daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Актобе қаласындағы Вивайра Шайнайтын Таблеткалар 100 Мг №4 | Дженефарм С.А.

Актобе қаласындағы Вивайра Шайнайтын Таблеткалар 100 Мг №4 | Дженефарм С.А.

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Ақ түсті, үш бұрыш пішінді, екі жақ беті дөңес және бір жағында «50» таңбасы бар таблеткалар (50 мг доза үшін). Ақ түсті, үш бұрыш пішінді, екі жақ беті дөңес және бір жағында «100» таңбасы бар таблеткалар (100 мг доза үшін).

Международное наименование:

Силденафил

Производитель:

Дженефарм С.А.

Страна производитель:

Греческая Республика

Действующее вещество:

қосымша заттар: калий полакрилині, тазартылған су, калий гидроксиді немесе хлорсутек қышқылы, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, аспартам, натрий кроскармеллозасы, жалбыз хош иістендіргіші, лактоза моногидраты, повидон K-30.

Дозировка активного вещества:

100 мг

Количество в упаковке:

4 шт
...loading

Инструкция

Показания к применению

ВИВАЙРА, шайнайтын таблеткалар, 50 мг және 100 мг, қанағаттанарлық сексуалдық белсенділік үшін жыныс мүшесінің жеткілікті эрекциясына жетуге немесе оны сақтауға қабілетсіздікпен сипатталатын эректильді дисфункциясы бар ересек ерлерде қолданылады.

Препарат тек сексуалдық стимуляция болғанда ғана тиімді.

Противопоказания

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- азот тотығының донаторларымен (амилнитрит сияқты) немесе кез келген түрдегі нитраттармен бір мезгілде қабылдау

- ритонавирмен бір мезгілде қабылдау

- сексуалдық белсенділіктен бас тарту ұсынылған ерлерге (мысалы, тұрақсыз стенокардия немесе ауыр жүрек жеткіліксіздігі сияқты ауыр жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерге)

- осы көрініс алдыңғы ФДЭ-5 тежегішін қабылдаумен байланысты ма әлде жоқ па, оған қарамастан, генезі артериялық емес көру жүйкесінің алдыңғы ишемиялық нейропатиясы (NAION) салдарынан бір көзі көрмей қалған ерлерге

- ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі

- артериялық гипотензия (АҚ < 90/50 мм сын. бағ.)

- таяудағы инсульт немесе миокард инфарктісінің тарихы

- пигментті ретинит (retinitis pigmentosa) сияқты торқабықтың тұқым қуалайтын дегенерациялық зақымдануларының болуы (осы пациенттердің шағын бөлігінде торқабық фосфодиэстеразасының генетикалық бұзылулары болады)

- гуанилатциклаза стимуляторларымен (риоцигуат) бір мезгілде қолдану

- сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы кінәраттары, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар ерлерге

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

- әйелдер

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Препаратты тағайындау алдында эректильді дисфункцияны диагностикалау және оның ықтималды пайда болу себептерін анықтау үшін анамнез жинау және медициналық тексеру өткізуге кеңес беріледі.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Силденафилге басқа дәрілік заттардың әсері

Силденафил метаболизмі, ең алдымен, 3A4 (негізгі жол) және 2C9 (қосымша жол) изотүрлеріндегі P450 (CYP) цитохромы арқылы жүзеге асады. Осылайша, осы изоферменттердің тежегіштері силденафил клиренсін төмендетуі мүмкін, ал осы изоферменттердің индукторлары силденафил клиренсін арттыруы мүмкін.

Взаимодействие

Силденафилге басқа дәрілік заттардың әсері

Силденафил метаболизмі, ең алдымен, 3A4 (негізгі жол) және 2C9 (қосымша жол) изотүрлеріндегі P450 (CYP) цитохромы арқылы жүзеге асады. Осылайша, осы изоферменттердің тежегіштері силденафил клиренсін төмендетуі мүмкін, ал осы изоферменттердің индукторлары силденафил клиренсін арттыруы мүмкін.

Специальные указания

Жүрек-қантамыр ауруларының қауіп факторлары

Сексуалдық белсенділікпен байланысты жүрек бұзылуларының қаупі болатындықтан, эректильді дисфункцияның кез келген емін бастар алдында дәрігер пациенттің жүрек-қантамыр жүйесінің жай-күйін бағалауы тиіс. Силденафилдің тамырларды кеңейтетін қасиеттері бар, бұл артериялық қысымның жеңіл және орташа төмендеуіне әкеледі.

Осындай жай-күйлері бар пациенттерге силденафил тағайындау алдында дәрігер, әсіресе, сексуалдық белсенділікпен біріктірілімде тамыр кеңейтетін әсерлері сияқты теріс әсер ету мүмкіндігін мұқият тексеруі тиіс. Тамырларды кеңейтетін дәрілерге жоғары сезімталдығы бар пациенттерге сол жақ қарынша өткізгіштігінің қиындап кетуінен зардап шегетін (мысалы, қолқа стенозы, гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия) немесе қан қысымының автономды реттелісінің күрделі бұзылуы түрінде көрініс беретін көптеген жүйелік атрофияның сирек синдромы бар пациенттер де жатады.

Силденафил нитраттардың гипотензиялық әсерін күшейтеді.

Миокард инфарктісін, тұрақсыз стенокардия, жүректің кенет тоқтап қалуын, қарыншалық экстрасистолия, миға қан құйылу, уақытша ишемиялық шабуыл, гипертония мен гипотонияны қоса, күрделі жүрек-қантамырлық бұзылулар қатарына тән сиденафил қабылдаумен уақыттық байланыс білінді. Осы пациенттердің көпшілігінде, бірақ бәрінде емес бұрын жүрек-қантамыр ауруларының қауіп факторлары болды. Көптеген көріністер жыныстық қатынас кезінде немесе одан кейін көп ұзамай және жыныстық қатынастарсыз силденафил қабылдаудан кейін қысқа уақыт өткен соң бірнеше жағдайда орын алды. Бұл оқиғалардың осы немесе өзге факторлармен тікелей байланысты екендігін-еместігін анықтау мүмкін емес.

Приапизм

Силденафилді қоса, эректильді дисфункцияны емдеуге арналған препараттарды жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы (ангуляция, кавернозды фиброз немесе Пейрони ауруы) бар пациенттерге немесе приапизмге әкелуі мүмкін жай-күйлері бар пациенттерге (мысалы, орақ-жасушалы анемия, көптеген миелома немесе лейкемия) сақтықпен қолдану керек.

Силденафилге қатысты ұзаққа созылатын эрекция және приапизм туралы хабарланды. Эрекция 4 сағаттан көп сақталған жағдайда пациент дереу медициналық жәрдемге жүгінуі тиіс. Егер приапизм дер мезгілінде жүргізілмесе, бұл жыныс мүшесі тіндерінің зақымдануына және потенцияны қайтымсыз жоғалтуға әкелуі мүмкін.

ФДЭ-5 басқа тежегіштерімен немесе эректильді дисфункцияны емдеудің басқа әдістерімен бір мезгілде қолдану

Силденафилдің ФДЭ-5 басқа тежегіштерімен немесе құрамында силденафил бар өкпенің артериялық гипертензиясын емдеудің басқа әдістерімен (REVATIO) біріктірілімінің қауіпсіздігі мен тиімділігі немесе эректильді дисфункцияны емдеудің басқа әдістерімен біріктірілімінің қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген. Сондықтан осындай біріктірілімдерді қолдану ұсынылмайды.

Көруге әсері

Силденафил мен ФДЭ-5 басқа тежегіштерін қабылдаумен байланысты көрудің бұзылу жағдайлары хабарланды. Силденафил мен ФДЭ-5 басқа тежегіштерін қабылдаумен байланысты бақылау зерттеулерінде артериялық емес генездегі көру жүйкесінің алдыңғы ишемиялық нейропатиясының жағдайлары сирек аталды. Пациентті көру қабілетінің кенеттен бұзылуы жағдайында силденафил қабылдауды бірден тоқтату және дәрігерге дереу қаралу керектігін ескерткен жөн.

Ритонавирді бір мезгілде қолдану

Силденафилді ритонавирмен бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді.

Альфа-адреноблокаторларды бір мезгілде қолдану

Силденафилді альфа-адреноблокаторлармен бірге қабылдайтын пациенттерге сақтық шарасын қадағалау ұсынылады, өйткені бірге қабылдау кейбір сезімтал пациенттерде симптоматикалық артериялық гипотензияға әкелуі мүмкін. Бұл зор ықтималдықпен силденафил қабылдаудан кейін 4 сағат ішінде орын алуы мүмкін. Ортостаздық гипотензияның даму қаупін төмендету үшін силденафилмен емдеуді бастар алдында альфа-адреноблокаторлармен ем кезінде пациенттер гемодинамикалық тұрақтылыққа алдын ала жеткен жөн. Силденафилдің бастапқы дозасын 25 мг дейін азайту ұсынылады. Бұдан бөлек, дәрігер пациентке постуральді гипотензия симптомдары туындаған жағдайда жасалатын әрекеттер туралы нұсқау беруі тиіс.

Қан ұюына әсері

Адам тромбоциттерін пайдаланумен жүргізілген in vitro зерттеулері силденафилдің натрий нитропруссидінің агрегацияға қарсы әсерін күшейтетінін айғақтайды. Қан ұюының бұзылулары немесе белсенді пептидтік ойық жарасы бар пациенттерде силденафил қолдану қауіпсіздігі жөнінде мәліметтер жоқ. Осылайша, силденафил осындай пациенттерге пайдасы мен қаупін мұқият бағалаудан кейін ғана тағайындалу керек.

Әйелдер

Силденафил әйелдерде қолдануға арналмаған.

Қосымша заттар

Препарат құрамында лактоза бар. Препаратты сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылық кінәраттары, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактозалық мальабсорбциясы бар пациенттерге тағайындауға болмайды.

Педиатрияда қолдану

Препарат 18 жасқа толмаған пациенттерде қолдануға көрсетілмеген.

Жүктілік және лактация кезінде

Силденафил әйелдерге қолдану үшін көрсетілмеген.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Силденафил автокөлік және механизмдерді басқару қабілетіне мардымсыз әсерін көрсетуі мүмкін.

Препарат бас айналуын және көру қабілетінің бұзылуын туғызуы мүмкін. Дәрілік заттың жағымсыз әсерлерін ескеріп, пациенттер автокөлік рөліне отырмас бұрын немесе оны қабылдаудан кейін механизмдерді басқаруға кірісу алдында олар силденафилге қандай реакция беретінін алдын ала ойлауы тиіс.

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Ұсынылатын доза 50  мг құрайды және, қажет болса, сексуалдық белсенділікке дейін шамамен бір сағат бұрын қабылданады. Тиімділігі мен жағымдылығына қарай, қажет болса, дозаны 100 мг дейін арттыруға немесе 25 мг дейін төмендетуге болады. Ең жоғары ұсынылатын доза 100 мг құрайды.

Пациенттердің арнайы топтары

Балалар

Силденафил 18 жасқа толмаған адамдарда қолдануға арналмаған.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы (≥ 65 жас) пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Силденафил клиренсі бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде (мысалы, циррозда) төмен болғандықтан, 25  мг дозаны қарастыру ұсынылады. Тиімділігі мен жағымдылығына байланысты, қажет болса, дозаны 50 мг және 100 мг дейін біртіндеп арттыруға болады.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігінің жеңіл және орташа дәрежесінде (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) ұсынылған дозаны түзету қажет емес.

Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) силденафил клиренсінің төмендеуіне орай, 25 мг дозаны қарау ұсынылады. Тиімділігі мен жағымдылығына байланысты, қажет болса, дозаны 50 мг және 100 мг дейін біртіндеп арттыруға болады.

Басқа препараттар қабылдайтын пациенттерде пайдалану

Силденафилмен бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді болатын ритонавирді қоспағанда, силденафилдің бастапқы дозасын CYP3A4 тежегіштерімен қатарлас ем қабылдайтын пациенттер үшін 25 мг дейін азайту ұсынылады.

Постуральді гипотензияның даму мүмкіндігін азайту үшін альфа-адреноблокаторлар қабылдайтын пациенттерде силденафилді гемодинамиканың тұрақтануына жетуден кейін ғана қабылдауды бастау керек. Бұдан бөлек, силденафилдің бастапқы дозасын 25 мг дейін азайту ұсынылады.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылдау үшін.

Қабылдау уақытының көрсетілуімен қолдану жиілігі

Ең жоғары ұсынылатын қолдану жиілігі тәулігіне бір рет құрайды. Силденафилді ас ішумен бірге қабылдағанда препарат әсері, аш қарынға қабылдаумен салыстырғанда, кешігіп басталуы мүмкін.

Передозировка

Симптомдары: жағымсыз реакциялар жиілігі артады (бас ауыру, гиперемия, бас айналу, диспепсия, мұрын бітелісі, көру қабілетінің бұзылуы).

Емі: симптоматикалық. Гемодиализ силденафил клиренсін жеделдетпейді, өйткені соңғысы плазма ақуыздарымен белсенді байланысады және несеппен шығарылмайды.

Дәрілік заттың қолдану тәсілін түсініп алу үшін медициналық қызметкермен кеңесу жөніндегі нұсқаулар

Препаратты қолдану тәсіліне қатысты күдіктер білінгенде, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.

Форма выпуска

Алюминий фольгадан және ПВХ/ПТФХЭ үлбірінен жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 1 немесе 4 таблеткадан салады.

Пішінді ұяшықты 1 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Условия хранения

25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаВивайра шайнайтын таблеткалар 100 мг №4 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube