Қолдану көрсеткіштері
Ламизил кремі ересектер мен 12 жастан асқан балаларға қолдануға арналған:
- Trichophyton (мысалы, T. rubrum, Т. mentagrophytes, Т. verrucosum, Т. violaceum), Microsporum Canis және Epidermophyton floccosum сияқты дерматофиттерден туындаған терінің зеңдік зақымдануы, мысалы табан дерматомикоздары, аяқ-қолдың тегіс терісінің микоздары
- Pityrosporum orbiculare (Malassezia furfur деген атпен де белгілі) туындаған кебек тәрізді (түрлі-түсті) теміреткі (Tinea versicolor)
- негізінен Сandida (Candida albicans) тектес ашытқы зеңдерінен туындаған терінің зеңдік инфекциясы (кандидоз).