daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Диротон Таблеткалары 20 Мг №28 | Гедеон Рихтер ОАО

Актобе қаласындағы Диротон Таблеткалары 20 Мг №28 | Гедеон Рихтер ОАО
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, беткейі тегіс, ақ немесе ақ дерлік түсті, бір жағында ойығы, «5» өрнегі және келесі жағында сызығы бар таблеткалар (5 мг дозасы үшін). Төртбұрыш пішінді, екі беті дөңес, ақ немесе ақ дерлік түсті, бір жағында «10» өрнегі және келесі жағында сызығы бар таблеткалар (10 мг дозасы үшін). Бесбұрыш пішінді, екі беті дөңес, ақ немесе ақ дерлік түсті, бір жағында «20» өрнегі және келесі жағында сызығы бар таблеткалар (20 мг дозасы үшін)

Халықаралық атауы:

Лизиноприл

Өндіруші:

Гедеон Рихтер ОАО

Өндіруші ел:

Венгрия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: магний стеараты, тальк, маннитол, жүгері крахмалы, кальций гидрофосфаты дигидраты.

Белсенді заттың дозасы:

20 мг

Қаптамадағы саны:

28 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- Артериялық гипертензияны емдеу үшін.

- Жүректің симптоматикалық жеткіліксіздігін емдеу үшін.

- Гемодинамикасы тұрақты пациенттерді жедел миокард инфарктісінен кейінгі алғашқы 24 сағатта қысқамерзімді (6 апта) емдеу үшін.

- 2 типті қант диабетімен жүретін артериялық гипертензиясы және нефропатияның бастапқы сатысы бар пациенттердегі бүйрек жеткіліксіздігін емдеу үшін.

Қарсы көрсеткіштер

Әсер етуші затына немесе препараттың кез келген басқа компонентіне немесе ангиотензин-өзгертуші ферменттің (АӨФ) кез келген басқа тежегіштеріне аса жоғары сезімталдық.

Анамнездегі, осының алдында АӨФ тежегіштерімен емдеумен байланысты ангионевроздық ісіну (Квинке ісінуі).

Тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну.

Жүктіліктің II және III триместрлері.

Бала емізу кезеңі.

Диротон препаратын қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар (ШСЖ дене беткейінің ауданына <60 мл/мин/1.73 м2) пациенттерде құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Ангионевроздық ісінудің даму қаупінің жоғарылығына байанысты, бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен (мысалы, құрамында сакубитрил бар препараттармен) бір мезгілде қолдану.

6 жасқа дейінгі балаларға.

Өзара әрекеттесуі

Гипотензиялық препараттар

Лизиноприлді басқа гипотензиялық препараттармен (мысалы, нитроглицерин және басқа нитраттар немесе тамырды кеңейтетін басқа дәрілер) бірге қолданғанда, артериялық қысым күрт төмендеуі мүмкін (аддитивтік әсері).

Клиникалық зерттеулердің деректері, ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы АӨФ тежегіштерімен, ангиотензин II рецепторларының блокаторларымен немесе алискиренмен бірге қолданылғанда, РААЖ бөгейтін тек бір ғана препаратты пайдаланумен салыстырғанда, артериялық гипотензия, гиперкалиемия және бүйрек функциясының төмендеуі (бүйректің жедел жеткіліксіздігін қоса) сияқты жағымсыз құбылыстар қаупінің жоғарылығымен байланысты екендігін көрсетті.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Дозасын жекелей, клиникалық көріністерге және препараттың гипертензияға қарсы әсерінің айқындығына сәйкес таңдау керек.

Шығарылу түрі

Поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 14 таблеткадан салынған.

Пішінді ұяшықты 1, 2 немесе 4 қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

15 °С-ден 30 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыДиротон таблеткалары 20 мг №28 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube