Қолдану көрсеткіштері
Ципрофлоксацинге сезімтал микроорганизмдер туғызған асқынып кетпеген және асқынып кеткен инфекциялар:
Ересектер
- ЛОР-мүшелер инфекциялары (ортаңғы отит, оның ішінде созылмалы іріңді ортаңғы отит, гайморит, фронтит, мастоидит, тонзиллит)
- сыртқы қатерлі отит
- Klebsiella spp., Enterobacter spp., Proteus spp., Esherichia coli, Pseudomonas spp., Haemophilus spp., Branhamella spp., Legionella spp., Staphylococcus spp. грам-теріс бактериялары туғызған төменгі тыныс жолдарының инфекциялары (өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының, муковисцидоз кезіндегі немесе бронхоэктаздар кезіндегі бронх-өкпе инфекциясының өршуі, пневмония)
- созылмалы синуситтің, әсіресе, грам-теріс бактериялар туғызған жедел өршуі
- несеп шығару жолдарының инфекциялары (гонококк туғызған уретрит және цервицит, оның ішінде грам-теріс бактериялар туғызған)
- Neisseria gonorrhoeae туғызған жыныс жолымен берілетін инфекциялар (соз, жұмсақ шанкр, урогениталий хламидиозы)
- эпидимит-орхит, оның ішінде Neisseria gonorrhoeae туғызған жағдайлар
- әйелдерде кіші жамбас ағзаларының қабынуы (кіші жамбастың қабыну аурулары), Neisseria gonorrhoeae туғызған жағдайларды қоса
- құрсақ қуысының инфекциялары (АІЖ немесе өт шығару жолдарының бактериялық инфекциялары, перитонит)
- терінің, жұмсақ тіндердің инфекциялары
- септицемия, бактериемия, инфекциялар немесе иммунитеті әлсіреген пациенттердегі инфекциялар профилактикасы (мысалы, иммунодепрессанттар қабылдап жүрген немесе нейропения бар пациенттерде)
- инвазиялық инфекциялар профилактикасы, Neisseria meningitides туғызған жағдайларды қоса
- сібір ойық жарасының өкпедегі түрінің (Bacillus anthracis инфекциясын жұқтырған) профилактикасы және емдеу
- сүйектер мен буындар инфекциялары
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар және жасөспірімдер
- муковисцидоз бар 6 жастан үлкен балаларда Pseudomonas aeruginosa туғызған асқынуларды емдеуде
- несеп жолдарының күрделі инфекциялары және пиелонефрит
- сібір ойық жарасының (Bacillus anthracis инфекциясын жұқтырған) өкпедегі түрінің профилактикасы және емдеу
Ципролетті, бұл қажет болып саналған жағдайларда, балалар мен жасөспірімдердегі ауыр инфекцияларды емдеуге де қолдануға болады.
Емдеуді балалар мен жасөспірімдердегі кисталық фиброз және/немесе ауыр инфекцияларды емдеу тәжірибесі бар дәрігер ғана бастауы тиіс.