Қолдану көрсеткіштері
Цефазолинге сезімтал микроорганизмдер тудырған бактериялық инфекциялар:
- тыныс жолдарының инфекциялары
- несеп шығару және жыныс жолдарының инфекциялары
- өт шығару жолдарының инфекциялары
- терінің, жұмсақ тіндердің, сүйектер мен буындардың инфекциялары, остеомиелитті қоса
- бактериялық эндокардит
- сепсис
- инфекциялар дамуының периоперациялық профилактикасы (цефазолинді профилактикалық қолдану операциядан кейінгі кезеңде инфекцияның даму ықтималдығын төмендетуі мүмкін).
Антибиотиктерге микроорганизмдердің in vitro сезімталдығы географиялық аймаққа байланысты және уақыт өтуімен өзгереді. Сондықтан бактерияға қарсы емді таңдағанда қоздырғыштардың төзімділігі туралы жергілікті деректерді ескеру қажет. Емді антибиотиктерге сезімталдық тестісінің нәтижелерін алуға дейін эмпирикалық түрде бастауға болады, бірақ мүмкіндік болса, бөлінген қоздырғыштың бактерияға қарсы препараттарға сезімталдығын анықтап алу керек.