daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Актобе қаласындағы Кетонал Гелі 2,5% 50 Г | Lek Pharmaceuticals d d

Актобе қаласындағы Кетонал Гелі 2,5% 50 Г | Lek Pharmaceuticals d d
Сипаттама:

Біртекті мөлдір гель.

Халықаралық атауы:

Кетопрофен

Өндіруші:

Lek Pharmaceuticals d d

Өндіруші ел:

Республика Словения

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: карбомер, троламин, этанол (96%), лаванда эфир майы тазартылған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Біртекті мөлдір гель.

Белсенді заттың дозасы:

2,5%

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Кетопрофен – қабынуға қарсы және ауыруды басатын айқын әсері бар, қабынуға қарсы стероидты емес дәрі.

- жарақаттардан туындаған тірек-қимыл аппаратының жедел ауыру жағдайларын жеңілдету (мысалы, бұлшықеттердің, буындардың ауыруында, сіңірдің және байламдардың созылуы, соғып алу немесе үзілуі салдарынан ісінуде, шамадан тыс дене жүктемесі салдарынан бұлшықеттердің ауыруында, омыртқаның бел бөлігіндегі және дегенеративті буын аурулары кезіндегі ауыру және қабынуда)

- остеоартрит ауыруы

Қарсы көрсеткіштер

- кетопрофенге немесе кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық

- қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттарға және салицилаттарға аса жоғары сезімталдық

- анамнездегі фотосезімталдық реакциясы

- 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- анамнезде аса жоғары сезімталдық реакцияларының болуы, мысалы, демікпе симптомдары, кетопрофенге, фенофибратқа, тиапрофен қышқылына, ацетилсалицил қышқылы немесе қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (ҚҚСП) қабылдауға аллергиялық ринит

- анамнезде кетопрофен, тиапрофен қышқылы, фенофибрат, УК-блокаторларын қабылдауға немесе парфюмерияға тері аллергиялық реакцияларының болуы

- емдеу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін 2 апта ішінде күн сәулесінің (тіпті шашыраңқы жарықтың) немесе солярийдегі УК сәулесінің әсер етуі

- гель зақымданған теріге (экзема, акне, дымқылданатын дерматит, ашық немесе инфекция жұқтырған жара) жағылмауы тиіс

- жүктіліктің үшінші триместрі және лактация кезеңі

- белсенді пептикалық ойық жарасы бар пациенттерге

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Емдеудің ұсынылған ұзақтығынан асыруға болмайды, өйткені уақыт өтуімен жанаспалы дерматит және фотосенсибилизация реакцияларының даму қаупі артады.

Кетонал® гелі препаратын терінің зақымданған беткейіне, ашық жараларға, көзге, көз маңы аймағына, шырышты қабықтарға, анальді саңылауға, гениталий аймағына тиюін болдырмау керек. Созылмалы ринит, созылмалы синусит және/немесе мұрын полиптері қосылған бронх демікпесі бар пациенттерде ацетилсалицил қышқылына және/немесе ҚҚСП аллергия дамуының жоғары қаупі байқалады.

Қандай болсын, атап айтқанда құрамында октокрилен бар өнімдерді қатар қабылдаумен байланысты тері реакциясы дамуында, Кетонал® гельмен емдеуді дереу тоқтату керек.

Теріде тітіркену пайда болған жағдайда емді уақытша тоқтата тұрған жөн; айқын тітіркену кезінде емді жалғастырмау керек.

Емдеу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін 2 апта ішінде тері фотосенсибилизациясын болдырмау үшін Кетонал® гель жағылатын аймақтарды киіммен қорғау, сондай-ақ тікелей күн сәулесін тигізбеу, солярий және УКС болдырмау ұсынылады.

Жүрек, бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі, анамнезде пептикалық ойық жара немесе ішектің қабыну аурулары, цереброваскулярлық қан кету немесе геморрагиялық диатезі бар пациенттерге сақтықпен қолданылуы керек.

Кетонал® гельді жағып болғаннан кейін қолды мұқият жуу қажет.

Кетонал® гельді окклюзиялық таңғыш астына жағуға болмайды.

Кетонал® гельді ашық от көздерінен алыста сақтау керек. Жағуға болмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Ацетилсалицил қышқылын бір мезгілде қабылдау кетопрофеннің плазма ақуыздарымен байланысу дәрежесін азайтады. Пробенецид кетопрофен клиренсін және ақуыздармен байланысу дәрежесін азайтады.

Кетопрофен, басқа ҚҚСП сияқты, метотрексаттың шығарылуын төмендетіп, оның уыттылығының артуына мүмкіндік беруі мүмкін.

Құрамында кумарин қосылыстары бар препараттармен ем алған пациенттерді бақылап отыру ұсынылады.

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі және олардың шығарылуына ықпал етуі маңызды емес.

Арнайы ескертулер

Жүктілік және лактация кезеңі

Кетопрофен жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде, егер ана және/немесе шаранаға төнетін қауіптен күтілетін емдік әсерінің пайдасы асып түсуі күтілген жағдайда ғана тағайындалуы мүмкін. Жүктіліктің бірінші-екінші триместрінде қолданбаған дұрыс.

Жүктіліктің үшінші триместрінде кетопрофенді қоса, барлық простагландинсинтетаза тежегіштері шаранда жүрек-өкпе немесе бүйрек уыттылығын индукциялауы мүмкін. Жүктіліктің соңында қан кету уақытының ұзаруы анада, балада туындауы мүмкін. ҚҚСП босану мерзімін ұзартуы ықтимал. Сондықтан кетопрофенді жүктіліктің үшінші триместрі кезінде қолдануға болмайды.

Кетопрофеннің іздік мөлшері емшек сүтінде бөлінеді; сондықтан кетопрофенді бала емізу кезінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Өзара әрекеттесуі

Ацетилсалицил қышқылын бір мезгілде қабылдау кетопрофеннің плазма ақуыздарымен байланысу дәрежесін азайтады. Пробенецид кетопрофен клиренсін және ақуыздармен байланысу дәрежесін азайтады.

Кетопрофен, басқа ҚҚСП сияқты, метотрексаттың шығарылуын төмендетіп, оның уыттылығының артуына мүмкіндік беруі мүмкін.

Құрамында кумарин қосылыстары бар препараттармен ем алған пациенттерді бақылап отыру ұсынылады.

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі және олардың шығарылуына ықпал етуі маңызды емес.

Арнайы ескертулер

Жүктілік және лактация кезеңі

Кетопрофен жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде, егер ана және/немесе шаранаға төнетін қауіптен күтілетін емдік әсерінің пайдасы асып түсуі күтілген жағдайда ғана тағайындалуы мүмкін. Жүктіліктің бірінші-екінші триместрінде қолданбаған дұрыс.

Жүктіліктің үшінші триместрінде кетопрофенді қоса, барлық простагландинсинтетаза тежегіштері шаранда жүрек-өкпе немесе бүйрек уыттылығын индукциялауы мүмкін. Жүктіліктің соңында қан кету уақытының ұзаруы анада, балада туындауы мүмкін. ҚҚСП босану мерзімін ұзартуы ықтимал. Сондықтан кетопрофенді жүктіліктің үшінші триместрі кезінде қолдануға болмайды.

Кетопрофеннің іздік мөлшері емшек сүтінде бөлінеді; сондықтан кетопрофенді бала емізу кезінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер және 15 жастан асқан жасөспірімдер

Кетонал® гельді күніне екі-төрт рет жеңіл ысқылап жағу керек. Дозасы зақымданған жердің ауданына сәйкес таңдалуы тиіс: гель 100 мг кетопрофенге сәйкес келеді, 10 см Кетонал® гель 200 мг кетопрофенге сәйкес келеді.

Балалар

Балаларға тағайындалмайды, өйткені балалардағы қауіпсіздігі орнатылмаған.

Егде жастағы пациенттер

Доза бойынша айрықша ұсынымдар жоқ. Жағымсыз әсерлерінің пайда болу қаупі жоғары пациенттер Кетонал® гельдің клиникалық тиімді және қауіпсіз барынша аз дозасын ұстанғандары жөн.

Окклюзивті таңғышпен таңу ұсынылмайды.

Кетонал® гель Кетонал® препараттарының басқа дәрілік түрлерімен (капсулалармен, таблеткалармен, суппозиториймен) біріктіріліп қолданылуы мүмкін. Дәрілік түріне қарамастан тәуліктік жиынтық дозасы 200 мг аспауы тиіс.

Енгізу әдісі мен жолы

Кетонал® гель теріге жағуға арналған.

Аз мөлшердегі гель дененің қабынған немесе ауыратын жерінің терісіне жұқа қабатпен күніне 2-4 рет жағылады және ақырын сылайды.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды.

Теріге ауырсыну немесе қабыну аймағында 7 күнге дейін жағыңыз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша ұсынымдар

Егер сізде инфекция болса және қызба және ауырсыну сияқты инфекция симптомдары сақталса немесе нашарласа, дереу дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Жергілікті қолданғанда артық дозалану мүмкіндігі аз. Кетонал® гельді абайсызда жұтып қойғанда, айқындылығы препарат мөлшеріне байланысты болатын жүйелі жағымсыз әселері дамуы мүмкін.

Симптомдары: тітіркену, эритема және қышыну.

Емі: теріні ағын сумен мұқият шаю керек, симптоматикалық және демеуші ем.

Шығарылу түрі

50 г гельден қорғаныш жарғақшасы және бұралатын полимер қақпақшасы бар, іші лакпен қапталған алюминий сықпаға салынған.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Салмағы

50 г

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыКетонал гелі 2,5% 50 г дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube