Қолдану көрсеткіштері
Препарат паразитке қарсы және бактерияға қарсы әсер көрсетеді.
Көрсеткіштер метронидазолға сезімтал микробтар тудыратын инфекциялармен шектеледі:
урогенитальді трихомониазда
этиологиясы анықталмаған вагинитте
лямблиозда
амебиазда
препаратқа сезімтал микроорганизмдерден пайда болған анаэробтық инфекцияларда
метронидазолға сезімтал анаэробтық микроорганизмдерден пайда болған хирургиялық инфекцияларды емдеу
Бактерияларға қарсы препараттарды тиісінше қолдануға қатысты жергілікті ресми нұсқауларды ескеру қажет.