daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Асменол Таблеткалары 10 Мг №28 | Polpharma S.A.

Актобе қаласындағы Асменол Таблеткалары 10 Мг №28 | Polpharma S.A.
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Монтелукаст

Өндіруші:

Polpharma S.A.

Өндіруші ел:

Республика Польша

Белсенді ингредиент:

препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректердің болмауына байланысты 15 жасқа дейінгі балалар тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Белсенді заттың дозасы:

10 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг

Қаптамадағы саны:

28 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Ингаляциялық кортикостероидтарды қолдану кезінде демікпе жеткілікті дәрежеде бақыланбайтын және «қажеттігіне қарай» қысқа әсер ететін β-агонистерін қолдану аясында демікпе талапқа сай клиникалық түрде бақыланбайтын, жеңіл немесе орташа ауырлықтағы персистирлейтін демікпесі бар пациенттерде демікпені емдеудегі қосымша препарат ретінде. Монтелукаст көрсетілген демікпесі бар пациенттерде, препарат сондай-ақ маусымдық аллергиялық риниттің симптомдарын жеңілдетеді.

Негізгі компоненті дене жүктемесінен туындаған бронх түйілуі болып табылатын демікпе профилактикасында.

Қарсы көрсеткіштер

белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдықта

препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректердің болмауына байланысты 15 жасқа дейінгі балалар

тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Өзара әрекеттесуі

Монтелукастты бронх демікпесін ұзақ емдеу мен профилактикасы үшін қолданылатын басқа дәрілік препараттармен қабылдауға болады. Дәрілермен өзара әрекеттесуін зерттеуде монтелукастты ұсынылған клиникалық дозада қолдану төмендегі дәрілік заттардың фармакокинетикасына клиникалық елеулі әсермен қатар жүрмеді: теофиллин, преднизон, преднизолон, пероральді контрацептивтер (этинилэстрадиол/норэтиндрон 35/1), терфенадин, дигоксин және варфарин.

Қатар жүретін препарат ретінде фенобарбитал препаратын қабылдаған пациенттерде монтелукаст үшін «плазмадағы концентрациясы - уақыт» қисық астындағы ауданы (AUC) шамамен 40%-ға төмендеген. Монтелукаст CYP 3A4, 2C8 және 2C9 изоферменттерімен метаболизденетін болғандықтан монтелукастты фенитоин, фенобарбитал және рифампицин сияқты CYP 3A4, 2C8 және 2C9 индукторларымен бірге қолданғанда, әсіресе балаларды емдегенде сақ болу керек. Монтелукаст CYP 2C8 күшті әсер ететін тежегіші болып табылады. Алайда монтелукаст пен розиглитазонды (метаболизмі көбінесе CYP 2C8 арқылы жүзеге асырылатын дәрілік заттар тобының өкілі болып табылатын маркерлік субстрат) қолданумен дәрілік өзара әрекеттесудің деректері монтелукаст CYP 2C8 in vivo тежемейтінін көрсетті. Сондықтан монтелукаст осы фермент (мысалы, паклитаксел, розиглитазон және репаглинид) арқылы жүзеге асырылатын дәрілік заттардың метаболизміне елеулі әсер етпейді деп болжанады.

Монтелукаст CYP 2C8 және, айтарлықтай аз дәрежеде, 2C9 және 3A4 субстраты болып табылады. Монтелукаст пен гемфиброзилді (CYP 2C8 және 2C9 тежегіштері) қолданумен дәрілік өзара әрекеттесулер, гемфиброзил монтелукасттың жүйелік әсер ету деңгейін 4,4 есе арттырды. Бұл ретте, әдетте, гемфиброзилді немесе басқа да CYP 2C8 күшті әсер ететін тежегіштерін біріктіріп қолданған кезде монтелукасттың дозасын түзетудің қажеті жоқ, бірақ дәрігер жағымсыз реакциялардың пайда болу ықтималдығының артуы туралы хабардар болуы тиіс.

In vitro деректері негізінде CYP 2C8 күшті әсер ететін тежегіштерімен (мысалы, триметоприммен) клиникалық елеулі дәрілік өзара әрекеттесудің болмауын болжауға болады. Монтелукастты итраконазолмен, CYP 3A4 белсенді тежегішімен біріктіріп қолдану монтелукасттың жүйелік әсер ету деңгейінің елеулі артуымен қатар жүрмеді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Демікпесі бар немесе демікпесі және қатарлас маусымдық аллергиялық риниті бар 15 жастағы және одан үлкен пациенттер үшін доза тәулігіне, кешке 10 мг (1 таблетка) құрайды.

Жалпы ұсыныстар

Асменолдың бронх демікпесінің ағымын көрсететін көрсеткіштерге емдік әсері бірінші күн ішінде дамиды. Пациенттер Асменолды ауру ағымының жақсаруы кезінде де, нашарлау кезеңінде де қабылдауды жалғастыруы керек.

Асменолды құрамында осындай белсенді зат – монтелукаст бар басқа препараттармен бір мезгілде қабылдамаған жөн.

Егде жастағы пациенттерге, сондай-ақ бауыр функциясының жеңіл және орташа деңгейдегі бұзылуы бар немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бауыр функциясы бұзылуының ауыр түрі бар пациенттерге қатысты деректер жоқ. Ерлер мен әйелдер үшін доза бірдей.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылдау үшін. Асменолды тамақтануға қарамастан қолдануға болады.

Демікпені емдеудің басқа әдістеріне байланысты Асменол препаратымен емдеу

Асменолды пациентке жүргізіліп жатқан емдеуге қосуға болады.

Ингаляциялық кортикостероидтар

Асменол препаратымен емдеуді ингаляциялық кортикостероидтарды қолдану және қажеттілігі бойынша β-агонистерді қолдану демікпенің жеткілікті клиникалық бақылауын қамтамасыз етпейтін пациенттерде қосымша ем ретінде қолдануға болады. Асменол ингаляциялық кортикостероидтарды алмастырмауы тиіс.

Балалар және жасөспірімдер

Асменол үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг таблеткалар препаратын қолдану 15 жасқа толмаған балаларда осы жас тобында препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректердің болмауына байланысты ұсынылмайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажетті шаралар

Артық дозаланудың көптеген жағдайларында жағымсыз реакциялар туындаған жоқ.

Симптомдары: абдоминальді ауыру, ұйқышылдық, шөлдеу, бас ауыруы, құсу және психомоторлық аса жоғары белсенділік.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем. Монтелукаст перитонеальді диализ немесе гемодиализ кезінде шығарылатыны белгісіз.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар

Препараттың кезекті дозасын жіберіп алған кезде оны мүмкіндігінше тезірек қабылдау керек. Егер кезекті дозаны қабылдағанға дейін біраз уақыт қалса, оны жоспарланған уақытта қабылдау керек. Жіберіп алған дәрінің орнын толтыру үшін препараттың қосарлы дозасын қабылдамаған жөн.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігердің кеңесіне жүгініңіз.

Шығарылу түрі

ОПА/ алюминий фольгадан/ ПВХ/ алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыАсменол таблеткалары 10 мг №28 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube