Қолдану көрсеткіштері
Флуконазол-ТК ересектердегі мынадай ауруларды емдеуге қолданылады:
криптококкты менингитті;
кокцидиоидомикозды;
инвазивті кандидозды;
шырышты қабықтардың кандидозын, соның ішінде орофарингеальді кандидоз, өңеш кандидозы, кандидурия және созылмалы тері-шырышты қабық кандидозы;
ауыз қуысының гигиенасын сақтау немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болғандағы ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозын (тіс протезін қолданумен байланысты);
жедел немесе қайталанған қынаптық кандидозды (жергілікті ем қолданылмайтын кезде);
кандидоздық баланитті (жергілікті ем қолданылмайтын кезде);
дерматомикоздарды, оның ішінде табан дерматофитиясын, түрлі-түсті теміреткіні және терінің кандидоздық инфекцияларын (жүйелі емдеу көрсетілген кезде);
тырнақ дерматофитиясын (онихомикозды) (басқа препараттармен емдеуге болмайтын кезде).
Флуконазол-ТК ересектердегі мынадай аурулардың профилактикасына қолданылады:
- қайталанулар қаупі жоғары пациенттерде криптококкты менингит қайталанулары;
- олардың қайталану қаупі жоғары АИТВ инфекция жұқтырған пациенттерде орофарингеальді кандидоз және өңеш кандидозының қайталанулары;
- қынаптық кандидоздың қайталану жиілігін азайту (жылына 4 немесе одан көп эпизодтар);
- ұзаққа созылатын нейтропениясы бар пациенттердегі (химиялық емнен өтетін гемобластоздары бар пациенттер немесе гемопоэздік дің жасушалары трансплантациясы жасалған пациенттер) кандидоздық инфекциялар профилактикасы;