Қолдану көрсеткіштері
Цефподоксим сезімтал микроорганизмдерден туындаған мынадай инфекцияларды емдеу үшін тағайындалады:
- синусит;
- тонзиллит және фарингит;
Жоғарыда көрсетілген көрсетілімдер бойынша цефподоксимді қайталанатын немесе созылмалы инфекцияларға немесе қоздырғышы белгілі немесе әдетте пайдаланылатын антибиотиктерге төзімді болып табылатын инфекциялар үшін немесе әдетте қолданылатын антибиотиктер жағдайында қандай да бір себептермен қолдануға болмайды.
- жедел бронхит;
- созылмалы бронхиттің өршуі;
- ауруханадан тыс пневмония;
Цефподоксим стафилококкты пневмонияны емдеуге қолайлы антибиотик болып табылмайды және Legionella, Mycoplasma және Chlamydia сияқты микроорганизмдерден туындаған атипиялық пневмонияны емдеуде пайдаланылмауы тиіс.
Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше пайдалану туралы ресми нұсқауларды ескерген жөн.