daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Актобе қаласындағы Максимум Ақ Шайнайтын Таблеткалар 100 Мг №2 | АО Генефарм

Актобе қаласындағы Максимум Ақ Шайнайтын Таблеткалар 100 Мг №2 | АО Генефарм

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Ақ түсті, екі беті дөңес, бір жағында «25» белгісі бар үшбұрыш пішінді таблеткалар (25 мг доза үшін). Ақ түсті, екі беті дөңес, бір жағында «50» бедерлемесі бар үшбұрыш пішінді таблеткалар (50 мг доза үшін). Ақ түсті, екі беті дөңес, бір жағында «100» бедерлемесі бар үшбұрыш пішінді таблеткалар (100 мг доза үшін).

Международное наименование:

Силденафил

Производитель:

АО Генефарм

Страна производитель:

Греция

Действующее вещество:

азот тотығының донаторы (амилнитрит) немесе кез келген түрдегі нитраттар болып табылатын препараттарды бір мезгілде қабылдау гуанилатциклаза стимуляторларымен (риоцигуат) бір мезгілде қабылдау көру жүйкесінің алдыңғы артериитті емес ишемиялық нейропатиясының салдарынан, бұл көріністің бұдан бұрын ФДЭ-5 тежегішін қолданумен байланысты екендігінен немесе еместігінен тыс, бір көздің көрмей қалуы бауырдың ауыр жеткіліксіздігі көздің торқабығының тұқым қуалайтын дегенеративтік аурулары (мысалы, тұқым қуалайтын пигментті ретинит (осы пациенттердің аздаған бөлігінде көздің торқабығы фосфодиэстеразасы функциясының тұқым қуалайтын аурулары бар)) артериялық гипотензия (АҚ < 90/50 мм с. б.) жүрек-қантамырлардың ауыр аурулары (мысалы, жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі, тұрақсыз стенокардия) соңғы 6 айда миокард инфарктісін және инсультті бастан кешу тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)- лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы фенилкетонурия (препараттағы аспартамның құрамына байланысты).

Дозировка активного вещества:

100 мг

Количество в упаковке:

2 шт
...loading

Инструкция

Показания к применению

Жеткілікті түрде қанағаттанатын жыныстық қатынас үшін жыныс мүшесін эрекцияға жеткізуге немесе оны сақтауға қабілетсіздігімен сипатталатын эректильді дисфункция.

Максигра® White препараты сексуальді стимуляция кезінде ғана тиімді.

Противопоказания

белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

азот тотығының донаторы (амилнитрит) немесе кез келген түрдегі нитраттар болып табылатын препараттарды бір мезгілде қабылдау

гуанилатциклаза стимуляторларымен (риоцигуат) бір мезгілде қабылдау

көру жүйкесінің алдыңғы артериитті емес ишемиялық нейропатиясының салдарынан, бұл көріністің бұдан бұрын ФДЭ-5 тежегішін қолданумен байланысты екендігінен немесе еместігінен тыс, бір көздің көрмей қалуы

бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

көздің торқабығының тұқым қуалайтын дегенеративтік аурулары (мысалы, тұқым қуалайтын пигментті ретинит (осы пациенттердің аздаған бөлігінде көздің торқабығы фосфодиэстеразасы функциясының тұқым қуалайтын аурулары бар))

артериялық гипотензия (АҚ < 90/50 мм с. б.)

жүрек-қантамырлардың ауыр аурулары (мысалы, жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі, тұрақсыз стенокардия)

соңғы 6 айда миокард инфарктісін және инсультті бастан кешу

тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)- лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

фенилкетонурия (препараттағы аспартамның құрамына байланысты).

Взаимодействие

Басқа дәрілік заттардың силденафилге әсері

Силденафилді CYP3A4 тежегіштерімен (кетоконазол, эритромицин және циметидин сияқты) бір мезгілде қабылдағанда силденафил клиренсінің төмендегені байқалады. Алайда жағымсыз құбылыстардың жиілігі осы пациенттерде көбейген жоқ. Егер силденафилмен емдеу CYP3A4 тежегіштерін қолдану аясында жүргізілсе, силденафилдің бастапқы дозасын 25 мг-ге дейін азайтқан жөн.

P450 цитохромының күшті тежегіші болып табылатын ритонавирдің АИТВ протеаза тежегіші тепе-тең жағдайда (тәулігіне екі рет 500 мг) силденафилмен (бір реттік 100 мг доза) бір мезгілде қабылдау қан плазмасында силденафилдің ең жоғары концентрациясының (Cmax) 300%-ға (4 есеге) артуына, сондай-ақ силденафилдің AUC мәнінің 1000%-ға (11 есеген) артуына әкеледі. 24 сағаттан кейін қан плазмасындағы силденафилдің деңгейі, сильденафилді ғана қабылдағаннан кейінгі шамамен 5 нг/мл-мен салыстырғанда, шамамен 200 нг/мл құрайды. Бұл деректер P450 цитохромы субстраттарының кең ауқымына ритонавирдің айқын әсерлерімен сәйкес келеді. Жоғарыда көрсетілген деректерге негіздей отырып, силденафилді ритонавирмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Силденафил ритонавирдің фармакокинетикасына әсер етпейді.

Силденафилдің ең жоғары дозасы қандай жағдайда болмасын 48 сағат ішінде 25 мг-ден аспауы тиіс.

CYP3A4 тежегіші болып табылатын саквинавирдің АИТВ протеазасы тежегішін тепе-тең жағдайда (тәулігіне үш рет 1200 мг) силденафилмен (бір реттік 100 мг дозада) бір мезгілде қолдану силденафилдің Cmax мәнінің 140% артуына, сондай-ақ силденафилдің AUC мәнінің 210% артуына әкеледі. Силденафил саквинавирдің фармакокинетикасына әсер етпейді.

Кетоконазол және итраконазол сияқты CYP3A4 өте күшті тежегіштерінің өте айқын әсерлері бар.

Силденафилді бір рет қабылдаған кезде эритромицинмен, орташа CYP3A4 тежегішімен бірге силденафилдің жүйелі әсерінің ұлғаюы байқалады.

Азитромицин AUC, Cmax, Tmax көрсеткіштеріне, элиминация жылдамдығының константасына немесе силденафилдің немесе оның негізгі айналымдағы метаболитінің кейінгі жартылай шығарылу кезеңіне әсер етпейді.

P450 цитохромның тежегіші және CYP3A4 спецификалық емес тежегіші болып табылатын циметидинді силденафилмен бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы силденафил концентрациясының ұлғаюын тудырады.

Грейпфрут шырыны ішек қабырғасында CYP3A4 арқылы болатын метаболизмнің әлсіз тежегіші болып табылады және қан плазмасында силденафил деңгейінің орташа жоғарылауын туындатуы мүмкін.

Антацидтік заттарды (магний гидроксиді/алюминий гидроксиді) бір мезгілде қабылдау силденафилдің биожетімділігіне ықпалын тигізбейді.

CYP2C9 тежегіштері (толбутамид, варфарин және фенитоин), CYP2D6 тежегіштері (серотонинді кері қармап қалатын селективті тежегіштер, трициклді антидепрессанттар), тиазидтік және тиазидке ұқсас диуретиктер, ілмектік және калий жинақтайтын диуретиктер, ангиотензин-өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері, кальций өзекшесінің блокаторлары, бета-адренергиялық рецепторлардың блокаторлары және P450 метаболизмдік белсенділігінің индукторлары (рифампицин, барбитураттар) силденафилдің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Эндотелин бозентан антагонистін силденафилмен бір мезгілде қолдану силденафилдің AUC және Cmax төмендеуіне әкеледі. Рифампицин сияқты күшті CYP3A4 индукторларымен бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы силденафил концентрациясының анағұрлым айқын төмендеуіне әкеледі.

Никорандил калий өзекшелері активаторының және нитраттың гибриді болып табылады. Нитратты компонент есебінен ол силденафилмен күрделі өзара әрекеттесуге потенциалды түрде қабілетті.

Силденафилдің басқа дәрілік заттарға әсері

Силденафилдің теофиллин немесе дипиридамол сияқты фосфодиэстеразаның спецификалық емес тежегіштерімен өзара әрекеттесуі жөніндегі деректер жоқ.

Силденафил нитраттардың гипотензиялық әсерінің жоғарылауына, атап айтқанда артериялық қысымның едәуір төмендеуіне әкеледі. Сондықтан азот тотығының донаторларымен (амилнитрит) немесе кез келген түрдегі нитраттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Риоцигуат ФДЭ-5 тежегіштерінің гипотензиялық әсерін күшейтеді. Риоцигуатты ФДЭ-5 тежегіштерімен, оның ішінде силденафилмен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Альфа-адреноблокаторлармен ем қабылдап жүрген пациенттерде силденафилді бір мезгілде қолдану кейбір сезімтал пациенттерде симптоматикалық артериялық гипотензияның туындауына әкеп соғуы мүмкін. Бұл силденафилді қабылдағаннан кейін 4 сағат ішінде пайда болуы мүмкін.

Доксазозинмен емдеу жәрдемімен тұрақталған пациенттерде силденафил мен доксазозинді бір мезгілде қолданғанда пациенттерде симптоматикалық постуральді артериялық гипотензияның пайда болуының сирек жағдайлары жөнінде мәлімделді. Бұл мәлімдемелерге бас айналу және естен тану алдындағы жағдайлар да қамтылды, бірақ естен тану емес.

Силденафилді (50 мг дозада) толбутамидпен (250 мг дозада) немесе варфаринмен (40 мг дозада) бір мезгілде қолданғанда, олардың екеуі де CYP2C9-бен метаболизденеді, айтарлықтай өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.

Силденафил ацетилсалицил қышқылын қабылдаудан туындаған қан кету уақытын ұлғайтуға ықпал етпейді.

Силденафил (50 мг дозада) қандағы алкогольдің орташа ең жоғары деңгейі 80 мг/дл кезінде алкогольдің гипотензиялық әсерін күшейтуге ықпал етпейді.

Гипертензияға қарсы дәрілік препараттармен (диуретиктер, бета-блокаторлар, АӨФ тежегіштері, ангиотензин II антагонистері, тамыр кеңейтетін және орталық әсер ететін гипертензияға қарсы дәрілік заттар, адренергиялық нейроблокаторлар, кальций өзекшесінің блокаторлары және альфа-адренорецепторлар блокаторлары) бір мезгілде қолдану жағымсыз әсерлер бейініндегі айырмашылықтарды анықтамайды. Артериялық гипертензиясы бар пациенттерде амлодипинмен силденафилді (100 мг дозада) бір мезгілде қолданғанда, силденафилді пайдалану кезінде байқалатын шамаға ұқсас, арқада жатып систолалық артериялық қысымның қосымша төмендеуі.

Силденафил тепе-тең жағдайларда (100 мг дозада) АИТВ протеаза тежегіштерінің, саквинавирдің және ритонавирдің фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді, олардың екеуі CYP3A4 субстраты болып табылады.

Бозентанмен бір мезгілде қолданған кезде силденафил бозентанның AUC және C max жоғарылауын тудырады.

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Ересектерде қолдану

Максигра® White препаратының ұсынылатын дозасы жыныстық қатынастан шамамен 1 сағат бұрын ішке 50 мг құрайды. Тиімділігін және жағымдылығын ескере отырып, доза 100 мг дейін арттырылуы немесе 25 мг дейін азайтылуы мүмкін. Ұсынылатын ең жоғары доза 100 мг құрайды.

Қабылдаудың ең жоғары ұсынылған жиілігі - күніне 1 рет.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде (≥65 жас) дозаны түзету талап етілмейді.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Бүйрек функциясының жеңіл және орташа бұзылу дәрежесінде (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) дозаны түзету талап етілмейді. Бүйрек функциясы ауыр бұзылған (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) пациенттерде силденафил клиренсінің төмендеуіне байланысты Максигра® White препаратын 25 мг дозада қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Препараттың тиімділігі мен жағымдылығына сүйене отырып, қажет болса дозаны кезең-кезеңімен 50 мг-ға және 100 мг-ға дейін ұлғайтуға болады.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде силденафил клиренсінің төмендеуіне байланысты (мысалы, цирроз) препаратты 25 мг дозада қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Препараттың тиімділігі мен жағымдылығына сүйене отырып, қажет болса дозаны кезең-кезеңімен 50 мг-ға және 100 мг-ға дейін ұлғайтуға болады.

Бала және жасөспірім пациенттер

Силденафил балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолданылмайды.

Басқа дәрілік заттарды қабылдайтын пациенттерде қолдану

Силденафилмен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайтын ритонавирді қоспағанда, препаратты CYP3A4 тежегіштерімен қатар ем алатын пациенттерде бастапқы 25 мг дозада қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.

Альфа-адреноблокаторлармен ем қабылдап жүрген пациенттерде, постуральді артериялық гипотензияның даму қаупін төмендету мақсатында, силденафилмен емдеуді бастамас бұрын альфа-адреноблокаторларды қабылдап жүрген пациенттердің жағдайын тұрақтандырған жөн. Бұдан басқа, силденафилді 25 мг дозадан бастап қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.

Енгізу жолы және тәсілі

Пероральді қолдану үшін. Таблеткаларды жұтар алдында шайнау керек.

Максигра ® White препаратын тамақпен бірге немесе онсыз қабылдауға болады. Дегенмен, тамақпен бірге қабылдаған жағдайда препараттың әсер ете бастауы үшін көбірек уақыт кетуі мүмкін.

Емдеу ұзақтығы

Дәрігердің нұсқауларына сәйкес.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Максигра® White препаратының жоғары дозаларын (200 мг) қабылдау препараттың тиімділігінің артуына әкелмейді, ол тек жағымсыз реакциялар (бас ауыру, гиперемия, бас айналу, диспепсия, мұрынның бітелуі және көру жүйкесінің бұзылуы) жиілігінің артуына әкеледі.

Артық дозаланған жағдайда стандартты симптоматикалық шараларды қабылдаған жөн. Гемодиализ силденафил клиренсін жеделдетпейді, өйткені силденафил қан плазмасының ақуыздарымен белсенді байланысады және несеппен шығарылмайды.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алған кезде қажетті шаралар

Өткізіп алған препараттың орнын толтыру үшін препараттың қосарлы дозасын қабылдауға болмайды.

Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Форма выпуска

Максигра® White 25 мг 1 немесе 2 таблеткадан ПВХ/ПТФЭ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

Максигра® White 50 мг және 100 мг 2 немесе 4 таблеткадан ПВХ/ПТФЭ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған қаптамаға салынады.

1 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден төмен температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Условия хранения

Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден төмен температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден төмен температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаМаксимум ақ шайнайтын таблеткалар 100 мг №2 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube