Қолдану көрсеткіштері
Инъекцияға және инфузияға арналған Помпезо препараты ересектерде:
- пероральді қабылдау мүмкін болмаған кезде асқазанның антисекрециялық емі, мысалы:
эзофагиті және/немесе ауыр рефлюкс симптомдары бар пациенттерде гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы (ГЭРА);
қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) қабылдаумен байланысты асқазанның ойық жараларының жазылуы;
қауіп тобына жататын пациенттерде ҚҚСП қолданумен байланысты асқазан және он екі елі ішек ойық жараларының профилактикасы.
асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасынан жедел қан кету кезінде емдік эндоскопиядан кейін қайта қан кетудің алдын алу үшін қолданылады.
Инъекцияға және инфузияға арналған Помпезо препараты 1-18 жастағы балалар мен жасөспірімдерде:
- пероральді қабылдау мүмкін болмаған кезде асқазанның антисекрециялық емі, мысалы:
эрозиялық рефлюкс эзофагиті және/немесе ауыр рефлюкс симптомдары бар пациенттердегі ГЭРА.