Показания к применению
Candida тектес зеңдерден туындаған ересектердегі қынаптың зең аурулары.
Candida тектес зеңдерден туындаған ересектердегі қынаптың зең аурулары.
- клотримазолға және/немесе препараттың кез келген қосымша компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
- жүктіліктің бірінші триместрі
- етеккір кезеңі
- 16 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Клотрим препаратын қабылдар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
Клотрим препаратын қабылдар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
Зертханалық тесттер көрсеткендей, бірге қолданған кезде клотримазол латексті контрацептивтерді зақымдауы мүмкін. Сәйкесінше, мұндай контрацептивтердің тиімділігі төмендеуі мүмкін. Осылайша, пациент әйелдерге клотримазолдың қынаптық таблеткаларын қолданғаннан кейін кем дегенде 5 күн ішінде қаланбаған жүктіліктен сақтанудың баламалы шараларын қолдануды ұсынған жөн.
Клотримазолды қынаптық таблеткалармен және пероральді такролимуспен бір мезгілде қолдану (иммунодепрессанттар тобының препараттары; FK-506) плазмадағы такролимус деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Осылайша, такролимус немесе сиролимус белгілерін уақытылы анықтау үшін пациент әйелдер өздерінің хал-жағдайын мұқият қадағалап, қажет болған жағдайда плазмадағы препараттардың деңгейін анықтаған жөн.
Арнайы ескертулер
Өмірінде алғаш рет қынаптық кандидоздың белгілері пайда болған кезде пациент әйелдің дәрігерге қаралуы керек. Сондай-ақ, келесі жағдайларда клотримазолмен емдеуді бастамас бұрын пациент әйелдің дәрігермен кеңесуін ұсынған жөн:
- егер соңғы алты ай ішінде кандидозды вагинит екі реттен көп дамыса;
- пациент әйелде немесе жыныстық жұптасында бұрын жыныстық жолмен берілетін инфекциялар болса;
- пациент әйел жүкті болса немесе жүктілікке күмәнданса;
- имидазолға немесе қандай да бір басқа зеңге қарсы затқа аса жоғары сезімталдығы болса.
Препаратты мынадай симптомдар болған кезде қолдануға болмайды және дереу дәрігерге қаралу керек:
- жыныс жолдарынан ретсіз қан кетулер немесе қынаптан бөлінетін қанның боялуы болса;
- вульва, қынап аймағында жаралар, ойық жаралар, күлдіреген жерлер болса;
- іштің төменгі бөлігінде ауырсыну сезімі, несеп шығару кезінде жайсыздық сезімі пайда болса;
- емдеу кезінде жыныс аймағында қызару, қышу, тітіркену, ісіну сияқты жағымсыз реакциялар пайда болса;
- қызба немесе қалтырау, жүрек айну немесе құсу, диарея;
- қынаптан жағымсыз иіс шықса.
Егер клотримазолдың қынаптық таблеткаларын пайдаланған соң бір аптадан кейін кандидоздық инфекцияның симптомдары жойылмаса, пациент әйелдерге өздерінің емдеуші дәрігерімен кеңесуге ұсыну керек. Егер курс аяқталғаннан кейін 7 күн өткен соң кандидоздық инфекцияның белгілері қайта пайда болса, клотримазолмен емдеу курсын қайталауға болады. Егер кандидоздық инфекция алты ай ішінде екі реттен артық қайталанса, пациент әйелдердің өз дәрігерімен кеңесуі керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүкті әйелдердің клотримазолды қолдануы туралы шектеулі мәліметтер бар. Клотримазолмен жануарларда жүргізілген зерттеулер жоғары пероральді дозаларда репродуктивтік уыттылығын көрсетті. Клотримазолдың қынаптық емдеудегі жүйелік әсерінің төмен болуына байланысты репродуктивті функцияға уытты әсер ету түріндегі зиянды әсерлер күтілмейді. Клотримазолды тек дәрігердің немесе акушердің бақылауымен жүктілік кезінде қолдануға болады.
Емшек еметін бала үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Емшекпен емізуді тоқтату немесе клотримазолмен емдеуден тартыну/тоқтату туралы шешімді бала үшін емшекпен емізудің артықшылықтарын және анасы үшін клотримазолмен емдеудің артықшылықтарын ескере отырып қабылдау керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе болмашы әсер етеді.
6 немесе 10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Наш сайт предлагает Вам возможность приобрести “клотрим қынаптық таблеткалар 100 мг №10” в аптеках городв . по доступным ценам. Удобное сопоставление стоимости, а также проверка доступности в аптеках. Информация о товаре включает в себя детальные инструкции и рекомендации по применению.