Противопоказания
- будесонидке, формотеролға немесе лактозаға (оның құрамында сүт ақуызының аздаған мөлшері бар) жоғары сезімталдық
- 12 жасқа дейінгі балаларға
- будесонидке, формотеролға немесе лактозаға (оның құрамында сүт ақуызының аздаған мөлшері бар) жоғары сезімталдық
- 12 жасқа дейінгі балаларға
Фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер
CYP3A4 күшті тежегіштері (кетоконазол, итраконазол, вориконазол, посаконазол, кларитромицин, телитромицин, нефазодон, кобицистат және АИТВ протеаза тежегіштері) қан плазмасында будесонидтің деңгейін едәуір арттыруы мүмкін, сондықтан оларды бір мезгілде қолдануға жол бермеу керек. Егер бұлай мүмкін болмаса, өзара әрекеттесетін препараттарды қабылдау арасындағы аралықты барынша үлкен етіп белгілеу керек.
CYP3A4 күшті тежегіші, кетоконазол, тәулігіне бір рет 200 мг дозада плазмада бір мезгілде пероральді түрде қабылданған будесонидтің деңгейін (бірреттік 3 мг дозасы) орта есеппен алты есе арттырды.
Кетоконазолды будесонидтен кейін 12 сағаттан соң енгізген кезде концентрациясы орта есеппен тек үш есе артты, бұл енгізу уақыттарын бөлу плазмадағы деңгейінің артуын төмендетуі мүмкін екендігін көрсетті. Ингаляциялық будесонидтің жоғары дозаларының өзара әрекеттесуі туралы шектеулі деректер күніне бір рет 200 мг доза итраконазолды ингаляциялық будесонидпен (бір реттік дозасы – 1000 мкг) бір мезгілде енгізгенде плазмадағы деңгейінің едәуір жоғарылайтындығын (орта есеппен төрт есе) көрсетеді.
Құрамында кобицистат бар өнімдермен бірге емдеу жүйелік жағымсыз әсерлер қаупін арттырады деп күтіледі. Бұл біріктірілімге, егер кортикостероидтардың тек пайдасы жүйелік жағымсыз әсерлерінің жоғары қаупінен басым болмаса ғана, жол бермеу керек, және мұндай жағдайда пациенттер жүйелік кортикостероидтардың жағымсыз әсерлерінің бар-жоқтығына қатысты бақылануы тиіс.
Дозалау режимі
Бронх демікпесі
Буфомикс Изихейлер бронх демікпесінің бастапқы еміне арналмаған. Буфомикс Изихейлер препаратының компоненттері жекелей дозаланады және оны аурудың ауырлығына қарай түзету керек. Мұны препарат біріктірілімімен емдеуді бастағанда ғана емес, сонымен қатар демеуші дозаны түзеткенде де ескеру керек. Егер пациент жекелей ингалятордағы біріктірілімнен айырмашылықтары бар дозалар біріктірілімін керек етсе, жекелеген ингаляторлардағы β2-адренорецепторлар агонистерінің және/немесе кортикостероидтардың тиісті дозаларын тағайындау керек.
Дозаны ең төмен дозаға дейін титрлеу керек, мұндайда симптомдарды тиімді бақылау қамтамасыз етіледі. Буфомикс Изихейлер дозасы тиімді болуы үшін пациент препаратты тағайындаған медицина маманынан/дәрігерден ұдайы тексерілуден өтуі тиіс. Ұсынылатын ең төмен доза симптомдарды ұзақ уақыт бақылауға мүмкіндік берсе, келесі адым тек бір ғана ингаляциялық кортикостероидты сынауды қамтуы мүмкін.
Буфомикс Изихейлер препараты үшін емдеудің екі нұсқасы бар:
А. Демеуші ем: Буфомикс Изихейлер ұстамаларды басу үшін қысқа әсерлі жеке β2-адреностимулятормен біріктіріліп, тұрақты демеуші ем ретінде тағайындалады.
В. Буфомикс Изихейлер тұрақты демеуші ем ретінде де, сонымен қатар симптомдар пайда болғанда ұстамаларды басу үшін де тағайындалады.
А. Демеуші ем
Ұстамаларды басу үшін пациенттің үнемі өзімен бірге ұстайтын қысқа әсерлі β2-адреностимуляторы бар жеке ингаляторы болуы қажет.
Ұсынылатын дозалар:
Ересектер (18 жас және одан үлкен): тәулігіне екі рет 1-2 ингаляция. Кейбір пациенттерге тәулігіне екі рет 4 ингаляцияға дейін (ең жоғары доза) қажет болуы мүмкін.
Балалар
Жасөспірімдер (12-17 жас): тәулігіне екі рет 1-2 ингаляция.
Әдеттегі іс тәжірибеде, тәулігіне екі реттік режимде симптомдарды бақылауға қол жеткізген жағдайда, тиімді ең төмен дозаға дейін титрлеу Буфомикс Изихейлер препаратын тәулігіне бір рет қолдануды қамтуы мүмкін, препаратты жазып берген медицина маманының пікірі бойынша, бақылауды демеу үшін ингаляциялық кортикостероидтармен біріктірілген бронходилататор керек болады.
Тез әсер ететін бронходилататорды пайдаланудың көбеюі негізгі аурудың нашарлағанын айғақтайды және бронх демікпесін емдеуді қайта қарау қажеттілігін көрсетеді.
12 жасқа дейінгі балалар
Буфомикс Изихейлер 160 /4.5 мкг препараты 12 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды.
В. Буфомикс Изихейлер демеуші ем үшін және ұстамаларды басу үшін
Пациенттер Буфомикс Изихейлер препаратының күндізгі демеуші дозасын қабылдайды және ұстамалар туындағанда ол ем ретінде тағайындалуы мүмкін. Пациенттерге құтқаратын зат ретінде Буфомикс Изихейлер препаратын үнемі өзімен бірге ұстау қажеттілігі туралы алдын ала ескерту керек.
Буфомикс Изихейлер демеуші ем ретінде және ұстамаларды басу үшін әсіресе мына пациенттерде қолданылады:
• талапқа сай бақылауға қол жеткізе алмаған және жеңілдететін дәрілерді жиі қажет ететіндерде
• бұрын медициналық араласымды қажет ететін бронх демікпесінің өршулері болғандарда.
Ұстамаларды басу үшін ингаляцияның көбірек санын пайдаланатын пациенттерде дозамен байланысты жағымсыз әсерлерді мұқият бақылау қажет болады.
Ұсынылатын дозалар:
Ересектер және жасөспірімдер (12 жас және одан үлкен): ұсынылатын демеуші доза тәулігіне 2 ингаляцияны немесе таңертең және кешке бір ингаляциядан немесе, таңертең немесе кешке екі 2 ингаляцияны құрайды. Кейбір пациенттер үшін адекватты демеуші доза тәулігіне екі рет екі ингаляциядан болуы мүмкін. Пациенттер симптомдардың пайда болуына жауап беру қажеттілігіне қарай қосымша 1 ингаляция жасауы тиіс. Егер симптомдар бірнеше минуттан соң жоғалмаса, тағы да бір ингаляция жасау керек. Әрбір жекелеген жағдайда 1 ұстаманы басу үшін 6 ингаляциядан арттырмауға жол беріледі.
Жалпы тәуліктік 8 ингаляциядан аспайтын доза әдетте қажет болмайды, алайда шектеулі кезең ішінде жалпы тәуліктік доза 12 ингаляцияға дейін пайдаланылуы мүмкін. Тәулігіне 8 ингаляциядан көбірек жасалатын пациенттерге дәрігерге қаралу табанды түрде ұсынылады.
Оларға қайтадан тексеру жүргізу және демеуші ем қолдануды қарастыру керек.
Балалар
12 жасқа дейінгі балалар
12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге демеуші ем үшін және ұстамаларды басу үшін ұсынылмайды.
Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА)
Ұсынылатын дозалар:
Ересектер: тәулігіне екі рет 2 ингаляция.
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Наш сайт предлагает Вам возможность приобрести “Буфомикс Изихейлер ингаляцияға арналған ұнтақ 160 мкг / 4,5 мг 60 доза” в аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.