Құрамы
1 г препараттың құрамында
белсенді зат – 1.0 мг адапален,
қосымша заттар: динатрий эдетаты, карбомер 940, пропиленгликоль, метилпарабен, феноксиэтанол, полаксамер 407, натрий гидроксиді, тазартылған су.
1 г препараттың құрамында
белсенді зат – 1.0 мг адапален,
қосымша заттар: динатрий эдетаты, карбомер 940, пропиленгликоль, метилпарабен, феноксиэтанол, полаксамер 407, натрий гидроксиді, тазартылған су.
- ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі безеу бөрпесі, соның ішінде комедондар, папулалар және пустулалармен. Бет, кеуде немесе артқы жағындағы безеулерді емдеуге қолайлы.
- әсер етуші затқа немесе 6.1-бөлімде атап көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі
- ауыр гиперлипидемия
- жүктілік
- емшек емізу кезеңі
- 12 жасқа дейінгі балалар.
Емдеудің алғашқы аптасы ішінде белсенді заттың бұрын көрінбеген зақымдану ошағына әсер етуі салдарынан безеулік үдеріс өршуі мүмкін. Терінің тітіркенуі болған кезде препартты сиректеу пайдаланған, немесе пайдалануды уақытша тоқтатқан, немесе препаратты қолдануды мүлдем тоқтатқан жөн.
Клензит гелінің көз, ерін, мұрын қанаттарымен және көз айналасы терісімен, сондай-ақ шырышты қабықтарымен жанасуынан аулақ болу керек. Егер гель осы бөліктерге тиіп кетсе, жылы сумен мұқият жуу керек. Гельді дерматитте, терінің экзематозды, күнге күйген немесе зақымданған жерлеріне жағуға, сондай-ақ оны жергілікті қолдануға арналған басқа да кератолитикалық препараттармен біріктіріп пайдаланбаған жөн. УК және күн сәулесінің әсер етуінен аулақ болған дұрыс.
Емдеу кезінде теріні құрғататын косметикалық заттарды (абразивті немесе емдік сабын, тері тазартқыштар; құрамында спирт мөлшері шамадан тыс тұтқыр заттар, қырынуға арналған және қырынғаннан кейінгі кремдер немесе лосьондар, жуғыш заттар сияқты) қолдану тітіркендіретін әсерін туындатуы мүмкін. Препаратпен емдеу кезінде аллергия туындаған жағдайда емді тоқтатып, дәрігерге көрінген жөн. Қолданып болғаннан кейін сықпаның қақпағын нығыздап жабу керек. Препарат құрамында баяу түрдегі аллергиялық реакцияларды туындатуы ықтимал метилпарагидроксибензоат (метилпарабен) болады. Пропиленгликоль толтырғышы терінің тітіркенуін туғызуы мүмкін.
Препарат ауыр безеулі бөртпесі бар науқастарға пайдаланылмауы тиіс.
Педиатрияда қолданылуы
Гельдің қауіпсіздігі мен тиімділігі 12 жасқа дейінгі балаларда зерттелмеген.
Жүктілік және лактация кезеңі
Клензитті жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды. Препаратпен емдеудің бүкіл курсы бойы және емдеуден кейін 1 ай өткенге дейін контрацепцияның сенімді дәрілерін пайдалану қажет. Жүктілікті жоспарлаған жағдайда препаратты қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлік басқаруға немесе күрделі техникалық құрылғылармен жұмысқа әсер етпейді.
Дозалау режимі
Көзге және ерінге тигізуден сақтана отырып, бөртулері бар жерлерге жеңіл жанаса, біркелкі етіп, құрғақ теріге күніне 1 рет ұйықтар алдында жағады.
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқа
Емдеу ұзақтығы
Клиникалық нәтижесі емдеудің 4-8 аптасынан соң басталады. Емдеу курсының ұзақтығын дерматолог белгілейді.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Клензитпен артық дозалану жағдайлары байқалмаған.
Клензитті ауызша қабылдауға болмайды, гель тек сыртқы қолдануға арналған. Егер аз мөлшерде кездейсоқ жұтылса, асқазанды босатудың тиісті әдісін қарастырған жөн.
Белгілері: шамадан тыс қолданған кезде қызару, қабыршықтану, жайсыздық сезімі байқалуы мүмкін.
Емі: зақымданған аумақты жуып-шаю, симптоматикалық ем.
Клензитпен артық дозалану жағдайлары байқалмаған.
Клензитті ауызша қабылдауға болмайды, гель тек сыртқы қолдануға арналған. Егер аз мөлшерде кездейсоқ жұтылса, асқазанды босатудың тиісті әдісін қарастырған жөн.
Белгілері: шамадан тыс қолданған кезде қызару, қабыршықтану, жайсыздық сезімі байқалуы мүмкін.
Емі: зақымданған аумақты жуып-шаю, симптоматикалық ем.
15 г-ден бұрандалы пластмасса қақпағы бар алюминий сықпада.
1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден
Сіздің үнемдеуіңіз: 87₸
Жақсы іздеудің арқасында пайда:
Орташа баға Уральске:
Daribar-дан тапсырыс бергенде:
Сіздің үнемдеуіңіз:
5337₸
5250₸
87₸