Қолдану көрсеткіштері
-ересектер мен 1-ден 18жасқа дейінгі балаларда бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінен (БСЖ) болған симптоматикалық анемияны,соның ішінде мыналарды емдеу үшін:
гемодиализде жүрген балаларда және ересектерде, сондай-ақ перитонеальді диализ қабылдап жүрген ересектерде бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі (БСЖ) салдарынан болған анемияны;
гемодиализ әлі жүргізілмеген, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар ересектерде клиникалық симптомдармен қоса жүретін, генезі бүйректік анемияның ауыр түрін.
-ірі жаңа түзілімдер, қатерлі лимфома немесе көптеген миелома себебінен химиотерапиялық препараттармен ем қабылдап жүрген ересектерде, сондай-ақ жалпы жағдайының себепші болуынан гемотрансфузияны қажет ету қаупі бар адамдарда анемияны емдеу үшін және қан құю қажеттілігін азайту үшін (жүрек-қантамыр ауруларымен байланысты немесе, егер анемия химиотерапияны бастағанға дейін білінсе)
сарысулық эритропоэтин төмен деңгейде (<200 ХБ/мл) болатын, қауіп деңгейі төмен немесе аралық 1 деңгейдегі алғашқы миелодиспластикалық синдромдары (МДС) бар ересек пациенттерде симптоматикалық анемияда (гемоглобин деңгейі ≤10 г/дл)
депозит алды бағдарламасы аясында аутологиялық қан құюдың тиімділігін арттыру үшін.Осындай жағдайда тек тромбоэмболиялық асқынулар қаупінің дәлелденгенін ескере отырып қолданылуы мүмкін.Емдеу орташа айқын анемиясы (Hb 10-13г/дл темір тапшылығынсыз) бар пациенттерге, егер құйылатын қанды үлкен (еркектерде 5 және одан көбірек және әйелдерде 4 немесе одан көбірек) көлемде қажет етуі мүмкін жоспарлы ауқымды хирургиялық араласымдарда қанның жоғалуына жол бермеу шаралары мүмкін емес немесе тиімді емес болса, қолданылады
темір тапшылықты анемиясы жоқ ересек пациенттерде жоспарлы ауқымды ортопедиялық операция жүргізер алдында аллогендік гемотрансфузияларға қажеттілікті азайту және эритропоэздің қалпына келуін жеңілдету үшін. Операция алдында аутологиялық қан даярлау бағдарламасына қатысатын және орташа қан жоғалту (900-1800 мл) күтілетін, ауырлығы орташа анемиясы бар (гемоглобин деңгейі 10-13 г/дл) пациенттерге қолдану шектелген.