Қолдану көрсеткіштері
Ересектер:
- гастроэзофагеальді рефлюкс ауруында (ГЭРА) (эрозиялы рефлюкс-эзофагитті емдеу үшін, рефлюкс-эзофагит жазылғаннан кейін қайталануының алдын алу үшін ұзаққа созылатын демеуші ем), гастроэзофагеальді рефлюкс ауруының симптоматикалық емі үшін
- Helicobacter pylori эрадикациясы және Helicobacter pylori астасқан он екі елі ішектің ойық жарасының жазылуы үшін, Helicobacter pylori астасқан ойық жарасы бар пациенттерде пептидті ойық жараның қайталануының профилактикасы үшін тиісті бактерияға қарсы емдеу сызбаларымен біріктірілімде
- ҚҚСП емді жалғастыруды қажет ететін пациенттер (ҚҚСП емдеумен байланысты асқазан ойық жараларының жазылуы; қауіп тобындағы пациенттерде ҚҚСП еммен байланысты асқазан және он екі елі ішек ойық жарасының профилактикасы)
- Золлингер-Эллисон синдромы