Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 100 мг немесе 300 мг ацетилсалицил қышқылы,
қосымша заттар: целлюлоза ұнтағы, жүгері крахмалы, эудрагит L30D, полисорбат 80, натрий лаурилсульфаты, тальк, триэтилцитрат.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек, екі беті дөңес, аздап кедір-бұдыр, таблетканың шетіне қарай ақ түсті, сынығында - бірдей түсті қабықпен қапталған ақ түсті біртекті масса (100 және 300 мг дозалар үшін).