 мл-ден 1 рет енгізеді, емдеу курсы 20-25 емшара.
Сыртқа – анус сызаттары, геморрой кезінде күніне 2-3 рет жағу керек.
Тері және шырышты қабықтың күйіктері, тесілулері, сәулемен зақымдануы кезінде:
Өңезден тазаланған беткейге майды жағып, күн сайын ауыстырып тұратын дәке таңғышты салады.
Көмей, өңеш, асқазан обырын сәулемен емдеуде:
Тамақтанған соң 1/2 шай қасықтан күніне 6-8 рет сәулемен емдеудің бүкіл курсы бойы және одан әрі тағы 2-3 апта.
Гинекологиялық аурулар кезінде: бүркіп-сулау түрінде, майға малынған тампондарды қынапқа енгізеді, емдеу курсы 20-30 емшара.
Препаратты бүріккіші бар құтыда қолдану тәсілі:
Артық дозалану
Артық дозалану анықталған жоқ
Тоқтату белгілері қаупінің болуын көрсету
Тоқтату белгілері анықталған жоқ
Дәрілік препаратты қолдану әдісі бойынша түсінік алу үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну туралы ұсыныстар
Қызыл май, полифитті май препаратын қолданар алдында емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.
Шығарылу түрі
30 мл, 50 мл және 100 мл препараттан бұрандалы мойны бар қызыл сары шыныдан жасалған дәрілік затқа арналған шыны құтыларда. Сыйымдылығы 30 мл, 50 мл, 100 мл құтылар полиэтилен тамшылатқыштармен және алғаш ашылуы бақыланатын бұрандалы полипропилен қақпақтармен тығындалған.
Полиэтилен тамшылатқыштармен және алғаш ашылуы бақыланатын бұрандалы полипропилен қақпақтармен тығындалған 30 мл, 50 мл және 100 мл препараттан бұрандалы мойны бар қызыл сары шыныдан жасалған дәрілік затқа арналған шыны құтыларда, бүріккішпен жиынтықта.
Құтыларға заттаңбалық қағаздан жасалған заттаңба жапсырылады. Әр құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге хром-эрзац маркалы қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе тұтыну ыдысы үшін жиналмалы қораптарға арналған хром-эрзац картон қорапқа қапталады. Қорапқа «Авторлардан түпнұсқа» деген жазуы бар голограмма жапсырылады.
Қораптарды топтық ыдысқа 50 данадан (30 мл, 50 мл) және 25 данадан (100 мл) қаптайды, оған заттаңба жапсырылады.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Пайдаланар алдында шайқау керек!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жарамдылық мерзімі
2 жыл
Ашқаннан кейін сақтау мерзімі - 30 күн
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Көлемі
100 мл
Сатып алу мәліметтері
Төлем
Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, тапсырысты төлеудің келесі тәсілдері қолжетімді:
• Daribar сайтында немесе қосымшасында карта, Apple Pay, Google Pay арқылы,
• Рецептімен берілетін тауарларды төлеген кезде — дәріхана кассасында Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы.
Жеткізуді таңдаған кезде, тапсырысты төлеудің келесі тәсілдері қолжетімді:
• Daribar сайтында немесе қосымшасында карта, Apple Pay, Google Pay арқылы.
Жеткізу
Жеткізу Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Рудный, Семей, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен, Шымкент, Екібастұз қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive сервисі арқылы жүзеге асырылады.
Choco қызметінен басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізу шарттарын қолдау қызметінен нақтылаңыз.
Қайтару
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтаруға және айырбастауға жатпайды. Ақпаратты нақтылау үшін біздің қолдау қызметімізге хабарласыңыз.
Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық
Біздің сайтта сатып алуға болады “қызыл май полифитті май 100 мл” дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
Тексерілген
Провизор
Каражанова Айгерим
Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес,
анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді