daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Вальсакор Таблеткалары 80 Мг №28 | KRKA d.d., Novo mesto

Уральске қаласындағы Вальсакор Таблеткалары 80 Мг №28 | KRKA d.d., Novo mesto
Сипаттама:

Дөңгелек, екі жақ беті дөңес, бір жағында сызығы бар қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (80 мг доза үшін). Сопақша, екі жақ беті дөңес, бір жағында сызығы бар сарғыштау-қоңыр түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (160 мг доза үшін).

Халықаралық атауы:

Валсартан

Өндіруші:

KRKA d.d., Novo mesto

Өндіруші ел:

Республика Словения

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, повидон К 25, натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза 6 сР, титанның қостотығы (Е171), темірдің қызыл тотығы (Е172), макрогол 4000, темірдің сары тотығы (Е172) (160 мг доза үшін) Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Дөңгелек, екі жақ беті дөңес, бір жағында сызығы бар қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (80 мг доза үшін). Сопақша, екі жақ беті дөңес, бір жағында сызығы бар сарғыштау-қоңыр түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (160 мг доза үшін).

Белсенді заттың дозасы:

80 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 80 мг, 160 мг

Қаптамадағы саны:

28 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

ересектердегі артериялық гипертензияда

6-дан 18 жасқа дейінгі балалардағы артериялық гипертензияда

диуретиктер, оймақгүл препараттары түрінде стандартты ем алатын, сондай-ақ жекелеп не АӨФ тежегіштерін не бета-блокаторларды алатын, бірақ бір мезгілде емес (аталған барлық препараттарды қолдану міндетті емес), ересек пациенттердегі жүрек жеткіліксіздігінде

глюкозаға төзімділігі бұзылған және жүрек-қантамыр бұзылу қаупі бар ересек пациенттердегі артериялық гипертензияда

сол жақ қарыншалық жеткіліксіздік және/немесе сол жақ қарыншалық систолалық дисфункция белгілері бар клиникалық тұрақты ересек пациенттерде инфаркттан кейінгі жай-күйде қолданылады

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі, бауырдың билиарлы циррозы, холестаз

- жүктіліктің екінші және үшінші триместрі

- 6 жасқа дейінгі балалар

- галактоземия, Лапп лактаза тапшылығы немесе мальабсорбция синдромы

глюкоза-галактоза

- Вальсакор® препаратын қант диабеті бар пациенттерде немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде құрамында алискирен бар дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану (ШСЖ <60 мл/мин/1,73 м2)

Өзара әрекеттесуі

Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы

Ангиотензин II рецепторларының антагонистерін, оның ішінде валсартанды немесе алискиренмен бірге АӨФ тежегіштерін қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бір мезгілде қолдануға болмайды (шумақтық сүзілу жылдамдығы (ШСЖ) <60 мл/мин/1.73 м2).

Литий препараттары

Литий препараттары мен АӨФ тежегіштерін немесе ангиотензин II рецепторларының антагонистерін, оның ішінде валсартанды бірге қолдану кезінде литийдің сарысулық концентрациясы мен уыттылығының қайтымды жоғарылауы тіркелді. Осыған байланысты оларды бірге қолдану кезінде сарысулық литий деңгейіне мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады. Литий препараттарының уыттылық қаупі несеп айдайтын дәрілер мен валсартанды бірге қолданғанда да артуы мүмкін.

Калий қоспалары, калий сақтайтын диуретиктер, құрамында калий бар тұз алмастырғыштар және калий деңгейін арттыратын басқа да препараттар: валсартанды калий деңгейіне әсер ететін дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану қажет болған кезде қан плазмасындағы калий деңгейіне мониторинг жүргізу ұсынылады.

ЦОГ-2 селективті тежегіштерін, күніне> 3 г ацетилсалицил қышқылын және селективті емес ҚҚСП қоса, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): ангиотензин II антагонистерін ҚҚСП-мен бір мезгілде қабылдаған кезде гипертензияға қарсы әсердің әлсіреуі туындауы мүмкін, бүйрек функциясының нашарлау және қан сарысуындағы калий деңгейінің жоғарылауы қаупі артады. Сондықтан емдеудің басында бүйрек функциясын бақылау ұсынылады. Мұндай пациенттерге көп мөлшерде ішу ұсынылады.

Тасымалдаушылар: әдеби дереккөздердің деректері валсартанның OATP1B1 бауырды қармау тасымалдаушысының субстраты және MRP2 бауырдан ағып шығу тасымалдаушысының субстраты болып табылатынын көрсетеді. Қармау тасымалдаушысының тежегіштерін (мысалы, рифампицин, циклоспорин) немесе ағып шығу тасымалдаушысын (мысалы, ритонавир) бір мезгілде тағайындау валсартанның жүйелік әсерін арттыруы мүмкін.

Басқа препараттар: валсартанның циметидинмен, варфаринмен, фуросемидпен, дигоксинмен, атенололмен, индометацинмен, гидрохлоротиазидпен, амлодипинмен және глибенкламидпен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі анықталған жоқ.

Шығарылу түрі

7 таблеткадан поливинилхлоридті/полиэтиленді/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

4 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 ºС-ден аспайтын температурада, ылғалдан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладывальсакор таблеткалары 80 мг №28 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube