Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат – 140 мг ибрутиниб, 100 % затқа шаққанда,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, натрий лаурилсульфаты, магний стеараты;
капсуланың корпусы: титанның қостотығы (Е 171), желатин;
жазуға арналған бояудың құрамы Colorcon Opacode® S-1-17822 және Opacode® S-1-17823: этанолдағы шеллак лагы (этерификацияланған 20%), темірдің қара тотығы (Е 172), n-бутил спирті, 2-пропанол, аммиак ерітіндісі 28%, пропиленгликоль (Е 1520).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өлшемі 0, «ibr 140 mg» қара жазуы бар, ақ түсті қатты желатинді мөлдір емес капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – ақтан ақ дерлік түске дейінгі ұнтақ.