daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Аспирин Кардио Таблеткалары 100 Мг №28 | Байер Фарма АГ

Актобе қаласындағы Аспирин Кардио Таблеткалары 100 Мг №28 | Байер Фарма АГ
Сипаттама:

Дөңгелек, екі беті дөңес, аздап кедір-бұдыр, таблетканың шетіне қарай ақ түсті, сынығында - бірдей түсті қабықпен қапталған ақ түсті біртекті масса (100 және 300 мг дозалар үшін).

Халықаралық атауы:

Ацетилсалицил қышқылы

Өндіруші:

Байер Фарма АГ

Өндіруші ел:

Федеративная Республика Германия

Белсенді заттың дозасы:

100 мг

Дәрілік түрі:

Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг және 300 мг

Қаптамадағы саны:

28 шт.
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 100 мг немесе 300 мг ацетилсалицил қышқылы,

қосымша заттар: целлюлоза ұнтағы, жүгері крахмалы, эудрагит L30D, полисорбат 80, натрий лаурилсульфаты, тальк, триэтилцитрат.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Дөңгелек, екі беті дөңес, аздап кедір-бұдыр, таблетканың шетіне қарай ақ түсті, сынығында - бірдей түсті қабықпен қапталған ақ түсті біртекті масса (100 және 300 мг дозалар үшін).

Қолдану көрсеткіштері

Аспирин® кардио 100 мг:

- тұрақсыз стенокардия – стандартты емнің аясында

- жедел миокард инфарктісі – стандартты емнің аясында

- қайталанған миокард инфарктісінің профилактикасы

- операциядан немесе артерияларға басқа да араласулардан кейін (мысалы, аортакоронарлық шунттаудан, тері арқылы транслюминальді катетерлі ангиопластикадан кейін)

- ауруды алдын ала білдірушінің манифестациясынан кейін транзиторлық ишемиялық шабуылдың (ТИШ) және инсульттің профилактикасы

- Кавасаки синдромы:

- қызба кезеңіндегі қабынуды азайту үшін

- коронарлық тамырлардың аневризмаларында тромбоциттер агрегациясын профилактикалық тежеу үшін

Аспирин® кардио 300 мг:

- қайталанған миокард инфарктісінің профилактикасы

Бір дозасының құрамындағы белсенді заттың мөлшерін ескергенде, Аспирин® кардио 100 мг және 300 мг ауыруды емдеуге арналмаған.

Қарсы көрсеткіштер

- ацетилсалицил қышқылына, басқа салицилаттарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

- анамнездегі салицилаттарды немесе әсері соған ұқсас заттарды қабылдаудан, әсіресе қабынуға қарсы стероидты емес препараттардан индукцияланған бронх демікпесі

- асқазан-ішек жолының ойық жаралы ауруының жедел кезеңі

- геморрагиялық диатез

- бауыр жеткіліксіздігі

- бүйрек жеткіліксіздігі

- талапқа сай емделмеген кездегі ауыр жүрек жеткіліксіздігі

- метотрексатпен аптасына 15 мг немесе одан көп дозада үйлестіріп қолдану

- жүктіліктің соңғы триместрінде 150 мг-ден жоғары тәуліктік дозада

Сақтық шаралары

Препаратты мұқият медициналық бақылау аясында қолдану керек:

анальгетиктерге, қабынуға қарсы, ревматизмге қарсы препараттарға немесе басқа аллергенді заттарға аса жоғары сезімталдықта

ацетилсалицил қышқылының антитромбоцитарлық әсерін әлсіретуі мүмкін ибупрофен немесе напроксен сияқты кейбір қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСП) бір мезгілде қабылдауда. Егер пациенттер ацетилсалицил қышқылын қабылдап жүрсе немесе кез келген ҚҚСП қабылдауды бастауға дайындалса, емдеуші дәрігеріне хабарласуды ұсыну керек

басқа аллергиялық жай-күйлерде: тері реакциялары, қышыну, есекжем, бронх демікпесі, пішен қызбасы, мұрынның шырышты қабығының ісінуі (мұрын полиптері), тыныс жолдарының созылмалы аурулары

антикоагулянттармен бірге қолданғанда

анамнезде асқазан-ішек жолының ойық жаралы зақымдануы немесе асқазан-ішектен қан кетулер болғанда

бауыр функциясының бұзылуында

бүйрек функциясының немесе қан айналымының бұзылуында (мысалы, бүйрек тамырларының зақымдануында, іркілген жүрек жеткіліксіздігінде, айналымдағы қан көлемі азайғанда, ауқымды хирургиялық араласуларда, сепсисте немесе ауқымды қан кетулерде), себебі ацетилсалицил қышқылы бүйрек дисфункциясының немесе жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупін қосымша жоғарылатуы мүмкін

хирургиялық араласуларда (шағын хирургиялық араласуларды, мысалы, тіс жұлуды қоса): қан кетудің ықтималдығы жоғарылауы мүмкін

глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігінің ауыр түрінде; ацетилсалицил қышқылы гемолизді немесе гемолиздік анемияны индукциялауы мүмкін. Гемолиз қаупін арттыруы мүмкін факторларға, мысалы, препараттың жоғары дозалары, қызба немесе жедел инфекциялар жатады.

Басқа сақтық шаралары

Ацетилсалицил қышқылы (АСҚ) төмен дозаларда несеп қышқылының шығарылуын азайтады, бұл құяңға бейім адамдарда оның шабуылына түрткі болуы мүмкін.

Өзара әрекеттесуі

Жағымсыз әсерлердің даму қаупінің жоғарылауына жағдай жасайтын әсерлердің күшеюі:

антикоагулянттар / тромболитиктер: ацетилсалицил қышқылы тромболитикалық емнің алдында қолданған кезде қан кету қаупін арттыруы мүмкін. Осыған байланысты тромболитикалық ем жоспарланған пациенттерде сыртқы және ішкі қан кетулердің (мысалы, қанталаулар) белгілеріне назар аудару керек

антитромбоцитарлық препараттар, мысалы, тиклопидин, клопидогрель: қан кету уақытының ұзаруы мүмкін

қабынуға қарсы стероидты емес препараттар және ревматизмге қарсы құрамында салицил қышқылы бар дәрілер: асқазан-ішек жолының ойық жаралы зақымдануының немесе асқазан-ішектен қан кетудің қаупі жоғарылайды

жүйелі глюкокортикостероидтар, Аддисон ауруының орын басу еміне арналған гидрокортизонды қоспағанда: асқазан-ішек жолы тарапынан қан кетудің және ойық жараның даму қаупі жоғарылайды

алкоголь: асқазан-ішек ойық жараларының және қан кетулердің қаупі жоғарылайды

дигоксин: қан плазмасындағы деңгейінің жоғарылауы

инсулин және сульфонилмочевина препараттары сияқты жоғары дозада АСҚ-мен біріктірілген диабетке қарсы дәрілер: қандағы глюкоза деңгейінің төмендеуі мүмкін

метотрексат: шығарылуының және салицилаттардың плазма ақуыздарымен байланысудан ығыстыруының төмендеуі

вальпрой қышқылы: салицилаттардың плазма ақуыздарымен байланысудан ығыстыруы

серотонинді кері қармаудың іріктелген тежегіштері: әсер етуінің синергизмі салдарынан асқазан-ішектен қан кету қаупінің жоғарылауы

Әсерлердің әлсіреуі

альдостерон антагонистері (спиронолактон және канреноат)

ілмектік диуретиктер (мысалы, фуросемид)

гипертензияға қарсы препараттар (әсіресе ангиотензин-өзгертуші ферменттің (АӨФ) тежегіштері)

урикозуриялық препараттар (мысалы, пробенецид, бензбромарон)

ҚҚСП: ибупрофен немесе напроксен сияқты кейбір ҚҚСП бір мезгілде (бір күннің ішінде) қабылдау ацетилсалицил қышқылының қайтымсыз антитромбоцитарлық әсерін әлсіретуі мүмкін. Бұл өзара әрекеттесудің клиникалық маңызы белгісіз. Кардиоваскулярлық қаупі жоғары пациенттерді ибупрофен немесе напроксен сияқты кейбір ҚҚСП емдеу ацетилсалицил қышқылының кардиопротективтік әсерін төмендетуі мүмкін.

метамизол ацетилсалицил қышқылдың тромбоциттер агрециясына әсерін төмендетуі олардың бір уақытта қолданғанда болуы мүмкін. Демек, бұл комбинацияны кардиопротекция үшін ацетилсалицил қышқылының аз дозасын қабылдап жүрген пациенттердің байқап пайдалануы керек.

Демек, емдеуші дәрігер оларды қабылдауды талап ететін жағдайлардан басқасында, Аспирин кардио

Арнайы нұсқаулар

Аспирин кардио 100 мг да, дәл сондай 300 мг дозаларда бір ішекте еритін қабықпен қапталған таблетка құрамында 1 ммольден (23 мг) аз мөлшерде натрий бар, яғни іс жүзінде «құрамында натрий жоқ».

Педиатрияда қолдану

Аспирин кардионы Осындай аурулардың аясындағы ұзаққа созылған құсу Рей синдромының – өте сирек, бірақ өмірге қауіп төндіретін аурудың белгісі болуы мүмкін, ол шұғыл медициналық көмекті қажет етеді.

Құрамында ацетилсалицил қышқылы бар препараттарды дәрігермен кеңесусіз ұзақ уақыт бойы немесе жоғары дозаларда қабылдамау керек.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде

Жүктілік

Простагландиндер синтезінің тежелуі жүктіліктің ағымына және/немесе эмбрионның немесе шарананың дамуына теріс әсерін тигізуі мүмкін. Эпидемиологиялық зерттеулердің деректері жүктіліктің ерте кезеңдерінде простагландиндер синтезінің тежегіштерін қолдану кезінде дамудағы ақаулар мен түсік тастаудың жоғары даму қаупін айғақтайды. Дозаны арттырғанда және емдеу ұзаққа созылғанда қауіп жоғарылайды деп саналады. Жүктіліктің соңғы триместрінде АСҚ анальгетикалық дозаларын тағайындау, простагландиндер синтезінің тежелуінің нәтижесінде, жүктілік кезеңін ұзартуына әкелуі мүмкін. Бұл дозаларда анасында да, балада да қан кетуге бейімділіктің жоғарылауы, сондай-ақ егер АСҚ босануға аз уақыт қалғанда қолданса, шала туған балаларда бассүйекішілік қан құйылу жиілігінің жоғарылауының байқалу мүмкін.

Жүктіліктің 20-шы аптасынан бастап Аспирин кардио препаратты қолдану ұрықтың бүйрек функциясының бұзылуына байланысты қағанақ суының аздығын тудыруы мүмкін. Бұл емдеу басталғаннан кейін көп ұзамай пайда болуы мүмкін және әдетте емдеуді тоқтатқанда қайтымды болады. Сонымен қатар, жүктіліктің екінші триместрінде АСҚ қолданғаннан кейін артериялық түтіктің тарылу жағдайлары хабарланды, дегенмен ол көп жағдайда емдеуді тоқтатқаннан кейін регрессияға ұшырады. Сондықтан, өте қажет болмаса, жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде Аспирин кардионы тағайындауға болмайды. Егер Аспирин кардионы жүкті болуға тырысатын немесе жүктіліктің бірінші немесе екінші триместрінде болған әйел қолданса, дозаны мүмкіндігінше төмен және емдеу ұзақтығын мүмкіндігінше қысқа ұстау керек. Аспирин кардионы бірнеше күн бойы қабылдағаннан кейін, жүктіліктің 20-аптасынан бастап, қағанақ суының аздығын және артериялық түтіктің тарылуын болдырмау үшін пренатальды бақылауды қарастыру керек. Қағанақ суының аздығы немесе артериялық түтіктің тарылуы анықталса, Аспирин кардионы қабылдауды тоқтату керек.

Жүктіліктің үшінші триместрінде кез келген простагландин синтезінің тежегіштерін (соның ішінде АСҚ) қабылдау ұрыққа келесі қауіптерге ұшырауы мүмкін:

- жүрек-өкпе уыттылығы (артериялық түтіктің мерзімінен бұрын тарылуы/жабылуы және өкпе гипертензиясымен);

- бүйрек функциясының бұзылуы (жоғарыдан қараңыз).

Жүктіліктің соңында ана мен жаңа туған нәресте келесі қауіптерге ұшырайды:

- қан кету уақытының ықтимал ұзаруы, тіпті өте төмен дозаларда пайда болуы мүмкін антиагреганттық әсер;

- мерзімінен өткен жүктілікке немесе босану ұзақтығының ұзаруына әкелетін жатырдың жиырылуын тежеу.

Сондықтан, Аспирин кардио жүктіліктің үшінші триместрінде қарсы көрсетілімде.

Лактация

Ацетилсалицил қышқылының және оның метаболиттерінің аздаған мөлшері емшек сүтіне өтеді. Қазіргі сәтте балаға зиянды әсерлері туралы хабарланған жоқ, сондықтан егер тәуліктік доза 150 мг-ден аспаса, емшек емізуді тоқтату талап етілмейді. Жоғары дозаларын қабылдаған кезде (тәулігіне 150 мг-ден астам) емшек емізуді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ацетилсалицил қышқылы көлік құралын немесе механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Тұрақсыз стенокардия

Аспирин кардио 100 мг ішекте еритін қабықпен қапталған 1 таблеткасын, тәулігіне 1 рет қабылдау ұсынылады (тәулігіне 100 мг ацетилсалицил қышқылына баламалы).

Жедел миокард инфарктісі

Аспирин кардио 100 мг ішекте еритін қабықпен қапталған 1 таблеткасын, тәулігіне 1 рет қабылдау ұсынылады (тәулігіне 100 мг ацетилсалицил қышқылына баламалы).

Қайталанған миокард инфарктісінің профилактикасы

Аспирин кардио 100 мг ішекте еритін қабықпен қапталған 3 таблеткасын, тәулігіне 1 рет қабылдау (тәулігіне 300 мг Аспирин кардио

Операциядан немесе артерияларға басқа да араласулардан кейін (мысалы, аортакоронарлық шунттаудан, тері арқылы транслюминальді катетерлі ангиопластикадан кейін)

100 мг Аспирин кардио, ішекте еритін қабықпен қапталған 1 таблеткасын, тәулігіне 1 рет қабылдау ұсынылады (тәулігіне 100 мг ацетилсалицил қышқылына баламалы).

Емнің басталуына ең қолайлы уақыт, шамасы, аортакоронарлық шунттаудан кейін 24 сағаттан соң басталады.

Ауруды алдын ала білдірушінің манифестациясынан кейін транзиторлық ишемиялық шабуылдың (ТИШ) және инсульттің профилактикасы үшін

100 мг Аспирин кардио, ішекте еритін қабықпен қапталған 1 таблеткасын, тәулігіне 1 рет қабылдау ұсынылады (тәулігіне 100 мг ацетилсалицил қышқылына баламалы).

Кавасаки синдромы

- Қызба кезеңіндегі қабынуды төмендету үшін

Емдеуді иммуноглобулиндермен емдеу аясында тәулігіне 4 қабылдауға бөлінген, дене салмағының кг-на ацетилсалицил қышқылының 80-100 мг дозасынан бастау керек.

- Коронарлық тамырлардың аневризмаларында тромбоциттер агрегациясын профилактикалық тежеу үшін

Емдеуді кейінірек (аурудың 2-3 аптасында) Аспирин кардио таблеткаларын тәулігіне дене салмағының кг-на 3-5 мг дозада қабылдаумен жалғастыру қажет.

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке қабылдау үшін.

Аспирин кардио, ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткаларын, кем дегенде, тамақтан 30 минут бұрын, көп мөлшердегі сумен ішу арқылы қабылдаған дұрыс.

Белсенді заттың ішектегі сілтілі ортада босап шығуын қамтамасыз ету үшін, ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткаларды ұсақтауға, бөлуге немесе шайнауға болмайды.

Жедел миокард инфарктісін емдеу үшін бірінші таблетканы тіспен бөлу немесе шайнау керек.

Емдеу ұзақтығы

Аспирин кардио ұзақ уақыт қолдануға арналған. Емдеудің ұзақтығы туралы шешімді емдеуші дәрігердің қабылдауы тиіс.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Ацетилсалицил қышқылының негізінен орталық жүйке жүйесі тарапынан, ұйқышылдық, бастың айналуы, сананың шатасуы немесе жүректің айнуы («салицилизм») сияқты көріністермен созылмалы артық дозалануын, және жедел улануды ажырата білу керек.

Жедел улану

Жедел уланудың басты көрінісі қышқылдық-негіздік тепе-теңдіктің ауыр бұзылуы болып табылады. Тіпті емдік дозалардың аясында тыныс алудың күшеюі салдарынан респираторлық алкалоз дамиды. Бұл жай-күй қанда рН қалпына келуіне әкелетін бикарбонаттардың бүйрекпен шығарылуының жоғарылауы арқылы реттеледі. Уытты дозаларда компенсация жеткіліксіз; рН және қандағы бикарбонаттар концентрациясы төмендейді. Плазмалық РСО2 деңгейі уақытша қалып шегінде қалады. Симптомдардың клиникалық манифестациясы метаболизмдік ацидозға негізделген, алайда шын мәнінде, респираторлық және метаболизмдік ацидоздың үйлесуі орын алады. Себептері: уытты дозаларға байланысты тыныс алудың шектелуі, ішінара көмірсулар метаболизмінің бұзылуының салдарынан бүйрекпен шығарылудың төмендеуіне байланысты қышқылдардың жинақталуы (күкірт, фосфор, салицил, сүт, ацетосірке қышқылдары). Бұған қосымша электролиттік теңгерім бұзылады; калийдің көп мөлшерде жоғалуы жүреді.

Жедел уланудың симптомдары:

Жеңіл уланудың симптомдары (200-400 мкг/мл):

Қышқылдық-негіздік және электролиттік тепе-теңдіктің бұзылуына (мысалы, калий жоғалту) қосымша қанда қанттың азаюы, тері бөртпесі және асқазан-ішектен қан кету, асқын желдетілу, құлақтағы шуыл, жүректің айнуы, құсу, көрудің және естудің бұзылуы, бастың ауыруы, бастың айналуы және сананың шатасуы байқалды.

Ауыр уланудың симптомдары (400 мкг/мл-ден жоғары):

сандырақ, діріл, тыныс алудың қиындауы, тершеңдік, гидратсыздандыру, асқын қызыну және команың дамуы мүмкін.

Өліммен аяқталатын улануда өлім әдетте тыныс алу жеткіліксіздігінің салдарынан болады.

Емі: Ацетилсалицил қышқылмен улануға қатысты емдік шаралар уланудың таралғандығына, сатысына және клиникалық симптомдарына байланысты болады. Олар белсенді заттың сіңуін азайтудың стандартты шараларын, су-электролиттік теңгерімге, температуралық реттеудің және тыныс алудың бұзылуына мониторинг жүргізуді қамтиды. Емдеу препараттың шығарылуын жылдамдатуға әрі су-электролиттік және қышқылды-негізді тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған. Натрий гидрокарбонаты және калий хлориді ерітінділерінің инфузиялары диуретиктермен тағайындалады. Салицилаттардың иондану дәрежесін арттыру және өзекшелерге кері диффузиялану жылдамдығын азайту үшін несептің реакциясы сілтілік болуы тиіс.

Қанның көрсеткіштерін (рН, РСО2, гидрокарбонат, калий және т.б.) қатаң бақылауға кеңес беріледі. Ауыр жағдайларда гемодиализдің қажет болуы мүмкін.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

Препаратты қабылдауға қатысты мәселелер туындаған жағдайда дәрігеріңізбен хабарласыңыз.

Артық дозалану

Шығарылу түрі

Аспирин® кардио 100 мг:

14 таблеткадан полипропиленді үлбірден және алюминий баспа фольгасынан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Аспирин® кардио 300 мг:

14 немесе 10 таблеткадан полипропиленді үлбірден және алюминий баспа фольгасынан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

14 таблеткадан тұратын 2 пішінді ұяшықты қаптамадан немесе 10 таблеткадан тұратын 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыАспирин кардио таблеткалары 100 мг №28 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube