Қолдану көрсеткіштері
Тұмауды емдеу үшін
Тамифлю® препараты тұмаудың өршуі кезінде тұмауға тән симптомдар байқалған шала туған нәрестелерді қоса, балалар мен ересектерді емдеу үшін қолданылады. Егер емдеу симптомдар пайда болғаннан кейінгі алғашқы екі күн ішінде басталса, препараттың емдік әсерімен қамтамасыз ете алатындығы дәлелденген.
Тұмаудың профилактикасы үшін
1 жас шамасындағы және одан үлкен балаларда ауру өршіген кезде тұмау диагнозы клиникалық тұрғыдан расталған науқаспен қарым-қатынастан кейінгі профилактика үшін.
Тамифлю® препаратын тұмау профилактикасы үшін қолданудың тиісінше тәртібі әрбір нақты жағдайда, нақты ахуалға және профилактикалық қорғанысты қажет ететін популяцияның сипаттамаларына байланысты белгіленеді. Жекелеген жағдайларда (мысалы, егер вирустың айналымдағы штамы мен вакцина құрамындағы штамм сәйкес келмесе немесе пандемия жағдайында) 1 жас шамасындағы және одан үлкен кейбір балаларға маусымдық профилактикасын тағайындау мүмкіндігін қарастыруға болады.
Тамифлю® препараты 1 жасқа дейінгі балаларда тұмау пандемиясы кезінде қарым-қатынастан кейінгі тұмау профилактикасы үшін қолданылады.
Тамифлю® препараты вакцинацияны алмастыра алмайды.
Тұмауды емдеу және профилактикасы үшін вирусқа қарсы препараттарды қолдану ресми нұсқаулардың негізінде жүргізілуі тиіс. Тұмауды емдеу және профилактикасы үшін осельтамивирді пайдалану жөніндегі шешім вирустың айналымдағы штамдарының белгілі сипаттамаларын, әр маусым үшін дәріге сезімталдықты және аурудың түрлі географиялық аймақтар мен пациенттер популяцияларында тигізетін әсері туралы қолда бар ақпаратты ескере отырып қабылдануы тиіс.